тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бӛлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы
заттардың мӛлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының
негізгі
мақсаты
– оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын
қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды
дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына
қызығушылығын талап етеді. .
Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді
айқындайды. Атап айтқанда:
• логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін
дамыту;
• оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық
салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
• сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
• математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;
• ӛзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті ӛмірде қалай
пайдалану керектігін түсіну;
• білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық
қасиеттерді дамыту;
• түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік
дағдыларын дамыту;
• коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және ӛз кӛзқарасын білдіру, басқа
адамдардың пікірін құрметтеу, кӛшбасшылық қасиеттерін кӛрсету, ӛз жұмысын жазбаша және ауызша
түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
• ақпаратты іздестіру және таңдау, ӛз уақытын басқару, ӛзін-ӛзі реттеу дағдыларын дамытуға
негізделген.
Математиканы оқыту стратегияларының үлгілері:
-
оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;
-
түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру,
математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың
коммуникативтік дағдыларын дамыту;
-
мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және
дамыта оқыту;
-
оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;
-
бірін-бірі оқыту;
-
түрлі дерек кӛздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға кӛмектесу, АКТ-ның
мүмкіндіктерін пайдалану;
-
математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;
-
оқушыларды ӛз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
Достарыңызбен бөлісу: