Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В030100-Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бакалавры



бет1/4
Дата08.06.2018
өлшемі0,67 Mb.
#41879
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
' ' ■ '. ■''."■'■.-.-■ ■•■-... ■„■ ■■■-. •£

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



Е.Қ.Көбеев




«5В030100-Құқықтану» мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Деңгейі: Бакалавриат


Академиялық дәреже «5В030100-Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бакалавры

Қарағанды, 2017 ж.



«5В030100 Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖМС негізінде, 23.08.2012 жылғы № 1080 ҚР Үкіметінің қаулысымен 13.05.2016ж. ( №292 өзгерістер және толықтырулармен) , №152 20.04.2012 жылғы ҚР БҒМ «Оқу үрдісін ұйымдастыруда кредиттік технологияны оқытудың Ережелерін бекіту» ( 28.01.2017 ж. № 90 өзгерістер және толықтырулармен) бұйрығымен, ҚР БҒМ 16.01.2013 ж. .№343, 05.06.2016 ж. № 425 ж. өзгерістер және толықтырулармен сәйкес жасалынған «5В030100 Құқықтану» мамандығының типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары негізінде құрастарылған.

«5В030100-Құқықтану»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы


Теориялық оқытудың кредит саны – 133 кредит

1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

Модуль 1. Қоғамдық-гуманитарлық

Модуль 2. Информациялық-коммуникациялық және жаратылыс-ғылыми

Модуль 3. Қазіргі заманғы құқық және мемлекет

Модуль 4. Қылмыстық құқық

Модуль 5. Цивильдік құқық

Модуль 6. Кәсіби тілдік және коммуникациялық біліктілікті қалыптастыру

Модуль 7. Мемлекеттіліктің құқықтық дамуы

Модуль 8. Қазіргі заманғы ұлттық заңдар

Модуль 9. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын құқықтық реттеу

Модуль 10. Процессуалдық құқық

Модуль 11. Салалық заңнаманы дамытудың негізгі тенденциялары

Модуль 12. Іс қағаздарын жүргізу

Модуль 13. Іс-тәжірибе

Модуль 14. Мемлекеттік аттестациялау

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.



1.Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5B030100-Құқықтану» мамандығы бойынша «Құқық бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы. Құқықтық аймақта пайда болатын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдендіру. Заңдылық режимін барлық жерлерде бекіту, тұрақты құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары

«5B030100-Құқықтану» мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: құқыққорғау органдары; сот, мемлекеттік билік және басқарудың атқарушы және өкілді органдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; білім беру ұйымдары болып табылады



1.2.3 Кәсіби қызмет пәні

«5B030100-Құқықтану» мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің пәндері:



  • құқық нормалары;

  • заңдық маңызы бар оқиғалар мен әрекеттер;

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызмет ету саласындағы пайда болатын құқықтық қатынастар

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар болып табылады.

      1. Кәсіби қызмет түрлері

«5B030100-Құқықтану» мамандығы бойынша бакалар кәсіби қызметінің келесі түрлерін орындай алады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі;

  • ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарында, сот ұйымдарында және т.б. құқыққорғау қызметі;

  • заң кеңесшісі, адвокат ретінде заңдық және кеңестік қызметі;

  • орта және орта кәсіби білім беретін оқу мекемелерінде педагогикалық қызметі.

      1. Кәсіби қызмет функциялары

«5B030100-Құқықтану» мамандығы бойынша бакалар келесі функцияларды атқарады:

  • құқыққорғаушылық;

  • құқық қорғау;

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;

  • педагогикалық;

  • Қазақстан Республикасында құқықтық, зайырлы және демократиялық мемлекетін құру;

  • заңдардың дәлме-дәл сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заң алдындағы теңдігі қағидалары негізінде құқыққолданушылық қызметін жүзеге асыру;

  • құқыққолданушылық тәжірибенің мәселелерін анықтау және ұлттық заңнаманың жетілдіруі.

      1. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

  • адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділігін жоғарылатуы;

  • кәсіпкерлік және өзге заңға қайшы келмейтін қызметті қорғау және қолдау;

  • құқықбұзушылықтың алдын-алу;

  • отансүйгіштікке және азаматшылыққа; мемлекеттік нышандарды құрметтеуге; конституцияға қарсы және қоғамға қарсы құбылыстарға төзбестікке тәрбиелеу;

  • заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайту;

  • тұрғындардың құқық санасы мен құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру және дамыту;

  • адам және азамат құқықтарын қорғау.

2. Білім беру бақдарламасының мақсаты: сапалы құқықтық білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету; жоғары кәсіптік және бәсекелі құқық кадрларын дайындау сапасын жоғарылату; бүкіләлемдік білім беру кеңістігімен интеграциясы; білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; бірыңғай білім беруде ақпараттық ортаны қалыптастыру; білім беру процессін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; заңдық білімнің материалды-техникалық базасын нығайту; білім және ғылымның интеграциясы; үздіксіз көпдеңгейлі білім жүйесіндегі мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделердің теңгермелілігін қамтамасыз ету.

3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды игеруге жағдай жасау;

- фундаменталды, табиғи-ғылыми даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды табиғи-ғылыми пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру; ақпарат алудың заманауи дағдыларын игеру, оның шығармашылықпен түсіну және нәтижелерін сауатты рәсімдеу.

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез-құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: негізгі ұлттық және шетелдік нормативті-құқықтық актілерді және құқықтың базалық қайнар көздерін білу, олардың сатысында бағдар алу; заңдық сипаттағы құжаттарды құрастыру бойынша дағдыларды иелену; нақты заңдық істі жүзеге асыру үрдісінде сотқа дейінгі, соттық қарастырулардағы іс жүргізушілік әрекеттер туралы нақты көзқарастарды қалыптастыра алу; нақты құқықтық оқиғаға (казус) қатысты салалық құқықтық нормаларды кәсіби деңгейде ұғыну және түсіндіре білу қабілеттілігіне ие болу; нақты істер бойынша ауызша және жазбаша кәсіби құқықтық қорытындылар және кеңестер бере білу; құқықтық мәселелерді талдау қабілеттілігіне ие болу; алынған теориялық білімдерді оқу және кәсіби тәжірибелерден өту барысында бекіту; мамандықтың пәндерін, сонымен бірге, жоғары білімнің келесі сатысында білім алуды жалғастыру үшін саналы

түрде таңдауды жүзеге асыру; жеке басымдылықтарын, ЖОО ерекшеліктерін, өзгермелі еңбек нарқы конъюктурасын еске ала отырып, кәсіби құзыреттілік және білім саласында жеке бағдарламаларды таңдау.

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

Семестр

Кредит көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

EСTS

Жалпы модуль

Жалпы-коммунитативтік

ЖББ/МК

KKZT1101

Қазақстанның қазіргі замаң тарихы


емтихан

2

3

5

Біліктілігі болуы тиіс: Ақпаратты алу үшін тарихи деректерді оқу, ғылым және анықтама әдебиеттерді, мерзімді басылымдардың және жаhандық желідегі интернет материалдардын пайдалана және талдай білу. Әлемдік тарихи процесстің бір бөлігі ретінде Қазақстанда адам-заттық қоғамның даму тарихын, отандық тарихтың даму динамикасын, тарихтың жалпы барысын қолдана білу.

Әлемге сипаттама беретін әлеуметтік-философиялық әдістерін, философияның негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін.

Шетел және орыс тілідерінің фонетикасы: айтылу және ырғақтық-екпінді ерекшеліктері, сөйлем жүйесінің дыбыстық рецепциясы мен репродукциясы. Орфография: тілдің әріптік дыбыстық жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасам моделдері.Мамандық бағытына сәйкес келетін лексикалық минимум; қолдану саласы бойынша лексиканың айырмашылықтары. Грамматика, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым.

MS WINDOWS операциялық жүйесін, MS WORD мәтіндік редакторын, MS EXSEL кестелік процессорын, MS ACCESS мәліметтер базасын құрастыру.



Білуі тиіс: ХХ-ХХІ ғғ. межесіндегі Қазақстаннның даму тенденцияларын, олардың ерекшеліктерін білу; әлемге сипаттама беретін экономикалық және әлеуметтік ғылымдарды, зерттеудің экономикалық, әлеуметтік-философиялық әдістерін; шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық нормаларын, MS WINDOWS операциондық жүйе, MS WORD мәтін теру, MS EXSEL кесте процессорын, MS ACCESS мәліметтер базасын құрастыру.

Дағдылары болуы тиіс: басқа көзқарастарға толерантты қатынаста, келісімділік диалогта болу; заманауи мәселелерді және экономиканың көкейтесті сұрақтарын шешу үшін философиялык тәсілдермен қолдану; сөйлеу, оқу, тыңдау және жазу әрекетінің барлық түрлерін меңгеру, компьютерлік бағдарламаларды меңгеру.

Құзыретті болуы тиіс: сыртқы саяси оқиғаларды бағалауда, оның нәтижелерін болжауда дұрыс бағамадау; Қазақстанның халықтарының тарихи мұрасы мен мәдени дәстүрлерін құрметтеу; заманауи мәселелерді шешу үшін философиялык және экономикалық тәсілдердің дағдыларымен қолдану; ұсынылған қарым-қатынас жағдаяттарды сөйлеуді пайдалы түрде іске асыру үшін меңгерген білімдерін және дағдыларын пайдалану, компьютерлік жүйелер мен технологиялар жөнінде.

ЖББ/МК

Fil2102

Философия

емтихан

4

3

5

ЖББ/МК

ShT1103

Шетел тілі

емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

OT1104

Орыс тілі

емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

AKT1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

емтихан

2

3

5

Жалпы модуль бойынша
















21

37




Ақпараттық-коммунативтік және жаратылыстану ғылыми


ЖББ/ТК

Saya2106

Ale2106


ZhS2106


Саясаттану

Әлеуметтану

Жастар саясаты


емтихан

4

3

5

Білуі тиіс: қазіргі қоғамда экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени процесстерді жобалау және болжамдау тәсілдерімен кәсіби қызметте қолдана білу, тіршілікті ұйымдастыру деңгейі, түрлі жәндіктердің тіршілігі туралы көзқарасты қалыптастыра білу, экономикалық сауаттылық пен экономикалық ойлаудың базалық деңгейін қалыптастыру.

  • Біліктілігі болу тиіс: әлемге сипаттама беретін экономикалық және әлеуметтік ғылымдарды, зерттеудің экономикалық, әлеуметік әдістерін, экология, түрлі жәндіктердің тіршілігі туралы жалпылама табиғи заңдылықтарды, тіршілікті ұйымдастыру деңгейі, экология, түрлі жәндіктердің тіршілігі туралы жалпылама табиғи заңдылықтары, қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерді талдау, экономикалық ақпараты талдау және мазмұнын адеквадты түрде қабылдау.

  • Дағдылары болу керек: заманауи мәселелерді және экономиканың көкейкесті сұрақтарын шеш үшін тәсілдермен қолдану, экология, түрлі жәндіктердің тіршілігі туралы жалпылама табиғи заңдылықтарды талдай білу, тіршілікті ұйымдастыру деңгейі, қоғамның экономикалық мәселелерін талдауға мақсатты толықтылығы жетілдіру.

  • Құзіреттер: заманауи мәселелерді шешу үшін экономикалық тәсілдердің дағдыларымен қолдану, тіршілікті ұйымдастыру деңгейі, экология, түрлі жәндіктердің тіршілігі туралы жалпылама табиғи заңдылықтарды қалыптастыру жөнінде. негізгі экономикалық микро- және макроэкономикалық көрсеткіштермен есептеу.

ЖББ/ТК

ETD1107

TKN1107


LG1107


Экология және тұрақты даму

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Латын графикасы


емтихан

1

2

4

ЖББ/ТК

EN1108

PN1108



Экономика негіздері

Психология негіздері



емтихан

1

2

4

Жалпы модуль бойынша
















7

13




Қазіргі заманғы құқық және мемлекет

БП/МК

MKT1201

Мемлекет және құқық теориясы

емтихан

1

2

4

Білікті болуы тиіс: фактілер мен құбылыстарды бағалай білуге, мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша өз көзқарасын қалыптастыра және қорғай білуге, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарауға, Конституцияны және конституциялық-құқықтық актілерді талдауға және қолдануға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы конституциялық заңнамасына сәйкес құқықтық әрекеттерді саналы жасауға машықтану.

Білуі тиіс: мемлекет және құқықтың негізгі дефиницияларын; мемлекет және құқық мәнін, қызметін, нысандары мен типтерін; адам және азамат құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік билік органдарының жүйесін, сайлау құқығы мен Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің негізгі ережелерін білу.

Дағдылары болуы тиіс: кәсіби заңдық терминдерді пайдалана білуге, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәні мен мағынасын түсіндіруге, нормативті-құқықтық және құқыққолдану материалдарын талдауға дағдылану.

Құзыретті болуы тиіс: алынған дағды мен білімді заңгер-құқықтанушының кәсіби әрекетінде қолдануды қалыптастыру.

БП/МК

KRKK1202


Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы

емтихан

2

2

4

БП/ТК

KKK1203

RK1203


Құқық қорғау қызметі

Рим құқығы



емтихан

2

3

5

Жалпы модуль бойынша
















7

13




Қылмыстық құқық

БП/МК

KRKK2203


Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)


емтихан

3

3

5

Білуі тиіс: әрекет етуші қылмыстық заңнамамен жұмыс жасау, пән бойынша ғылыми ақпаратты интерпретациялау және жүйелендіру; қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен жіктей білу; нақты жағдайда қолдануға болатын Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің құрылымындағы құқықтық нормаларды анықтау; қылмыстарды саралу, Элементтер бойынша қылмыстық-құқықтық нормаларға жекеленген анализ жасау;

Игеруі тиіс: қылмыстық-құқықтық ғылымның бастапқы категориялары мен институттары; қылмыстық заңның құрылымы мен жүйесі; қылмыстық құқықбұзушылықтарды ұғымы мен түрлері; қылмыстық құқықбұзушылықтарды саралау принциптері; қылмыстық-құқықтық теориясының проблемалы сұрақтары; соттық тәжірибе.

Дағдылары болуы тиіс қылмыстық-құқықтық қатынастар саласындағы заңды мәселелерді шешу және анализдеу; ақиқат фактілеріне дұрыс қылмыстық-құқықтық баға беру, құқықбұзушылықтарды саралау, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату шарттарын анықтау, оларды кәсіби қызметте қолдану;

Құзыретті болу: әрекет етуші қылмыстық заңнаманы білу, қылмыстық құқықтық нормаларды іскерлікпен қолдану және талқылай білу, өзінің кәсіби қызметінің бейініне сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.




БП/МК

KRKK2204


Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)

емтихан

4

3

5

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Цивильдік құқық

БП/МК

KRAK2205


Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)

емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс: әрекет етуші азаматтық заңдылықпен жұмыс істей білу, азаматтық құқық негіздерін арнайы пәндерді оқытуда қолдана білу және тәжірибеде, өздерінің кәсіби қызметінде сауатты пайдалану.

Білуі тиіс: базалық институттар, азаматтық құқықтың қағидалар, нормалар, негізгі құқықтық ұғымдар мен азаматтық құқық терминдарын; негізгі азаматтық-құқықтық міндеттемелер.

Дағдылары болуы тиіс: нормативтік актілермен жұмыс; нормативтік құқықтық актілерді, сот шешімдерін саралау, заңдық құжаттарды жасау.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіби қызметін жүзеге асыруда нақты міндеттерді шешуде алған білімдерін білікті түрде қолдану.

БП/МК

KRAK2206


Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)

емтихан

4

3

5

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Кәсіби тілдік және коммуникациялық біліктілікті қалыптастыру

БП/МК

KКT3207

Кәсіби қазақ тілі

емтихан

5

2

4

Білікті болуы тиіс: қазақ тілінің, шетел тілінің әдістемесін дербес өңдеу, құқық қолдану тәжірибесінде заңгердің қызметінің өнегелік негізін реттейтін заңнама туралы білімді, меңгерген теориялық білімді, қолдана білу.

Білуі тиіс: қазақ тілін, шетел тілін оқытудың негізгі әдістемелік ережесі, заңгердің өнегелік бейнесін қалыптастыруға бағытталған этикалық сипаттағы ерекше норма- талаптарын білу, заң риторикасына талдау.

Дағдылары болуы тиіс: қазақ тілі, шетел тілінің граматикасы мен стилистикасын меңгеру, тәжірибеде заңгер қызметінің этикалық негіздерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану.

Құзыретті болуы тиіс: қазақ халқының рухани бай мадениетін ойдағыдай меңгеруүшін алған білімдерін қолдануда, шет тілі қайнар көздерінен қажетті ғылыми ақпараттарды алу, заңгердің қызметінің өнегелік негіздерін реттейтін заңнамаларды сақтау және кәсіби моральды, реттейтін құқықтық нормаларды қолдануда.

БП/МК

KBShT2208


Кәсіби бағытталған шетел тілі


емтихан

3

2

4

БП/ТК

ZR1209

ZKE1209


Заң риторикасы

Заңгердің кәсіби этикасы







1

3

5

Жалпы модуль бойынша
















7

13




Мемлекеттілік пен құқық дамуының мәселелері

БП/ТК


ShMKT1210

KRMKT1210



Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы


емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: жалпы тарихи заңдылықтар және нақты кезеңдегі тарихи оқиғалар заңдылығы негізінде үрдістердің хронологиялық кезектілігін, нақты қоғам дамуындағы маңызды кезеңдерді анықтауға; өмірде және практикалық қызметте отансүйгіштік және ұлтаралық келісімге негізделген құндылық бағдар алуға; құқықтық түсініктер мен категорияларды игеруге, құқықтық нормаларды талдау және талқылауға, нормативті құқықтық актілерді құқықтық сараптауды жүргізуге, әртүрлі құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды талдауға; практикалық жағдаяттарды талдау барысында құқыққорғау әрекеті түсінігін және принциптерін қолдануға; іскерлік дауларға белсенді араласа білуге, өзіндік ұсыныстарын, оппонент пікірімен келісімін немесе қарсылығын қалыптастыра алуға машықтану.

Білуі тиіс: Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық өмірін зерделеу барысында қалыптастырылған жаңаша идеяларды, өткеннің және қазіргінің барынша маңызды және кең таралған саяси және құқықтық доктриналарын, заманауи қоғам мен мемлекет шындығын есепке ала отырып, құқықтық нормаларды дамыту және қызмет ету қағидалары мен заңдылықтарын ашатын білімдер жүйесін, әскери қызметкерлердің құқықтық мәртебесі бойынша ҚР заңдарын, ҚР Үкіметі шешімдері мен басқару органдары актілерін білу, тарихтағы мемлекет пен құқық туралы пікірлер мен идеялардың плюрализмін (көпжақтылығын) жақсы түсінеді, өзге көзқарастарға құрметпен қарауға тәрбиеленеді және өз позициясын, соның ішінде теориялық мәселелер бойынша да, негіздеуге, дұрыс дәлелдеуге үйренеді.

Дағдылары болуы тиіс: кәсіби заңдық терминдерді пайдалана білуге, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәні мен мағынасын түсіндіруге, нормативті-құқықтық актілерді салыстырмалы талдауға, талқылауға дағдылану.

Құзыретті болуы тиіс: Шығыс және Батыс елдеріндегі мемлекеттік-құқықтық мәселелерге, мемлекеттің құқықтық саясат концепцияларына; кәсіби әрекетін жоғары құқықтық сана, құқықтық ойлау және құқықтық мәдениет негізінде жүзеге асыруға құзіретті болу.

БП/ТК

KB3216

BEOKKE3216




Қолданбалы бизнес

Бизнес экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету



емтихан

6

2

4

БП/ТК

ZhPZhZh3215

KZKBBZh3215




Жаһандық перспективалар және жобалау жұмысы

Қазіргі замандағы құқықтық білім беруді жаңғырту




емтихан

6

2

4

БП/ТК

MKTI3213
KSOKO3213



Мемлекет және құқық туралы ілім

Қазақстанның саяси-құқықтық ойлары



емтихан

6

3

5

БП/ТК

KRKU3214

SK3214


Қазақстан Республикасыңдағы құқықшығармашылық үдеріс

Сот және құқықшығармашылық



емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















13

23




Қазіргі заманғы ұлттық заңдар

БП/ТК

SKU1215

MKKUKN1215



Сайлау құқығы және үдеріс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құқықтық негіз




емтихан

2

3

5

Білікті болуы тиіс: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңнаманы, мемлекеттік қызмет туралы заңдарды талдауда және қолдануда, әкімшілік әділет мазмұны мен элементтерін үйренуде, мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық көзқарас бойынша бағалауда, нақты жағдайда құқық нормаларын қолдануда, құқықты жүзеге асыру үрдісінде құқық нормаларын түсіндіруге машықтану.

Білуі тиіс: Мемлекеттік қызметкерлердің, атқарушы билік органдарының, жергілікті және өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесінің мазмұны мен түсінігінің теориялық ерекшеліктерін; азаматтық құқықтың айрықша құқық талаптарын және негізгі теориялық ережелерін; бірлескен қылмыстық әрекет жайлы қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнын, ерекшеліктерін, әрекет етуші құқық жүйесіндегі нормативті құқықтық актілердің орны мен ролі.

Дағдылары болуы тиіс: Әкімшілік-құқықтық қатынастар саласында; нормативті құқықтық актілерді қолдану саласында, қылмыстық заңнаманы түсіндіру, қолдану және талдау саласында басқарудағы құқықтық актілерді құрастыру және жүзеге асыру.

Құзыретті болуы тиіс Кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекеттің құқықтық саясат тұжырымдамасында нақты тапсырмаларды шешуде алынған білімді білікті қолдану, көші қон үрдісін құқықтық реттеу, Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығын зерттеуде алынған білімді арттыру.

БП/ТК

MKB2216
KREKAKK2216

Мемлекеттік қызмет және басқару

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы



емтихан

3

3

5

БП/ТК

KRKAK2217

KRAK2217


Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы



емтихан

4

3

5

БП/ТК

KRKKK2218

MKBZK2218



Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтағы қатысушылық институты

Меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар




емтихан

3

3

5

БП/ТК

KSN2219
KROK2219


Құқық статистика негіздері Қазақстан Республикасының отбасы құқығы


емтихан

3

3

5

Жалпы модуль бойынша
















15

25




Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларың құқықтық

реттеу


БП/ТК

AKZHAKM2220

Kri2220




Адам құқықтарын жүзеге асырудың қазіргі мәселелері

Криминология




емтихан

4

3

5

Білікті болуы тиіс: адвокатура, Қазақстан Республикасы нотариаты, прокурорлық қадағалау, халықаралық құқық аясындағы негізгі түсініктерді игеру,статистикалық мәліметтердің негізінде әрекет етуші номаларды саралау, салық және қаржы, халықаралық құқық нормаларын сақтау аясындағы мәліметтерді тәжірибеде қолдану, өзекті әлеуметтік-құқықтық мәселелерді зерттей отырып анализ тәсілдерін қолдану, құқықтық қақтығыс пен қылмыстық іс-жүргізуді мемлекеттік бағалау бақылаудың негізгі нысаны ретінде құқыққорғау органдарында және әділет органдарындағы есептерді құрастыру, түсіну және саралай білу.

Білуі тиіс: адвокатура, Қазақстан Республикасы нотариаты, прокурорлық қадағалау саласын бақылау аясындағы мемлекетік басқарудың шешімдерін қабылдаудың нормативтік құқықтық негіздерін саралау; құқықтық статистика негіздері мен бағыттарын, ұлттық және халықаралық құқықтың түсінігімен қағидаларын, оның ерекшеліктеріне, нормалары мен олардың дәрежеленуін меңгеру.

Дағдылары болуы тиіс: мемлекеттік органдардың қызмет саласында прокурорлық қадағалау, адвокатура, салық, халықаралық-құқықтық нормаларды қолдану сұрақтары бойынша анализ жасай білу.

Құзыретті болуы тиіс: халықаралық және ұлттық заңнама аясындағы әлеуметтік маңызы бар мәселер бойынша және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу.

БП/ТК

KIZhABP3221

МК3221


Қылмыстық іс-жүргізушілік актілер бойынша практикум

Мұрагерлік құқық






6

3

5

БП/ТК

KK3222

IMKR3222



Құқықтық қақтығыс Интеллектуалдық меншікті құқықтық реттеу

емтихан

5

3

5

БП/ТК

KRPK3223

MBK3223



Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау Мемлекеттік бақылау және қадағалау

емтихан

6

3

5

БП/ТК

Adv4224

KRN4224


Адвокатура

Қазақстан Республикасы нотариатты



емтихан

6

3

5

Жалпы модуль бойынша
















15

25




Процессуалдық құқық

ПП/МК

KRAIZhK3301


Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы

емтихан

5

2

4

Білікті болуы тиіс: Азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізудің негізгі теоретикалық ережелерімен, арнайы нормаларын

Білуі тиіс: Тәжірибеде азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалармен, алынған теоретикалық білімдерін қолдану, ҚР АІЖК мен ҚР ҚК-нің нормаларын талдау, процессуалдық заңды сақтай отырып, материалдыққа сәйкес заңдық деректерді шеше

Дағдылары болуы тиіс: Құқық қолдану тәжірибесі , құқық қорғау және өзге де юрисдикциялық қызметтің өзекті мәселелерін шешуде , теоретикалық білімді қолдану; азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану

Құзыретті болуы тиіс: Азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдану.

ПП/МК

KRKIZhK3302


Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы


емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















5

9




Салалық заңнаманы дамытудың негізгі тенденциялары

ПП/ТК

ZP3303
KK3303

Заң психологиясы

Кәсіпкерлік құқық



емтихан

5

3

5

Білікті болуы тиіс: жеке құқықтық сипаттағы қатынастарды реттейтін заңнаманы, алған теоретикалық білімді азаматтық сот өндірісінде, монополияға қарсы, қылмыстық, экологиялық заңнама нормаларын қолдану.

Білуі тиіс: бәсекелестік, экологиялық, салалық, кәсіпкерлік құқық, халықаралық жеке және жария құқық ережелерін, сондай-ақ тәжірибе кездесетін мәселелердің негізгі теоретикалық ережелерін.

Дағдылары болуы тиіс ие болу меңгерген білімдерін кәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында нақты міндеттерді шешуде, құқықтық жағдайларды талдау, азаматтық құқықтық дауларда шешуде нормативті құқықтық актілерді қолдана отырып, м берліген қатынастар түрін реттейтін материалды және іс жүргізу құқық нормаларын қолдану.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіптік қызметті жүзеге асыру барысанда нақты міндеттерді орындау кезіңде алған білімдерін білікті қолдана алуы.

ПП/ТК

KREK3304

KRSK3304


Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы

Қазақстан Республикасының салық құқығы



емтихан

6

3

5

ПП/ТК

Kri3305

KSDTT3305



Криминалистика

Қылмыстарды сотқа дейінгі тергеп тексеру




емтихан

6

3

5

ПП/ТК

AIBShESO4306

KIBSO4306




Азаматтық істер бойынша шет елдердің соттық өндірісі Қылмыстық істер бойынша соттық өндіріс





7

3

5

ПП/ТК

KZhZhB4307

KKBSM4307




Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

Қылмыстық құқық бұзушылықты саралау мәселелері






7

3

5

ПП/ТК

KZOM4308

KRM4308



Конституциялық заңнаманың өзекті мәселелері

Құқықтоық реттеу механизмі






7

3

5

ПП/ТК

HZhK4309

HZhK4309



Халықаралық жария құқығы

Халықаралық жеке құқық







7

3

5

ПП/ТК

SZhKKBKIK3310

OKKKR3310




Сыбайлас жемқорлықты қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл Өтеулі қызмет көрсетуді құқықтық реттеу




5

3

5

ПП/ТК

KKUK4311

ZhTBP4311




Көші-қон үрдісінқұқықтық реттеу

Жаза тағайындау бойынша практикум






7

3

5

Жалпы модуль бойынша
















27

45




Іс қағаздарын жүргізу және құқық

ҚМ/ТК


Kyzh2301

MTIKZh2301




Құжаттану Мемлекеттік тілде іс- қағаздарын жүргізу





3

2

4

Білікті болуы тиіс: кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін игеру; өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу.

Білуі тиіс: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, іс-қағаздарды сауатты толтыра білу, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу.

Дағдылары болуы тиіс: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде іс-қағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу.

Құзыретті болуы тиіс: коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.

ҚМ/ТК


SZhKMN1302

KK1302


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Құқық қағидалары






1

2

4

Жалпы модуль бойынша
















4

8




Іс-тәжірибе







Оқу







2

1

Білікті болуы тиіс: Мемлекеттік, құқық қорғау органдары және шаруашылық жүргізуші субъектілердің құзыреттілігін, жүйесі мен құрылымын білу; қоршаған ортамен өзара байланыс жасауға қажетті тілдері мен тәсілдері; дамудың жеке және кәсіби оқыту стратегиялары.

Білуі тиіс: маманның болашақ кәсіби қызметіне тән түрлі жағдайларда теориялық білімін пайдалану; мемлекеттік, құқық қорғау органдары және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді талқылау және қолдану, құқықтық шешімдер қабылдау және нақты заңға сәйкес өзге де заңдық әрекеттер жасау, заңдық құжаттар жасау және ресімдеу, дәрежелі заңдық қорытындылар мен кеңестер беру, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, еңбек, әкімшілік-құқықтық және өзге де қатынастар саласындағы заңды мәселелерді шешу және анализдеу.



Дағдылары болуы тиіс: логикалық, методологиялық, жалпы ғылыми қызмет элементтерін өзіне қосатын, сонымен қатар, қажетті ақпаратты іздеу, анализдеу және іріктеу, оны ұйымдастыру, қайта жандандыру, сақтау және оны беру ақпараттық технологияларының көмегімен мүмкін болатын, статистикалық және өзге де таным әдістерін пайдаланатын нақты танушы объектілермен сәйкестендірілген дербес танымдық қызмет саласында топпен жұмыс жасау, ұжымда түрлі әлеуметтік рольдерді меңгеру.

Құзыретті болуы тиіс: қоршаған әлемге бейімделе білу, өз ролін ұғына білу, өз әрекеттері мен шешім қабылдауында; дербес жұмыста және белсенді танымдық қызметте, өзін-өзі дамытуда мақсатты және мәнді нұсқама ұстана және таңдай білу.







Өндірістік







8

20







Дипломалды







2

4

Жалпы модуль бойынша
















12

25













Дене шынықтыру







8

14




Мемлекеттік аттестациялау









Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан

Емтихан


8

1

2

Білікті болуы тиіс: әрекет етуші конституциялық, азаматтық, азаматтық іс-жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу құқығының негізгі теориялық ережелері; негізгі ұлттық және шетелдік нормативтік-құқықтық актілері және базалық құқықтың қайнар көздері, олардың иерархиясын білу; нақты заңгерлік істі жүзеге асыру кезінде сотқа дейінгі, соттық іс қарауының процессуалдық әрекеттері туралы нақты түсінік, ұғымның болуы.

Білуі тиіс: күші бар қылмыстық заңнама және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау, пән бойынша ғылыми ақпаратты интерпретациялау және жүйелендіру; әрекет етуші заңнаманың нормалары мен қолдану тәжірибесін, сонымен қатар құқықтық мәселелерін анализдеу; әрекет етуші заңнаманың нормалары мен олардың пайдалану тәжірибесін анализдеу; қажетті көлемде оқу материалдарының мазмұнымен өзара байланыста арнайы терминологияны пайдалану; нақты заңдық казусқа (жағдай) салалы құқықтық норманы кәсіби түрде түсіндіру және ұғыну; нақты істер бойынша аузша және жазбаша нысанда дәрежелі заңгерлік қорытындылар мен кеңестер беру; нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік сонымен қатар, мәдени маңызы бар шешімдер шешу кезінде мамандық бойынша теориялық білімін қолдану;

Дағдылары болуы тиіс: дайындалатын мәселелер мен сауалдарды шешу кезінде ғылыми зерттеу және эксперимент жүргізудің әдістемесін меңгеру және дербес жұмыс жасау; кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде нақты мәселелерді шешуде алған білімін дәрежелі және сапалы түрде қолдана білу; әрекет етуші заңнаманың ұдайы жаңару шарттарының негізінде кәсіби бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Құзыретті болуы тиіс: өзінің болашақ кәсіби мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғына білу, кәсіби құқықтық сананы жеткілікті дәрежеде меңгеру; заң этика принциптерін орындау; ойлау мәдениетін меңгеру, қорытындылау, анализдеу, ақпаратты қабылдай білу,мақсат қоя білу және оған қол жеткізу жолдарын таңдау қабілеті; логикалық түрде дұрыс, аргументтелген және нақты ауызша және жазбаша сөйлем құра білу қасиеті; сыбайлас жемқорлық міне-құлыққа шыдамсыз қатынаста болу, құқық және заңға құрметпен қарау; өзін-өзі дамытуға, біліктілікті арттыру және шеберлікке ұмтылу; әкімшілік, тәртіптік, азаматтық және қылмыстық сот өндірісіндегі құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруда дауларды шешуде альтернативті әдістер қолдану, сотқа дейінгі және соттық іс қарау өндірісінде процессуалдық нормаларды қолдану.







Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру

Емтихан


8

2

4

Жалпы модуль бойынша
















3

6





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет