Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару


Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары



бет29/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары :

  • елдің несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару

  • өзіне бағынышты мекемелер ақылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік ретттеудің әдістерінің формаларын талдау

  • банк ісін бақылау және қадағалау

  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау

  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық аясатын жүргізу

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады

  • меншікті қаражаттары

  • басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар

  • ҚР-нан тыс жерлерден тартылған қаражаттар

2 сұрақ.

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ережесі анықталады.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президентің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің 2 өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:


  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісінен қатысты нормативтік актілерді бекітеді

  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді.

  • Ұлтық банкінің банктермен және ҚР-ң бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді

  • ҚР-ң валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді

  • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді

  • Ұлттық банкінің жұмыс туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады

  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк депертаменттерінің директорларны тағайындайды

Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына 1 рет өткізіледі. Ұлттық банк төрағаыс ҚР Президентінің ұсынуымен 6 жылға сайланады. Ұлттық банк өрағасы Ұлтық банк атына және сенімхатсыз мемлекттік ргандармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа да ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

Ұлттық банк төрағаыс Президентке 2 ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады. Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағаыс арқылы Президентке 2 ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.

Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және депертамен директорлары кіреді. Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.



3 сұрақ.
Ұлттық банк «ҚР Ұлттық банкі туралы» заңға сәйкес мынадай қызметтер мен оперцияларды орындайды :

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады

  • кепіл берушісі Үкімет болып табылатын ҚР-ң ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады

  • ҚР-сы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді

  • ҚР-сы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді

  • Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы

  • Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді

  • ҚР-нда валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы

  • Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілерді шығарады, олардың орындалуын бақылайды

  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы

  • Коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды

  • Коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді

  • Банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

  • қысқа мерзімді қарыздар береді

  • Банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

Ашық нарықтағы операциялар – Орталық банкпен 2-ші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақстаныда бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет