Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тарихи жыр мен тарихи өлеңнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары



бет35/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Тарихи жыр мен тарихи өлеңнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Қазақтың эпикалық туындыларының үлкен бір саласын тарихи жырлар құрайды. Сондай-ақ, фольклортану ғылымында бір-бірінен біршама айырмашылықтары бар тарихи жырлар мен тарихи өлеңдер қаһармандық эпостың аясында қаралатынын атап өту керек, яғни: «тарихи өлеңдер (Б.Н.Путиловтың тарихи өлең мен жырларды біріктіріп «тарихи өлең» терминін қолданғанын атап өту керек) классикалық эпостан дербес жанр ретінде бөлініп шыққан». «Тарихи оқиғаларды, аңыздарды эпикалық дәстүрмен насихаттау ниетінен туған жырлар өз алдына бір сала. Бұларда тарихи істердің желісі сақталып, негізгі белес оқиғалар, белгілі адамдар сөз болып отырады.
Діни дастандар. Ерекшеліктері. Тарихи негіздері («Дариға», «Зарқұм» т.б.)
Діни дастандардың басым көпшілігі екі нұсқада кезігеді. «Жүсіп-Зылиха» - 3 вариант, «Зарқұм» - 2 вариант, «Расул Алланың миғражға қонақ болғаны» - 3 вариант, «Дариға қыз» - 2 вариант, «Кербала шөлінде» - 2 вариант, «Киік» - 2 вариант, «Қубас» - 2 вариант. Кейбір жырлардың аталарында айтарлықтай өзгерістер бар. Мәселен, «Дариға қызды» жырлаушы Мәулекей ақын болса, Жүсіпбек жырлаған нұсқасы «Шаһизинда» деп аталады. Мұндағы Шаһизинда - Әзірет Әлидің баласы Мәдінің аты. Дәл осындай көрініс «Қубас» дастанына да қатысты. Бұл жырдың Мәулекей ақын жырлаған нұсқасы – «Жұмжұма». Пікіріміз дәлелді болу үшін мәтіннен мысал келтірейік: «Қубаста»:
Бөксесі жоқ, кеудесі жоқ қубас жатыр,
Жарымы су, жарымы құм болып жатыр.
Адамның басы екенін білгеннен соң
Асасымен көтерді Ғайса батыр.

Әдебиеттер


1. Елеусізов ҂. ДанаЫар қалдырған мұра. Алматы: Жібев жолы, 2004.
2. Әбдуов М. Діни эпостард0ғы варианттылық. қазақ тілі мен әдебиеті. №1, 200&.
3. Көшекоаа А. ТарШхи жырлардағы ат бейнесі. Қазақ тілі мен әдебиеті. №12, 2006.
4. Қойгелдиева З. Тарихи жыр, жаНрлық ерекшеліктері Шен қоғамдық, әлеуметтік мәні. Қазақ тілі мен әдебиСті. №6, 2002.
5модуль: Айтыс. Фольклор мен әдебиет. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.
12 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет