Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет50/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

Халықаралық валюталық нарығы

Алтын – девиздік стандарт азайтылған түрінде болса да сақталды: алтынды әр түрде пайдалану жалғасты. Доллармен бірге резервтік валюта ролін ағылшынның фунт стерлиннгі атқара алды, бірақ негізінде долларлық стандарт белгіленеді. Себебі доллар алтынға айырбасталатын бірден – бір валюта болды.

Бреттон –Вудс жүйесінің басты ерекшелігі тіркелмелі валюталық курс жүйесіне көшу болды , олар белгіленген шектен аз мөлшерде ауытқи алды.

Сонымен қатар екі валюталық – қаржылық және несиелік ұйымдар құрылады – Халықаралық валюталық қор және Халықаралық қайта құру және даму банкі. Олар мүше елдерге төлем балансының жетімсіздігі жағдайы туындағанда және ұлттық валюта тұрақтылығын жоғалтқанда несие беруге , сонымен қатар мүше елдердің мойнына жүктеген міндеттемелерін сақтауына міндетті болды.

Бреттон – Вудстық валюталық жүйе соғыстан кейінгі әлемде АҚШ – ның экономикалық жағдайының күшейгенің көрсетті. Ол жүйе жеткілікті түрде мықты уақытында азды – көпті табысты қызмет көрсетті. Бірақ 60- жылдары АҚШ – тың жағдайы шайқатыла бастады, 70 – жылдардың басында Бреттон – Вудстық жүйенің дағдарысқа ұшырағаны нақты көрінеді.бірқатар экономистер мен саяси қызметкерлер өзгермелі валюталық бағамға көшу қажеттілігі туралы ұсыныстар айта бастады.Олардың пікірі бойынша , ол үкіметтің несиелік – ақшалық саясат жүргізуіне кең дербестік берілуін қамтамасыз етеді.Себебі тұрақты валюталық бағамды ұстап тұрудың қажеті болмайды. Сонымен қатар өзгермелі валюталық бағамдар бірқатар теңсіздіктер туындағанда автоматты түрде тұрақтандырғышретінде қызмет көрсету, импортталған инфляциядан қорғауы мүмкін .

Бұл пікірлер жалпы қабылдағанмен де, оқиғаның дамуы әуелі дағдарысқа , сонан кейін Бреттон – Вудс жүйесінің күйреуіне алып келді.

Дағдарыстан шығу жолын іздеу Бреттон – вудс жүйесін Ямайкалық жүйемен ауыстыруға алып келеді. Ямайканың Кингстон қаласында1976 жылы қол қойылып,1978 жылы күшіне енген келісім төртінші әлемдік валюталық жүйенің заңды құжатталуын көрсетті.

Батыс Еуропада 70 – жылдардың соңында аймақтық Еуропалық валюталық жүйе құжатталды. Ол бұл аймақта интеграциялық үдерістердің тереңдеуін көрсетті. Еуропалық валюталық жүйенің ақша бірлігі болып ЭКЮ қабылданды.Оның шартты құны валюталық қоржын әдісімен белгіленеді, оған Еуропа Одағына жататын елдердің ақша бірліктері кірді. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕО –ның орталық валютасы – «ЕВРО» енгізілді

Қазақстанның валюталық жүйесі қалыптасып келеді. Оның негізі теңге болып табылады, ол дербестелгеннен кейін,негізіненҚР –ның бұрынғы КСРО республикаларының ақшалық – несиелік жүйесінен бөлінгеннен соң біртіндеп ағымдағы операциялар бойынша ішінара айырбасталатын валютаға айналды. Бірқатар шектеулер әлде де сақталып келеді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет