Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ғ.Ж.Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс университеті»
«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы
«Электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысының негіздері» пәні
№ 1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Ток трансформаторларын тексеру және олардың жалғану сұлбаларын зерттеу
Білім беру бағдарламасы: 6В07101 - Электроэнергетика
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
_________ ________________ «____» ________________2022 жыл
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022 ж
№1 Зертханалық жұмыс. Ток трансформаторларын тексеру және олардың жалғану сұлбаларын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: релелік қорғаныстың және автоматиканың қондырғыларын қоректендіретін ток трансформаторларын тексеру әдістерімен, релелік қорғаныстың және автоматиканың қондырғыларында қолданылатын ток трансформаторларының екінші орамының жалғану сұлбаларымен танысу, сонымен қатар әртүрлі ҚТ сұлбаларының сезімталдығын анықтау.
4.2 Тапсырма
4.2.1 Стендте орнатылынған аппаратурамен танысу.
4.2.2 Трансформаторлардың орамасы шығысының полярлығын тексеруді жүргізу. Сұлбаны жинап, SA автоматын қосып, SA5 қорек беріп, G приборы бойынша трансформаторлардың орамасы шығысының полярлығын анықтау керек.
4.2.3 Вольт-амперлік сипаттаманы алу қажет. SA автоматын қосып, АТ1 сол жақ қалпына қоямыз, SA3 қосамыз. АТ бірқалыпты реттей отырып, Iном тогының (амперметр А) және кернеудің U2 (вольтметр V) көрсеткішін алу керек. Өлшеулердің нәтижесін (10-12 нүкте) 4.1 кестеге енгізіңіз.
4.2.4 Ток трансформаторларының жарамдылығы және бір типтілгі туралы қорытынды жасау керек.
4.2.5 4.1 суретте көрсетілінген барлық сұлбаларды кезектеп жинаймыз. SA автоматын, SA2 қосып, SB2-SB5 тумблерлерімен ҚТ түрін таңдау керек. ҚТ әртүрлі түрі кезіндегі kсх анықтау мақсатында барлық реле амперметрлермен ауыстырылған.
4.2.6 Әрбір сұлбаға, SB2-SB5 тумблерлерді ұқсас қозғалту арқылы әртүрлі ҚТ токтарын жасау, барлық құралдар көрсеткіштерін 4.2 кестеге жазу керек.
4.2.7 Тәжірибенің мәліметтері бойынша барлық сұлбалар үшін және ҚТ әрбір түріне масштабта екіншілік токтардың векторлық диаграммасын тұрғызу керек, диаграммада реленің орамасы бойынша өтетін токтардың векторын бөліп көрсету қажет.
4.2.8 Барлық сұлбалар үшін ҚТ әрбір түріне сәйкес келетін kсх сұлба коэффициентінің мәнін анықтау керек.
4.2.9 Фаза аралық ҚТ-дан және жерге тұйықталулардан жинақталған қорғаныстардағы қарастырылған сұлбаларды пайдаланудың орындылығы туралы қорытынды жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |