Әдебиеттер тізімін рәсімдеу Гарвард-стилі (REFERENCES) бойынша жүргізіледі.
Оқушылар әдебиеттер тізімін тез рәсімдеу үшін сайттарды пайдалана алады, мысалы, http://www.citethisforme.com/ Негізгі құрылым келесідей:
Тегі, аты-жөні, (Шыққан жылы), Атауы, Баспа, Шыққан орны, Журнал т.б., (нақты сілтемелер).
Жазу әрдайым автордың тегінен басталады, содан кейін аты-жөні, содан кейін жақшадағы күн.
Тізім автордың тегі бойынша алфавиттік ретпен орындалуы керек.
Егер бір автордың бір жазбасынан көп болса, күндер бойынша сұрыпталады.
Материалдың атауы (кітап, журнал, мақалалар және т.б.) - курсивпен ерекшеленеді.
Жарияланымдардан үзінділер, яғни кітаптардағы тараулар, журнал мақалалары "тырнақшаларда"белгіленеді.