0,1% эпинефринді (0,5 мл) титрлеумен бөлшектеп тамырішілік енгізу, бірақ 1,0 мл-ден артық емес, реакция болмаған кезде эпинефринді енгізуді анафилаксия симптомдары азайғанға дейін сол дозада қайталау (АҚ, ЖЖЖ және артық дозалану симптомдары бақылауымен)
Көктамыр ішіне кіру болмаған жағдайда: - Эпинефрин 0,1% ерітінді 500 мкг (0,5 мл) бұлшықет ішіне, реакция болмаған кезде 5 минуттан кейін қайталау (дене салмағы 50 кг-нан асатын 12 жастан асқан адамдарға)
6
Науқасты оттегімен қамтамасыз ету
Оттегі маска, мұрын катетері немесе түтік арқылы өтеді. Мақсатты SpO2= 94-98%, бірақ 90-92% - дан кем емес ұстап тұру үшін, титрлеумен, ылғалданған оттегінің жоғары ағынын (> 10 л/мин) инсуфляциялау (О2 жоғары ағынын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде – Амбу қапшығы, кеңірдектің интубациясы, коникотомия)
Берілгендердің біреуін коктамыр ішіне тамшылата:
- норэпинефрин – 2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітінді), 5% глюкозаның немесе 0,9% натрий хлоридінің 500 мл ерітіндісінде сұйылту, АҚ тұрақтанғанға дейін 0,1-0,5 мкг/кг/мин инфузия жылдамдығымен АҚҚ қалпына келгенше;
- 400мг допаминді 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% глюкозаның 500 мл ерітіндісінде сұйылтады, 8-10 мкг/кг/мин бастапқы жылдамдықпен енгізеді, систолалық қысым 90 мм сынап бағанынан асу үшін мөлшерді титрлейді.
8
Инфузиялық терапия жасау
Берілгендердің біреуін: (коллоидты және кристаллоидты ерітінділер):
декстран, орташа молекулалық салмағы 35-45 кД (килоДальтон) 10мл/кг;
0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі (немесе басқа изотониялық ерітінділер) 20мл/кг 20-30 минутта
9
Гормондық терапия жүргізу
Гидрокортизон (бұлшықетке немесе тамырішіне баяу):
12 жастан жоғары – 200мг