Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты
«Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасы
ЕСЖ № 1
Пәні: Телекоммуникациядағы ақпараттарды қорғау әдісі
Тақырыбы: ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы»
Білім беру бағдарламасы: 6В06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация
Орындаған: Еркен Бақытжан
Тобы: РЭТк-20-7
Тексерген: аға оқытушы Адилгажинова С.А.
____ ____ «_» ____ 2023 ж.
Алматы, 2023
Жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
Қорытынды
Кіріспе
Бүгінде әлемде түрлі геосаяси жағдайлар орын алып, әсіресе Орта Азиямен тікелей шектесетін аймақтарда тыныштықты сақтаудың маңызы арта түсті. Саяси, экономикалық, әскери, ақпараттық және басқа да салалардағы геосаяси бәсекелестік қазіргі таңда өзгерді. Мұндай жағдайда мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты зор маңызға ие.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін стратегиялық жоспарлау кезінде, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және орындау кезінде міндетті түрде ескеріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін – іске асырылуына; мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға; қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты Қазақстанның халықаралық және қорғаныс салаларындағы, экономикадағы, ішкі саяси, әлеуметтік және ақпараттық салалардағы, рухани өмір мен мәдениеттегі ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы № 527-IV Заңы.
2012 жылғы 6 қаңтарда қабылданған. Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.
Заң негізінен 5 тараудан және 30 баптан тұрады.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық инфрақұрылым – ақпаратты қалыптастыру, жасау, өзгерту, өңдеу, беру, пайдалану және сақтау техникалық құралдары мен жүйелерінің жиынтығы;
2) ақпараттық кеңістік – жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен ақпараттың өзіне де ықпал ететін, ақпаратты қалыптастыруға, жасауға, өзгертуге, өңдеуге, беруге, пайдалануға, сақтауға байланысты қызмет саласы;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк) – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) – ұлттық мүдделерді нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғауға бағытталған ұлттық қауіпсіздік субъектілерінің қызметі;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі – ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде ұлттық қауіпсіздік субъектілері іске асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық және өзге де шаралар жиынтығы;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы;
7) ұлттық қауiпсiздiкке қауiп-қатерлер – Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн iске асыруға кедергi келтіретін немесе кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі факторлардың (процестер мен құбылыстардың) жиынтығы;
8) ұлттық қауiпсiздiк объектiлерi – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары; қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет, оның конституциялық құрылысы;
9) ұлттық қауіпсіздік стратегиясы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында негізгі проблемаларды және қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттарды және нысаналы индикаторларды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін айқындайтын Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық құжаты;
10) ұлттық қауiпсiздiк субъектiлерi – өз өкiлеттiктерін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары.
Осы Заң, шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде 20-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңыныңкүші аталмыш заңды қабылдау себебінен жойылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы N 2710 Заңы 1995 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған. Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Заң 5 тарау, 28 баптан тұрады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде:
жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыруға және үйлестіруге, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесуге арналған арнаулы мемлекеттiк органдар.
Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу арқылы қарсы барлау, барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру, қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;
2) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріндегі ресми өкілі, оның көмекшілері – ұлттық қауіпсіздік органдарының штатында тұратын және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген қызметкерлер, әскери қызметшілер.
Достарыңызбен бөлісу: |