Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата11.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#180664
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
5 (1)

Бағалау критерийлері: 
1.
Есептің білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін толық тұжырымдайды және ӛз 
пікірін білдіреді; 
2.
Берілген есептерді талдайды, сәйкесінше сұрақ қояды, шешуін іздестіреді, қысқаша жазба түрінде 
жазады және шығарады;
3.
Математика оқулығындағы тапсырмаларды орындай алады; 
4.
Есеп шығару барысында оқушыларды ынталандыру тәлдерін біледі және белсенді оқытудың әдіс-
тәсілдерін қолданады; 
5.
Есеп шығаруда кӛрнекіліктерді тиімді қолданады.
 
6.
Есептерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күнделендіре алады.
 
Практикалық сабақ №12 
Практикалық сабақ тақырыбы:
Жай есептердің түрлері және оларды шығару әдістемесі 
Мақсаты:
Жай есептердің түрлерін ажырата білу, жай есептерді шығару барысында студенттерге есеппен 
жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін игерту және бастауыш математика курсының аса маңызды 
ұғымдарының бірі — арифметикалық амалдар, олардың қасиеттері мен ӛзара байланысы туралы ұғым 
қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1.
Арифметикалық амалдардың мағынасын ашып кӛрсететін есептер
2.
Амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты кӛрсететін есептер
3.
Қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер 
Әдістемелік нұсқау: 
Жай есептерді оқиды, түрін ажыратады, талдайды, топпен бірлесе отырып есепті 
шешу жоспарын құрастырады, қысқаша жазба түрінде жазады және есептерді шығарады. Тапсырмаларды 
тақтада және дәптерлеріне орындайды. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығарады.
Ӛткізу формасы:
Сұрақ-жауап, кластер, галлереяны аралау.
 
Бағалау критерийлері: 
1.
Жай есептердің түрлерін біледі және берілген есептердің түрін ажыратады; 
2.
Есептің шарты мен сұрағын бӛліп кӛрсетеді; 


3.
Берілген есептерді талдайды, сәйкесінше сұрақ қояды, шешуін іздестіреді, қысқаша жазба түрінде 
жазады және шығарады;
4.
Амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тұжырымдайды; 
5.
Санды бірнеше есе арттыру /кемітуге және еселік салыстыруға берілген есептерді талдайды;
6.
Кері есептерді құрастырады және шығарады; 
7.
Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет