Білім беру бағдарламасы: «6В10102 Жалпы медицина» Курс: ІІІ құрастырушы: проф асс. Жиенбаева К. М



бет2/4
Дата11.11.2022
өлшемі35,86 Kb.
#157708
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû «6Â10102 Æàëïû ìåäèöèíà» Êóðñ ²²² ??ðà

Таратылатын материал: кестелер, тесттік тапсырмалар кешені, жағдайлық есептер.

  • Әдебиет:

Негізгі әдебиет:
1. Нұрмұхамбетұлы Әдiлман. Патофизиология. Оқулық//Алматы: «Эверо», 2011.-700 б.
2. Нұрмұхамбетұлы Әдiлман. Клиникалық патофизиология. Оқулық/Алматы: «Эверо», 2010.-767б.
Қосымша әдебиет:
1. Жәутікова С.Б., (под ред. Р.С. Досмагамбетова ) Қан түзуші жүйесі модулі - Модуль Кроветворная система: интегрированный учебник / ҚММУ - М. : Литтерра, 2014. - 288 с. : сур. - (Интеграцияланған оқулық - Интегрированный учебник).
2. Жәутікова С.Б., Өмірбаева Е.Қ.; Патологиялық физиология пәні бойынша ситуациялық есептер жинағы: оқу - әдістемелік құралы/ҚММУ. - Қарағанды: АҚНҰР, 2013. - 198 б.
3. Уразалина Н. М. Тест тапсырмалары профилизация элементтерімен бірге патологиялық физиология бойынша мамандықтар: 051301-жалпы медицина, 051302-стоматология [Мәтін]. ІV-бөлім : Асқорыту, бауыр, бүйрек, эндокриндік және жүйке жүйелерінің патофизиологиясы, 2014. - 204 б
4. В. В. Новицкий, О. И. Уразова. — қазақ тіліне аударған Жәутікова С.Б. Патологиялық физиология: тәжірибелік сабақтарға нұсқау: оқу құралы /Патофизиология: руководство к пракитическим занятиям: учебное пособие — М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. — 768 б. : ил.
-268 б.



  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Айналымдағы қанның жалпы көлемінің бұзылу түрлерін білу

  2. Гипер-, гипо- және нормоволемия дамуының негізгі себептері мен механизмдерін білу

  3. Жедел қан жоғалтудың даму механизмдері мен салдарын білу

  4. Қанның физико-химиялық қасиеттерінің негізгі бұзылуларын білу

  5. Әртүрлі аурулардың дамуындағы айналымдағы қанның көлемінің өзгеруімен физико-химиялық қасиеттерінің бұзылуының маңызын түсіну.




  • Тесттік тапсырма (3 дұрыс жауап):

1. Қан тұтқырлығының жоғарлауы туындайды:

  1. жедел қан жоғалтудан

  2. тромбоцитопениядан

  3. абсолюті эритроцитозда

  4. ағзада судың ұсталуынан

  5. лейкоздың лейкемиялық түрінде

  6. ағзаның сусыздануында

  7. анемияда

  8. олигоцитемиялық гиперволемияда

2. Қан тұтқырлығының төмендеуіне алып келеді:

  1. ағзада судың ұсталынуы

  2. абсолюті эритроцитоз

  3. ағзаның сусыздануы

  4. гемолиздік анемия

  5. олигоцитемиялық гиперволемия

  6. полицитемиялық гиповолемия

  7. эритроцитарлы массаны құю

  8. полицитемиялық гиперволемия

3. ЭТЖ баяулауына алып келеді:

  1. қабыну үрдісі

  2. қанның қоюлануы

  3. қан тұтқырлығының төмендеуі

  4. анемия

  5. ағзада судың ұсталынуы

  6. ағзаның сусыздануы

  7. қан тұтқырлығының жоғарлауы

  8. олигоцитемиялық гиповолемия

4. ЭТЖ жоғарлауын туындатады:

  1. қанда эритроциттер құрамының жоғарлауы

  2. ағзаның сусыздануы

  3. қан тұтқырлығының азаюы

  4. плазмада глобулин және фибриногеннің жоғарлауы

  5. қанның қоюлануы

  6. қан тұтқырлығының жоғарлауы

  7. қабыну үрдісі

  8. полицитемиялық гиповолемия

5. Полицитемиялық гиперволемия дамиды:

  1. ағзада судың ұсталуы кезінде

  2. өкпе эмфиземасында

  3. таулы аймақ тұрғындарында

  4. ағзаның сусыздануында

  5. шынайы эритроцитозда

  6. анемия кезінде

  7. физикалық жұмыс атқарғанда

  8. қабыну үрдісінде

6. Полицитемиялық гиперволемия көрінісі болып:

  1. тері жамылғысының қызаруы

  2. қанұюдың төмендеуі

  3. артериялық қысымның жоғарлауы

  4. тіндік гипоксия

  5. тамыр тонусының төмендеуі

  6. жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы

  7. қантүзілудің төмендеуі

  8. артериялық қысымның төмендеуі

7. Көп қан жоғалудың компенсаторлық нәтижесі болып:

  1. кахексияның дамуы

  2. сол жақ қарынша гипертрофиясының дамуы

  3. қанда тромбоциттер санының артуы

  4. қан ұюдың күшеюі

  5. полицитемиялық гиповолемияның дамуы

  6. сүйек кемігі қызметінің күшеюінен қанда лейкоциттер құрамының жоғарлауы

  7. олигоцитемиялық гиперволемияның дамуы

8. Гипопротеинемияның даму себебі:

  1. толасыз құсу

  2. ұзақ ашығу

  3. ағзаның сусыздануы

  4. бауырдың зақымдануы

  5. нефротикалық синдром

  6. қанның қоюлануы

  7. полицитемиялық гиповолемия

  8. қабынулық аурулар

9. Қан плазмасында глобулин және фибриноген құрамының жоғарлауы туындатады:

  1. эритроциттердің гемолизін

  2. эритропоэздің тежелуін

  3. эритроциттер зарядының азаюын

  4. қан тұтқырлығының азаюын

  5. эритроциттер агглютинациюсын

  6. ЭТЖ жоғарлауын

  7. ЭТЖ төмендеуін

  8. қан ұюдың төмендеуін

10. Олигоцитемиялық гиперволемияның дамуына алып келеді:

  1. эритроцитарлы массаны құю

  2. плазма алмастырушы затты көп құюда

  3. ауқымды күйіктер кезінде қан сұйықтығының жоғалуы

  4. бүйректің шығару қызметінің бұзылысы

  5. вазопрессиннің гиперпродукциясы

  6. жедел қансырау

  7. созылмалы гипоксия

тоқтаусыз құсу нәтижесінде ағзаның сусыздануы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет