Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Рамазанова А. П., оқытушы, магистр Орал, 2023 ж



бет18/45
Дата20.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#192081
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент силлабус Рамазанова

Дәріс мазмұны:

  1. Білім беру менеджментінің білім беру мекемелеріне ендірілу

  2. Білім берудің жаңа мазмұнын жүзеге асыратын басқарушының басты менеджерлік құзыреттіліктері.

Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиялық міндеттеріне сәйкес ұлттық-тарихи және этникалық салт-дәстүрлері мен кең ауқымда ойлауды қалыптастыруға бағытталған жалпыадамзаттык құндылықтарын ескеретін жаңа мазмұнды білім беру мақсаттары мен міндеттері анықталды.
Қазақстан мектептерін басқару мектеп түлектерінің өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға дайын болуына, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ барлық өмір бойына өмірдегі өзгермелі жағдайларға икемді болуға дайындауға бағытталуы тиіс. Білім беруді басқару сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі. Аталған тұжырымдамада өскелең ұрпақгың сапалы білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылатыны және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен камтамасыз етуге тиістігі атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының нысанына, типіне, түріне карамастан, оқушылардың міндетті дайындығының минимумы көрсетілген.
Мектептің тәжірибелік әрекетіне менеджментті ендіру бүгінгі білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа жолдарын іске асыру қажетіктеріне байланысты өзекті болып отыр. Олар 12-жылдық білім беру Тұжырымдамасының жобасында төмендегідей көрсетілген:
- мектеп бітірушінің қалыптасқан негізгі құзыреттіліктері ретінде күтілетін нәтижелер түрінде жалпы орта білім берудің жалпы мақсаттарын құру;
үйретуде - білім, білік және дағдыларды игертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруға, ал оқытуда - оқу ақпаратын берумен оқушыларды күтілетін нәтижелер жетістігімен қамтамасыз ететін оқу қызметін ұйымдастыруға арналған акценттерді ығыстыру;
-жеке тұлғаның мектептегі білім берудің түрлі деңгейінде дамуының бірізділігін көрсететін оқытудан күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесін құру;
-кең ауқымды қызметтердің тәсілдерінің, яғни құзыреттіліктердің даму динамикасын бақылауға, сондай-ақ оқушының, мұғалімнің, мектептің, барлық білім беру жүйесінің өзіндік дамуын реттеуге бағдарланған оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;
-білім берудің жоғарғы мектебінде бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының жеке бағдары және вариативтілігі;
-педагогикалық саралау және бейіндендіру негізінде жеке білім беру траекториялары бойынша оқыту процесінде оқушыны табысты әлеуметтендірумен қамтамасыз ету;
жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнының психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі.
Осыған сәйкес жалпыұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау болып белгіленіп отыр. Жалпы білім беретін мектеп - мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал ететін барлық қажетті жағдайлардың барлығын орындап отыратын әлеуметтендіру институты. Қазіргі таңда білім беру мекемесінің қызметін басқарудың негізгі нәтижесі ретінде басты құзырлылықтар жиынтығын интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа да салаларда жасау қажеттігі туып отыр. Бұларды игеру басқару арқылы білім беруге қатысты кәсіби және әлеуметтік өмірдегі кептеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім берудің 12-жылдық жаңа мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған болғандықтан, басқару үрдісінде құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттарын орындауға ұмтылудың маңызы зор. Олар:

  • проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджмент;

  • ақпараттық құзыреттілік;

  • коммуникативтік құзыреттілік

Менеджмент тұрғысынан басқарудың ерекшелігі - нақты адамдармен қарым-қатынас, оларды тұлғалық әрекеттерге тартудың ізгіліктік және демократиялық жолдары. Осы сипаттағы түрткі беру мотивация арқылы басқару адам баласының өзіндік мүмкіндіктерін түгелдей іске қосып, оны жүзеге асыру үшін өз қажеттігін қалыптастырады. Мотивтің, яғни, түрткі жасаудың басталуы - өзіндік сананын оянуында, ал өзіндік сана өзіндік танымға, өзіндік бағытталуға, өзіндік қалпымен танылуға, өзіндік түзетілуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға әкелетін мықты негіз болып табылады. Бұл психологиялық және педагогикалық әрекеттер тұлғаның өзіндік дамуына мүмкіндік береді.

  • Бүгінгі білімді ізгілендіру бағыты адамды дамытудың психологиялық-педагогикалық теориясына негізделеді, оның тәжірибелік бағыты - оқу бағдарламаларын қазіргі отандық және әлемдік мәдени мұралармен, жетістіктермен байыту болып табылады. Оған сай басқару мазмұны төмендегідей ерекшеліктерімен айқындалады:

  • басқару жүйесі белгілі бір құрылым бойынша жүргізілетін технологиялық қызметпен қатар білім беру үрдісіне қатысушылардың тұлғалық әрекеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

  • басқару мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің түлғалық мүмкіндіктерін дамытуды көздейтін болғандықтан өзіне тән устанымдары-педагогикалык шарттары және әдіс-тәсілдері болуын көздейді;

  • басқару үрдісінде оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі мен оған жету жолдары тығыз бірлікте қарастырылады, яғни нәтиже ғана бағаланбайды, оның орындау барысындағы тұлғаның іс-әрекеттері де талданып отырады;

  • басқарудың барлық тетіктеріне оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата- аналардың араласуы арқылы олардың субъектілік белсенділігі, жауапкершіліктері арттырылады.

Бұлар өз кезегінде басқару субъектілерінің өзіндік әрекеттеріне рефлексиялық талдаулар жасауына, өз біліміндегі олқылыктарды бағалай алуына, мүмкіндіктерін дамытуына қолайлы орта туғызады.
12 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық қарым – қатынас және басқару этикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет