Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова С. Н оқытушы, психология магистрі



бет17/92
Дата27.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#160005
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92
Байланысты:
Психология силлабус copy-1 (4)

Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. Мәселен, бірінші класс оқушылары үшін мұғалім қай жағынан да аса беделді адам. Оның ақ дегені ақ, қара дегені қара. Сондықтан олар кейде кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді. Оқушылардың мұғалім жөніндегі бір жақты түсініктері осындай әлде де айқындала қоймаған түйсіктің, тек мұғалім жөнінде жай бағдардың көрінісі.
Адам қажетін өтеу үстінде неше түрлі жағдайға тап болады. Мәселен, бұрын соңдв өзіне кезпеген кедергіні алуға шамасы келмейтін кездерде адамның жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды, не сол объект оған алынбас қамалдай болып көрінеді. Адамның жолы болмай, босқа болған жан күйзелісін, психологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамда ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Мұндайдан кейбіреулер сылбыр, немқұрайды, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады. Осындай көрініс жас өспірімдер арасында да байқалады. Балаға үнемі шамасы келетіндейтапсырма беру, оны әлі келмейтін нәрсеге орынсыз қинамау, онда фрустрациялық күйдің орнығуына
Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек.Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған құрамдары.Бірақ, мұның дағдыдан айырмашылығы мынада:әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады.Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып
тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, көңілі көншімейді. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығуды,есепсіз қайталайды.Егер де адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзі өте
ессіздік болар еді.Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдассыз болып бөлінбейді.Өйткені, оның қарама-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды,пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі.Ұнамды әдеттерге
жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын
ұқыпты ұстау,тұрмыстағы мәдениеттілік, гигеналық әдеттер т.б. жатады.Бұл адамның өмірі үшін аса қажет нәрселер.Ұнамсыз әдеттерге
:орынсыз ысқыру, карандашты аузыға салу, тісін үнемі шұқылап отыру ,столда отырып аяқты селкілдету,сөйлегенде қыстырма сөздерді қолдану, қолы қалтасында, азында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу т.б. жатады.Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жөнінде халық «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп өте дұрыс айтқан.Расында да бізге керегінің өзі пайдалы әдеттер.Үйреншікті әдет болмайынша ,адамның істеген ісінің берекесі де болмайды.Егер адам өзінің бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі оңайланып, көңілі рақат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кеткді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген нақыл осы сөзден шықса керек.Әрине, мұны тіке өз мағынасында түсінбей қажет.Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жөнінде айтылып отыр.
Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі- балалық шақүәсіресе, мектепте дейінгі дәуір.Балардың кез келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде ұнамсыз әдеттердің қалыптасуына себепші болады.Мәселен, кейбір семьяларда бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады.Ата-аналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып,зиянды әдеттерден баланы арылту жағын қарастыру қажет.Әдеттерді белгілі бір мағынасына қарай бірнеше топқа бәлуге болады,олар:адамгершілік, немесе моральдық (өр уақытта да шындықты айтуға әдеттену, жолдастардың алдында адал болу, уәдеде тұру т.б.), мәдени мінез-құлықтық (сыпайылық, үлкенге және жасы кішіге қамқорлық жасау т.б.), гигиеналық (тамақ алдында қол жуу, тап-тұйнақтай болып жүру т.б.), уңбек ақыл-ой әдеттері.Осы айтылған топтардың ішінен ұнамсыз, нашар әдеттердің де бірнеше түрлерін кездестіруге болады.
Атақты ағылшын драматургі В.Шекспир (1564-1616): «Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште» десе, орыс педагогы К.Д.Ушинский: «жақсы әдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімімен пайдаланады, жаман әдет-борыш, адам өмір бойы сол борыштың өсімімен азап шегеді»,-дейді.
Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне ми қабығында бекіп қалыптасқан шартты рефлекстердің жүйесі,яғни динамикалық стреотиптер жатады.Мәселен, адамның қозғалыс дағдысын алатын болсақ, бұл мидың қозғалыс анализаторында жасалған уақытша нерв байланыстарының жүйесі. Мүнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы до қажет болып отырады. Мәселен, екінші сигнал жүйесі (ауызша нұсқау, тапсырма беру т.б.) өкен тәжірибеде жинақталған қимыл-қозғалыстардың тезірек бірігуіне жағдай туғызады,сөздік сигналдар дағдының кейбір керексіз буындарын тежеуге, ондағы қателерді түзеп отыруға мүмкіндік береді.Әдеттер де физиологиялық тұрғыдан ми қабығындағы динамикалық стреотиптің бір көрінісі.Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық қозуы бар алаптарында ғана емес , сонымен бірге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет