Өткізу формасы: Инсерт
Бағалау критерийлері: кестеге сай
Ұсынылған әдебиеттер: [1,2,3]
№4 практикалық сабақ
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың мақсаты:Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік қызметшілермен байланысын баяндай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың негізгі бағыттарын көрсету және мемлекеттік қызметшілердің оған қарсы мінез-құлық дағдыларын саралау.
Жоспары: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама.
2. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және оның әлеуметтік және моральдық аспектілері.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайында мемлекеттік қызметтегі жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық мәселелері.
4. Мемлекеттік қызметтегі этика.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық психологиясы.
6. Мемлекеттік қызметшінің профессиограммасы мен психограммасы.