«Тыныс жүйесінің» модулі
Сыртқы тыныс жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо- гипервентиляция.
1. Өкпе желдену көрсеткіштерінің өзгерістері.
2. Өкпе желдену бұзылысының түрлері: гипервентиляция, гиповентиляция және біркелкі емес желдену.
3. Өкпе желдену бұзылысының обструктивті және рестриктивті түрлері.
4. Өкпе желдену бұзылысының негізгі көріністері.
5. Балалардағы мұрынмен тыныс алудың жетіспеушілігі.
№1 тәжірибе. Жоғарғы тыныс жолдарының рецепторларын тітіркендірген кезіндегі тыныс өзгерістерін зерттеу. Егеуқұйрықты наркозды колпактың астына отырғызып, ингаляциялық наркоз (наркотан) береміз, тыныс алуын қатаң түрде бақылап отырамыз. Егеуқұйрықты наркоздық жағдайда ұйықтатқан соң, тақтайшаға арқасымен бекітеміз. Энгельманның серфингі және кіші рычагтің көмегімен кеуде қуысының тыныстық экскурсиясын кимограф лентасына жазамыз. Сосын жануардың тұмсығына нашатыр спиртінің бірнеше тмшысын тамызған мақтаны кішкентай воронкамен қоямыз, әрі қарай осы жағдайда да тынысты тіркейміз. Сосын мұрын жолына 2-3 тамшы 2%-2 мл новакаин ерітіндісін тамызып тыныс жолдарының тынысын калыптастырады. 5-10 мин. өткен соң, егеуқұйрықтың тұмсығына аммиак ерітіндісіне малынған мақтаны қайта қоямыз, осы жағдайда да тыныс өзгерістерін тіркейміз. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегей кабығының жансыздандыруға дейінгі және кейінгі аммиакқа реакциясын салыстырамыз.
Келесі сұраққа жауап беріп, қорытынды жасаймыз: анықталған тыныстың механизмдері қандай? Осындай механизммен пайда болатын адамдардағы тыныс бұзылысына мысалдар келтіріңдер
4
2
Альвеокапиллярлық мембрананың диффузиялық қабілетінің бұзылысының механизмдері. Өкпенің перфузиялық қабілетінің бұзылысы.
Тыныс бұзылысының синдромдары. Жаңа туған нәрестелер мен балалардағы тыныс бұзылысының синдромдары.
Тыныс жеткіліксіздігінің диффузды түрі.
Тыныс жеткіліксіздігінің диффузды түрінің себептері мен даму механизмдері.
Өкпе қанайналысының және кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясының бұзылыстары, себептері.
Балалардағы кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясы кезіндегі тыныс өзгерістері.
Тыныс жүйесі зақымдалуының көп тараған синдромдары туралы түсінік және түрлері,
Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының анықтамасы, себептері және даму механизмі. Негізгі клиникалық симптомдары
Өкпе тінінің тығыздалу синдромының анықтамасы, себептері және патогенезі. Емдеу принциптері.
Плевра қуысында газдар мен сұйықтықтың жиналуы және олардың өкпе қуысында болу синдромының этиологиясы және патогенезі.
№1 Тәжірибе. Аралық миды тітіркендіргенде тыныстың өзгеруі.
Бақаны шалқасынан тақтайшаға бекітіп,кимографқа алғашқы демалысын жазады. Ол үшін тамақ асты терісінен қармақпен іліп, оның жібін жазғышқа байлайды. Бақаның басын көзден жоғарғы қабағынан кесіп тастайды, ми кесігіне ас тұзының түйіршігін жапсырып қояды. Кимографты жіберіп демалысты қайта жазып өзгерісті байқайды. Соңында тұз түйіршігін алып ми кесігін физиологиялық ертіндімен жуып жіберу керек, демалыс қалпына келеді. Бақа дем алуында шын және жалған дем алу болады. Шын дем алудың амплитудасы үлкен болады, жалған түрінің амплитудасы ұсақ, ол жақтың қозғалысы. Шын тыныс алу қозғалысы филогенезде кеш пайда болған жылдам тежеледі және ми бұзылғанда қайта орнына келу кешігіп келеді.