ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
6В01562- химия-биология білім беру бағдарламасы
АН2239 «Аналитикалық химия» пәні бойынша
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 Гравиметриялық талдау әдістері. Гравиметриялық талдау әдістеріне қойылатын талаптар. Гравиметриялық форма. Окклюзия, изоморфизм дегеніміз не?
2. Титриметриялық талдау әдістері. Титриметриялық талдаудағы есептеулер. Титрлеу қмсықтары. Индикаторлар. Титр.
3. Қышқылдық- негіздік титрлеу. Қышқылдық –негіздік титрлеу әдісінің индикаторлары.
4.Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері.Тотығу- тотықсыздану титрлеу әдісінің индикаторлары.
5. Перманганотометрия . Перманганотометрия әдісінің кемшіліктері. Перманганотометрияның практикада қолданылуы.
6. Массасы 3,1522 г иод көлемі 500 мл өлшеу колбасында ерітілген. Ерітіндінің нормальды концентрациясы және натрий тиосульфаты бойынша анықталатын заттың титрі нешеге тең? Есепті талдап қорытыңыз
7. 50,00 мл 0,010 M Ғе (ІІІ) ерітіндісін 0,0250 M ЭДТА ерітіндісімен буферлі ерітінді қатысында рН=7 кезінде титрлеу қисығын тұрғызыңыздар. Титранттың 10,00; 20,00; 25,00; 26,00; 30,00 мл көлемін қосқанға дейінгі және қосқаннан кейінгі рҒе мәнін анықтаңыздар.
8. 0,0100 M мырыш тұзының ерітіндісі pH=6,00 кезінде 0,0100 M ЭДТА ерітіндісімен титрленді. Егер эквивалентті нүктеде [ZnInd] =[Ind] болса, рН 6,00 кезінде Ктұр-сыз, ZnInd анықтаңыздар. Жауабы: 1,2.107.
9. 200,0 мл ағызынды су үлгісіндегі темірді анықтау үшін оны Ғе (ІІІ) дейін тотықтырып, аммиакпен тұндырды. Тұнбаны ерітіндіден бөліп алып, тұз қышқылында еріткеннен кейін темірді титрлеуге 5,14 мл 0,0050 M ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Судың құрамындағы темірдің жалпы мөлшерін анықтаңыздар. Жауабы: 7,20 мг/л.
10 Құрамында висмуттың негіздік карбонаты бар үлгіден 0,5051 г алып, ерітті. Түзілген осы қышқыл ерітіндіге 0,0500 М ЭДТА ерітіндісінің 20,00 мл артық мөлшерін қосты. Ерітіндінің рН мәнін 9,00 етіп, ЭДТА-ның артық мөлшерін 0,0500 М мырыш сульфатымен эриохром қара Т қатысында кері титрледі. ЭДТА ерітіндісін титрлеуге 9,20 мл мырыш сульфаты жұмсалған кезіндегі висмуттың массалық үлесін (%) есептеңіздер. М(Ві) =208,98. Жауабы: 22,34%.
Достарыңызбен бөлісу: |