4. Пәннің құрылымы мен мазмұны
Баяндау, анализ, синтез, сұрақ-жауап, интерактивті, көрнекілік (суреттер, кестелер, әлем тілдері картасы, дүние жүзі және тілдік семьялар карталары), ТОҚ, оқытудың жаңа әдістері.
Апта
|
Дәріс
|
Семинар/практикалық сабақ
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1 – модуль. Әдебиеттану ғылымына кіріспе
|
1-апта
|
Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе
Әдістері: дәріс- баяндау
|
Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе
Әдістері: топтық жарыс
|
Тақырыбы: Суреткер табиғаты
|
Тақырыбы: Алғашқы әдеби-эстетикалық ой-толғамдар
|
2-апта
|
Тақырыбы: Көркем шығарма
Әдістері:дәріс-баяндау
|
Тақырыбы: Көркем шығарма
Әдістері:сұрақ-жауап
|
Тақырыбы:
Тақырып пен идея
|
Тақырыбы: Жанр түрлеріндегі сюжет мәселелері.
|
2-модуль. Әдебиеттің эстетикалық әлемі
|
3-апта
|
Тақырыбы: Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы
Әдістері:дәріс-баяндау
|
Тақырыбы: Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы
Әдістері: ізденушілік жұмыстар
|
Тақырыбы: Сюжетті және сюжетсіз шығармалар.
|
Тақырыбы:
А.Н.Веселовский. Сюжеттер поэтикасы. // 119-126 беттер.
|
4-апта
|
Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары.
Әдістері:сызба бойынша түсіндіру
|
Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары.
Әдістері: сызбалармен жұмыс
|
Тақырыбы:
Әдеби мінездеудің түрлері / тура және жанама мінездеу/ және олардың характерді айқындаудағы мәні.
|
Тақырыбы:
P.Нұрғали. Әдеби бейне.
|
5-апта
|
Тақырыбы: Көркем шығарманың тілі
Әдістері:дәріс-дәлелдеме
|
Тақырыбы: Көркем шығарманың тілі
Әдістері: сұрақ-жауап
|
Тақырыбы:
М.Мақатаев поэзиясының тілі.
«Ер Тарғын» жырындағы және қазіргі қазақ поэзиясындағы эпитет пен теңеулер.
|
Тақырыбы:
Әдеби троптар. (Ф.Оңғарсынова, А.Бақтыгереева, Т.Айбергенов шығармалары бойнша)
Эпитет, теңеу, метафора, символ т.б.
|
3 – модуль. Әдебиеттану ғылымы
|
6-апта
|
Тақырыбы: Поэтикалық фигуралар. Әдістемесі:дәріс-сұрақ-жауап
|
Тақырыбы: Поэтикалық фигуралар. Әдістері: сайыс түрінде
|
Тақырыбы: 1.Поэтикалық фигуралардың идеялық-көркемдік қызметі (Қ.Мырзалиев, М.Шаханов поэзиясы мысалында).
2.Аллитерация мен ассонанс.
|
Тақырыбы:
Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу.
|
7-апта
|
Тақырыбы: Өлең құрылысы.
Әдістері:дәріс-сұрақ-жауап
|
Тақырыбы: Өлең құрылысы.
Әдістері: жұптық жұмыс
|
Тақырыбы:
Өлең құрылысына талдау. Қазіргі қазақ поэзиясының өкілдері: Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Әдірашев, Ұ.Есдаулетов т.б шығыармашылығы негізінде.
|
Тақырыбы:
Аристотель. Поэзия өнері туралы.
|
8-апта
|
Тақырыбы: Әдеби процесс
Әдістері:дәріс-дәлелдеме
|
Тақырыбы: Әдеби процесс
Әдістері: жарыс түрінде
|
Тақырыбы:
А.Байтұрсынов.Жазу әдебиеті.
|
Тақырыбы:
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
|
4 – модуль. Көркем әдебиеттің табиғаты
|
9-апта
|
Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері.
Әдістемесі: дәріс-баяндау
|
Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері.
Әдістері: талдау жұмыстары
|
Тақырыбы:
Ш.Уалиханов. Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде.
|
Тақырыбы:
С.Мақпырұлы. Лирикалық жанрлар.
|
10-апта
|
Тақырыбы: Эпикалық тек
Әдістері:дәріс- сұрақ-жауап
|
Тақырыбы: Эпикалық тек
Әдістері: сұрақ-жауап
|
Тақырыбы:
Роман жанрының поэтикасы.
Эпопея. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы.
|
Тақырыбы:
А.Байтұрынов. Сындар дәуірі.
|
11-апта
|
Тақырыбы: Көркемдік әдіс.
Әдістері:дәріс-сұрақ-жауап
|
Тақырыбы: Көркемдік әдіс.
Әдістері: таблица-схема
|
Тақырыбы:
Романтизмнің әлемдік әдебиеттегі көрінісі
|
Тақырыбы:
Н.Я.Берковский. Романтизм және оның түп тамырлары туралы.
|
12-апта
|
Тақырыбы: Реализм әдісі.
Әдістері:дәріс-әңгімелеу
|
Тақырыбы: Реализм әдісі.
Әдістері: сұрақ-жауап
|
Тақырыбы:
Реализм мен романтизмнің өзіндік ерекешеліктері
|
Тақырыбы:
И.Н.Розанов. Дәуір ырғағы. Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері.
|
13-апта
|
Тақырыбы: Әдеби ағым-бағыттар ерекшелігі. Әдістері:дәріс-талқы
|
Тақырып: Әдеби ағым-бағыттар Әдістері: сайыс сабақ
|
Тақырыбы:
Қазақ әдебиеттері тарихындағы әдеби ағым-бағыттар мен мектептер
|
Тақырыбы:
Әбунәсір Әл-Фараби. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат.
|
14-апта
|
Тақырыбы: Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселесі.
Әдістері: дәріс-талқы
|
Тақырыбы: Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. Әдістері: конспект түрінде
|
Тақырыбы:
Қ.Мәшһүр-Жүсіп. Стиль және бейнелілік.
|
Тақырыбы:
Қ.Жұмалиев стиль туралы
|
15-апта
|
Тақырыбы: Қазақ әдебиеттану ғылымын зерттешілердің ғылыми еңбектеріне жалпылама шолу
Әдістері: сызба бойынша түсіндіру
|
Тақырыбы: Қазақ әдебиеттану ғылымын зерттешілер
Әдістері: ойталқы
|
Тақырыбы:
Т.Кәкішұлы. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар.
|
Тақырыбы:
Е.Тілешов. Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық.
|
Негізгі әдебиеттер тізімі
Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1979.
Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. М., 1975.
История эстетики. Памятники мировой эстетической мысли. М., 1967.
Гегель Г.В. Эстетика. 1-4 Т. М., 1968.
Поспелов Г.Н. Искусство и эстетика. М., 1984.
Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы: Оқу құралы. А., 2001.
Ислам. Энциклопедиялық сөздік. А., 1991.
Асқарова Л., Исмағамбетова З. Ежелгі шығыстың рухани қайнарлары. А., 1998.
Егеубаев А. Кісілік кітабы. А., 1998.
Борев Ю. Эстетика. Ростов на Дону. 2004.
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. 2 томдық. 1-том. – Алматы. –ҚазАқпарат, 2018. – 646 бет.
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. 2 томдық. 2-том. – Алматы. –ҚазАқпарат, 2019. – 658 бет.
Потебня А. Теоретическая поэтика. – Москва: Высшая школа, 1990.
Винокур Г.О. Филологические исследования. – Москва: Наука, 1990
Жирмунский В.М. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –Ленинград: Наука, 1977.
Виноградов В.В. 21. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. Москва: АН СССР. 1963.
Нұрғали Р. Телағыс. Әдеби дәстүр мен әдеби даму. – Алматы: Жазушы, 1986.
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001.
Крупчанов Л.М. Теория литературы: учебник. – Москва. Флинта: Наука, 2012. – 360 стр.
Плешкова О.И. Теория литературы и практика читательской деятельности. Учебн. Пособие. 2-изд. – Москва. Флинта: Наука, 2016.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. А., 1969.
Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, 2004
Ванслов В.В. Содержание и форма в искусстве. Москва, 1956
Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік арналары. Астана, 2001.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. А., Жазушы, 1985
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. А., Қазақ энциклопедиясы. 1995.
Кәкішев Т. Оңаша отау. А., Жазушы, 1982.
Дала уалаятының газеті. Әдеби нұсқалар. А., Ғылым , 1989.
Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. А., Ғылым, 1982.
Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі (Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі. 1900-1940, 88-159-б). Қ., 2005
Белинский В. Разделение поэзии на роды и виды. М., 1978. т.3
Хализев В. Теория литературы. М., 2002
Нұрғалиев Р. Прозадағы драматизм \\Өнердің эстетикалық нысанасы. А., 1979;
Нургали Р. Движение жанров \\Вопросы литературы. М., 1980.
Базарбаев М. Казахская поэзия: художественные искания. А., 1995.
Есембеков Т. Драматизм и казахская проза. А., 1997.
Белинский В.Г. Полн. собр. соч.: В 13т. М., 1954.Т.5.
Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. Алматы: Ғылым, 1976.
Лизунова Е.В. Роман және замандас бейнесі \\ Кітапта: Жанр және шеберлік. Алматы: Ғылым, 1968.
Зелькина О.С. Математические аналоги как выражение одной из форм развития в неживой природе\\ Проблемы структуры в научном познании. Саратов, 1965.
Чичерин А.В. Возникновение романа-эпопея. Москва: Гослитиздат, 1958.
Бабенко Л.Г. Филологический анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. Москва: Академический проект, 2004.
Нұрғалиев Р. Өнердің эстетикалық нысанасы. А., 1979.
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996.
Рақымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. А., 1997.
Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты. Алматы, 2012.
Волков И.Ф. Творческие методы и художественные системы. М., 1989.
Уэллек Р., Уоррен О. Теория литературы. М., 1978.
Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. А., 1997.
Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1992
Әуезов М. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі \\ Әлем альманағы. Алматы, 1991.
Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы \\ Бес арыс. Алматы, 1992.
Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. Алматы, 1960.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том, 1 т. Алматы, 1967.
Базарбаев М. Казахская поэзия: художественные искания. Алматы, 1995.
Кәрібаева Б. Қазақ лирикасының қайнары \\ «Қазақ әдебиеті» газеті, 7.05.1993.
Бушмин А. Преемственность в развитии литературы. Ленинград, 1978.
История всемирной литературы в 8-и томах. Т.6. Москва, 1989.
Тілешев Е. Суреткер және көркемдік әдіс. Алматы, 2005.
Чудаков А.П. Повествование \\ Краткая литературная энциклопедия. М., 1968.
Лотман Ю. Структура художественного текста. М., 1970.
Есембеков Т. Әдеби талдауға кіріспе. Қ., 1991.
Нұрғали Р. Әдебиеттану мен сын. Кітапта: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. А., Қазақпарат, 2005.
Бердибаев Р. Проблемы казахского литературоведения \\ Советкая тюркология. 1983.№4. с. 39-43.
Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. А., 2003.
Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. А., 1983.
Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2002.
Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. А., 2009.
Крупчанов Л.М. Теория литературы: учебник. – Москва. Флинта: Наука, 2012. – 360 стр.
Плешкова О.И. Теория литературы и практика читательской деятельности. Учебн. Пособие. 2-изд. – Москва. Флинта: Наука, 2016.
Головко В.М. Герменевтика литературного жанра: учебн.пособие. 2-изд. – Москва. Флинта: Наука, 2013. – 184 стр
Кәкішев Т: Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы, 1994ж.
Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, - Астана, 2003ж
Гуляев Н.А. Теория литературы. – Москва, 1978г.
Тюпа В.И. Аналитика художественного: Введение в литературоведческий анализ. М., 2001
Эсалнек А.Я. Основы литературоведения. Анализ художественного произведения: уч. Пос., 2-е изд. М., 2003.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1998.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;
6. Дәрістер кешені
№1. Тақырып: Әдебиеттану ғылымына кіріспе
1. Әдебиет дегеніміз не?
2. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.
3. Суреткер табиғаты
4. Әдебиет – қоғамдық сана (Әдебиеттің халықтығы)
Дәрістің мақсаты: Ұлт әдебиетінің тарихи бастаулары ежелгі дәуір мұраларымен сабақтастықта зерттеу бағытындағы келелі істердің рухани түлеудегі кемел маңызы филология ғылымы, соның ішінде қазақ фольклористикасының озық әдістер ұстанып, кешенді зерттеулер жүргізу барысында соны сипатқа ие болуы.
Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Әдебиеттануға кіріспе пән арқыл әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, алғашқы түсініктер талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Әдебиет туралы ғылым негізгі үш түрлі салаға бөлінеді: әдебиет тарихы, әдебиет теоиясы, әдебиет сыны. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың прициптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс меселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясыан ғана танып-біле алады.
Көркем әдебиет өзінің қандай күйде екенін сыны арқылы ғана көре алады. «Сын - әдебиеттің өзін-өзі тану құралы» (Белинский). Әдеби сын көркем әдебиет пен бірге пайда болып, онымен бірге дамиды. Әдебиеттің ілгерілеуіне алғышарттар, жағдайлар жасап, жақсысын асырып, жаманына шырылдап, ылғи да басы-қасында бәйек болып жүретін» де осы сын.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болады.
Әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан – сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Әдебит дегеніміз не? Әдебиет - өнер. Өнердің түрі көп, кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері т.б. Ал әдебиет қандай өнер? Әдебиет – сөз өнері. Әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрлылыс материалы» (Федин).
№2. Тақырыбы: Көркем шығарма
1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түінік
2. Тақырып пен идея
Дәрістің мақсаты: Қоғамдық сананың бір көрінісі ретіндегі көркем шығармашылықтың табиғатын ашу, оның болмысты бейнелеудегі, адамның идеялық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін айқындау
Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кезкелген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін бір-бірімен тығыз бірлікте. Мазмұнсыз пішін, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің сыртқы қасиеті, осының ішкі қасиеті, анықтамасы, ол пішін.
Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі.
Сонымен әдебиттегі шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына , тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы суретті сөзі, яғни көркм шығарманың тілі. Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Көркем шығарманың туу процесі тақырыптан басталады. Суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал тақырып табу – бір күннің әрекеті емес, творчестволық процестің (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған мат-да жазу) барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Сонымен жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап, өзінің көркем шығармасына негіз арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын, көзқарасын білдіреді.
Сонда, тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы деуге болады.
№3. Тақырыбы: Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы
1. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы
2. Сюжеттік элеметтер немесесюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: |