Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде 6В01502.01 –«Математика және физика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын
4 курс студенті Картайганова Венера Сериковнаның « » тақырыбындағы дипломдық жұмысына
пікір
Тақырыптың маңыздылығы.
Көпжақты пәнаралық байланыстардың көмегімен оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері сапалы жаңа деңгейдегі оқыту болып ғана қоймайды, сонымен қатар, бұл жағдайда күрделі мәселелерді жан-жақты көру, көзқарасты қалыптастыру үшін негіз қаланады. Сондықтан, пәнаралық байланыстар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі кешенді тәсілдің маңызды шарты мен нәтижесі болып табылады.
Логикалық бірізділігі.
Жұмыстың логикалық бірізділігі сақталған.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлім «Пәнаралық байланыстар - оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі» деп аталады. Мұнда математиканың жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндерімен байланысы жайында айтылған. Атап айтқанда, математиканың физика, информатика, тарих, қазақ тілі, әдебиет сабақтарымен байланысы көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде «Мектеп курсындағы математика және физика» пәндерінің байланысы талданған. Оның ішінде
- мектеп курсында физиканы оқытудың ерекшеліктері,
- математика мен физиканың пәнаралық байланыстарының мазмұны,
- физика мен математиканы оқытудың өзара байланысы қарастырылған.
Үшінші бөлімде физиканы зерттеудегі математиканың негізгі түсініктері қарастырылған. Олар:
- бөлшек және дәреже ұғымы,
- функция - пәнаралық байланыстардың маңызды буыны ретінде,
- физиканы зерттеуде графиктерді құру және талдау,
- вектор ұғымы,
- туынды және интеграл ұғымдары арқылы физика-математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Дипломдық жұмыста бір қосымша материал тіркелген, онда "Туынды және оның қолданылуы" тақырыбы бойынша физика мен математиканың пәнаралық байланысын айқын көрсетіліп, сабақ жоспары әзірленген. Сонымен қатар, сабақ бойынша оқытушының жазбалары да бар.
Дипломдық жұмыс бойынша жұмыс жасау кезіндегі дербестік деңгейі.
Жұмыста дербестік сақталған. Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер зерттелген. Орыс тілді материалдар аударылған.
Қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелділігі және нақтылығы.
Қадыров Дидар берілген тақырып бойынша жоспар құрып, сол жоспар бойынша дипломдық жұмысты жазып шықты. Алдына қойылған мақсаттарға толық жетті.
Жұмыстың оң (теріс) жақтары.
Бұл тақырыпты жан-жақты меңгеру болашақ оқытушы үшін пайдалы.
Дипломдық жұмыс дипломдық жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес келеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында қорғауға жіберіледі.
Ғылыми жетекші
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті,
ф.м.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
математикалық талдау және
дифференциалдық теңдеулер
кафедрасының профессоры Орумбаева Н.Т.
«_____» ___________ 2023 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |