Білім беру бағдарламасы Этнология және этнография пәні бойынша 5В011400



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі192 Kb.
#84019
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
СИЛЛАБУС ЭЭ каз (2)

Пәннің тақырыптық жоспары
күндізгі оқу түрі, ЖОБ негізінде 5В011400, 5В013000



Пән тақырыптарының атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

Модуль 1 Тарих, классификациялау, этногенез

1

Этнология курсы: пәні, мақсаты мен міндеттері, әдістемелік және деректік негізі

2

2




1

2

Этнология теориясының негізі және бағыттары.

2

2




1

3

Әлем халықтарының негігі классификациясы.

2

2




1

4

Этногенез және этникалық тарих

2

2




1

5

Австралия және Мұхит аралдары халықтары

2

2




1

2 модуль Азия, Африка, Америка халықтары

6

Шетел Азия халықтары

2

2




1

7

Африка халықтары

2

2




1

8

Америка халықтары

2

2




1

9

Еуропа халықтары

2

2




1

10

Кавказ халықтары

2

2




1

11

Сібір халықтары

2

2




1

12

Қазақтың этникалық тарихы

2

2




1

13

Қазақ этнологиясы

2

2




1

14

Этностар арасындағы қарым-қатынас

2

2




1

15

Қазіргі этнографияның даму тарихы

2

2




1




Барлығы ( сағат):

30

30

-

15

Пәннің тақырыптық жоспары
күндізгі оқу түрі, ЖОБ негізінде 5В011400, 5В013000, 5В012900, 6В1610



Пән тақырыптарының атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

Модуль 1 Тарих, классификация, этногенез

1

Этнология курсы: пәні, мақсаты мен міндеттері, әдістемелік және деректік негізі

1

1




0,5

2

Этнология теориясының негізі және бағыттары.

1

1




0,5

3

Әлем халықтарының негігі классификациясы.

1

1




0,5

4

Этногенез және этникалық тарих

1

1




0,5

5

Австралия және Мұхит аралдары халықтары

1

1




0,5

2 модуль Азия, Африка, Америка халықтары

6

Шетел Азия халықтары

1

1




0,5

7

Африка халықтары

1

1




0,5

8

Америка халықтары

1

1




0,5

9

Еуропа халықтары

1

1




0,5

10

Кавказ халықтары

1

1




0,5

11

Сібір халықтары

1

1




0,5

12

Қазақтың этникалық тарихы

1

1




0,5

13

Қазақ этнологиясы

1

1




0,5

14

Этностар арасындағы қарым-қатынас

1

1




0,5

15

Қазіргі этнографияның даму тарихы

2

2




1




Барлығы ( сағат):

16

16

-

8

Дәріс сабақтарының тақырыптары


1 модуль. Тарих, классификация, этногенез


Тақырып 1. Этнология курсы: пәні, мақсаты мен міндеттері, әдістемелік және деректік негізі.
Этнология ғылымының тарихы. Этнология пәні және міндеті. Қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны. «Этнос», этнология терминіндеріне түсінік. Этнос теориясы, зерттеу әдістері. Этнологияның негізгі дерек көздері.
Тақырып 2. Этнология теориясының негізі және бағыттары.
1. Эволюционизм. Г.Клемм, И.Унгер, Т. Вайц. Мәдени-геграфиялық бағыт (Л.Т, Морган, Э.Тайлор и др.). Биологиялық бағыт (А.Бастиан, Т.Ахелис). Әлеуметтік бағыт (О.Конт, Э.Дюркгейм, И.Баховен). Географиялық бағыт (О.Пешель, К. и Р.Андре).
2. Диффузионизм. Ф.Ратцель, Л.Фробениус. Тарихи-мәдени бағыт (Э.Норденшельд). Мәдени шеңберлер оқуы (Ф.Гребнер, В.Шмидт). Мәдени теория ареалы (К.Уисслер, К.Кребер). Гелиолитикалық мектеп (Г.Эллиот-Смит, У.Риверс).
3. Функционализм. (Р.Турнвальд, Б.Малиновский). Теория систем. Структурализм (А.Р.Радклифф-Браун, К.Леви-Стросс, Э.Эванс-Причард).
4. Қазіргі заман этнологиясы. Француз әлеуметтік мектебі (Э.Дюркгейм, М.Мосс, М.Гране, Л.Леви-Брюль). Американдық мектеп (Ф.Боас, К.Уисслер, А.Кребер). Этнопсихологиялық мектеб. Психоантропологиялық теория (А.Кардиннер). «Культурная конфигурация» (Р.Бенедикт). Ұлттық мінезді зерттеу әдісі (М.Мид). Постмодернистік критика (П.Смитт, М. Бонд.). XX ғ. – XXI ғ. басындағы этнологиядағы дағдарыс мәселесі.
5. Ресей этнологияның дамуы. (К.Д. Кавелин, М.М. Ковалевский, Д.Н. Анучин). Кеңесттік этнология (В.Г.Богораз, С.П.Толстов, Ю.В.Бромлей и др.). Теория этноса Л.Гумилева.
6.Қазақстанда этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы. (Ш.Ш.Уәлиханов, А.Диваев, Ә.Х.Марғұлан, Ә.А.Масанов, Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқанов Ж. Артықбаев және т.б.).
Тақырып 3. Әлем халықтарының негігі классификациясы.
1.Географиялық класификация. Негізгі ландшафтың немесе климаттың облыстар бойынша үлкен аудандар көлемінде этностардың қалыптасуы мен орналасуын зерттеу. (австралия, және Океания, Азия, Африка, Америка, және Европа).
2.Антропологиялық класификация. Нәсілдердің қалыптасу факторлары. Негізгі нәсілдік топтар: европоидтық, негроидтық, монғолоидтық, австралоидтық. Аралас немесе ауыспалы нәсілдер. Морфологиялық және физиологиялық комбинациялардың әртүрлі популяциялардағы белгілер.
3.Лингвистикалық класификация. Шығу тегі және туыстық белгілері бойынша тілдердің генелогиялық класификациясы. Тілдік семья, тілдік тамыр, тілдердің топтасуы, бөлек тілдер. Негізгі тілдік топтар.
4.Шаруашылық – мәдени класификация. Алғашқы шаруашылық мәдени түр. Аңшылық, терімшілік, балық, аулау. Аңшылар ментерімшілердің кейінге қалу түрлері (жабайы). Теніздер мен мұхиттардың жағалауындағы аңшылар ментерімшілер. Солттүстік Америка мен Солтүстік Евразия солтүстік орман аудандарының аңшылары. Өзен, теңіз және мұхиттардың солтүстік жағалауындағы отырықшы балық аулаушылары. Мұзды мұхиттың жағалауында артикалық аудандарының аңшылары.
Тақырып 4. Этногенез және этникалық тарих. «Этногенез» ұғымына түсінік. Этногенез, этникалык тарих және этникалық процесстер. Л.Н.Гумилев, З.Фрейд, А.Л.Чижевскийдің ғылыми көзқарастары. Этногенезді зерттеудің деректері. Этнос эволюциясы. Л.Н.Гумилевтің пассионарлық теориясы.
Тақырып 5. Австралия және Мұхит аралдары халықтары.
1.Австралия және Океанияның тарихи мәдени аудандастырылуы. Австралия және Тасмания, Меланезия, Микронезия, Поленезия, Австралия және Океания халықтарының этногенез мәселесі және бұл аудандардың этникалық тарихының негізгі этаптары. Авиралия мен Океанияға Европалықтардың келуі және оның нәтижесі.
2.Австралия және Тасмания халықтары. Антропологиялық және тілдік ерекшелігі. Шаруашылық: терімшілік, балық аулау, материалдық мәдениет. Қоғамдық құрылыс: тайпа, фратрий, ру, локалдық топ. Дін. Тотемизм, магиялық діни сенім анемизм. Халық шығармашылығы және көркем, бейнелеу өнері. Англоавстралиялықтардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.
3.Меланезия халықтары. Этнолингвистикалық ерекшелік. Антропологиялық түр. Шаруашылық: қол егінділігі, өртемелі шабындық егіншілік жүйесі, балық аулау. Материалдық мәдениет. Қоғамдық құрылысы. Дәстүрлі дінинаным-сенім. Неке – отбасылық қатынастары. Фольклор, бейнелеу және музыкалық өнер.
4.Полинезия халықтары. Нәсілдік түр және лингвистикалық классификация. Шаруашылық: қол егіншілігі және балық аулау. Материалдық мәдениет. Дәстүрлі қоғамдық құрылысы. Рухани мәдениет. Полинезиялық дін. Протестантизм. Бейнелеу және музыкалық өнер. Еуропалықтардың жергілікті халыққа тигізген ықпалы. Англотілдік жаңа зеландиялықтар мен маорилер.
5.Микронезия халықтары. Микронезия (майда аралдар) ерекшеліктері. Тілдік класификация. Нәсілдік келбет. Егіншілік, балық аулау және аңшылық. Материалдық мәдениет. Дәстүрлі дін: аруақтарға табынушылық, ата –бабаға табынушылық, рух пен тәңірге сенім, шаманизм элементтері. Фольклор, пиктографиялық жазба. Жергілікті халықтардың қоғамдық және отбасылық өмірінің әртүрлі жақтарына еуропалық


2 модуль Азия, Африка, Америка халықтары


Тақырып 6. Шетел Азия халықтары. Этногенез, этникалық тарих және жаңа этникалық құрам. Шаруашылық: соқамен егіншілік және көшпелі мал шаруашылық(номадизм). Ирриграциялық жүйе. Меридиандық, тігінен, станционерлық көшпелі қоғам. Материалдық мәдениет. Егіншілердің қоныстануы. Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырқшылануы. Егінші және мал шаруашылығы мен айналасушылардың тұрғын үй түрлері. Егіншілер мен малшылардың дәстүрлі ыдыс – аяқ, киім және астары. Дәстүрлі транспорттық байланыс. Отбасы. әлеуметтік қарым – қатынас. Қоғамдық қатынас. Рухани мәдениет. Халықтық шығармашылық және арабтардың халық медицинасы. Түрік халқының өнері. Иран халқының әдеби шығармашылығы. Ауғанстан халқының өнері. Дін.
Тақырып 7. Африка халықтары. Тарихи – мәдени және географиялық мінездеме. Этногенез және этникалық тарих. Африка халықтарының қазіргі заманғы этникалық құрамы. Халықтың антропологиялық және этнолингвистикалық құрамы.
Солтүстік Африка халықтары. Солтүстік Африка халықтары: Алжир, Египет, Батыс Сахара, Ливия, Мавритания, Марокко, Судан, Тунис. Шаруашылығы. Қолмен және соқамен жер өндеу. Мал шаруашылығы Маманданған қолөнер - ұсталық, зергерлік, терілік, үрлемелі өнерлері Материалдық мәдениет. Жер өңдеушілер мен малшылардың тұрғылықты жері. Ұлттық киім. Дәстүрлі тағамы. Рухани мәдениет. Отбасы және отбасылық қатынас. Неке-отбасылық ғұрыптар. Дін.
Тақырып 8. Америка халықтары.
1.Солтүстік Америка. Солтүстік Американың арктикалық аймағы (эскимостар). Солтүстік Американың үндіс халықтары. Негізгі шаруашылығы. Еңбек құралдары. Дәстүрлі мәдениеті. Баспана. Киімі. Материалдық мөәениеті. Діні.
2.Мезоамерика. Тілдік құрамы. Шаруашылығы. Сауда. Ірі семьялық топтар. Діні. Майя мәдениеті. Майя жазбалары.
3.Оңтүстік Америка. Тілдік құрамы. Жер шаруашылығы. Шаруашылыгы: терімшілік, аңшылық пен балық аулау. Қоғамдық катынастары. Экзогамдық топтар. Діни наным-сенімдері.
4.Европалықтардың Американы басып алуы мен отарлауы. Отарлау саясатының зардаптары. Жаулап алу саясатынан кейінгі Американың мәдениеті мен халкының қалыптасуы.
Тақырып 9. Еуропа халықтары.
1.Европа халықтарының тарихи-мәдени географиялық сипаттамасы. Батыс, Орталық, Солтүстік жөне Оңтүстік Европа халықтары. Этногенезі жөне этникалық тарихы. Тілдік және антропологиялық классификациясы. Шаруашылығы жөне материалдық мөдениеті. Рухани медениеті. Отбасы тұрмысы мен әдет-ғұрптары. Діні.
2.Шығыс славян халықтары. Этникалық тарихы. Тілдік және антропологиялық сипаттамасы. Шарушалық және материалдық мәдениеті. Отбасы тұрмысы мен әдет-гұрыптары. Дәстүрлі халық мәдениеті. Діні. Халық өнері.
3.Шығыс Европаның славян емес халықтары. Этногенез және этникалық тарихы. Шаруашылығы. Материалдық мәдениеті. Қоғамдық және отбасы тұрмысы. Рухани мәдениеті.
4.Прибалтика халыктары. Этногенез және этникалық тарихы. Шаруашылығы. Кәсібі. Материалдық жөне рухани мөәениеті. Діні.
5.Солтүстік Шығыс Европа халықтары. Этногенез жөне этникалық тарихы. Шаруашылығы. Баспана. Киімі. Рухани мәдениеті. Отбасылық тұрмысы.
6.Кавказ халықтары. Этникалық кұрамы. Этногенезі және этникалық тарихы. Тіл топтары. Шаруашылыгы. Материалдык мәдениеті. Баспана. Киімі. Тағамы. Қоғамдық жөне отбасылық турмысы. Діни нанымдар. Халық шығармашылығы.
Тақырып 10. Кавказ халықтары. Кавказ халықтары. Этникалық құрамы. Этногенезі және этникалық тіл топтары. Шаруашылығы. Материалдық мәдениеті. Баспана. Киімі. Тағамы. Қоғамдық және отбасылық тұрмысы. Діни ағымдар. Халық шығармашылығы.
Тақырып 11. Сібір халықтары. Сібір халықтары. Жергілікті халықтарының этногенезі мен этникалық тарихы. Этнолингвистикалық құрамы. Нәсілі. Мал шаруашылығы. Арктикалық аңшылар. Материалдық және рухани мәдениеті. Діни магиялық түсініктер. Отбасылық тұрмысы.
Тақырып 12. Қазақтың этникалық тарихы.
1.Қазақтар. Қазақтардың этнологиялық зерттеу тарихы. Проблеманы зерттеу дәрежесі, оның негізгі этаптары. Антикалық, қытай, араб – парсы және ортағасырлық европалық қазақтар туралы мәліметтер. Революцияға дейінгі Орыс тарихнамасы. Қазақ этносын зерттеудегі Орыс географиялық қоғамының орны. Жаңа заманның батыстық тарихнамасы. Қазақтардың және Қазақстанның басқа этностарының этнологиялық тарихнамасындағы Совет дәуірі. Жаңа заманның батыстық тарихнамасы. Қазақстандағы повесттік зерттеулер.
2.Қазақтардың этногенезі мен этникалық тарихы. Археологиялық, антропологиялық, этнологиялық, фольклор, лингвистика мен жазба деректердің қайнар көздері. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар: сақтар және сарматтар. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер: ғұндар, үйсіндер және қаңлылар. Қазақстан ортағасырда: түрік, түргештер, қарлұтар, оғыздар, қимақтар, қараханидтер, наймандар, жалайыр, қарақытай және қыпшақтар. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі қазақ халқының құрылу сатысының негізгі этапы және этникалық компонентері Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығының дәуірінде. Қазақ хандығы мен қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері және этникалық шекара. Қазақ халқының этникалық құрамы, географиялық қоныстануы және саны.
Тақырып 13. Қазақ этнологиясы.
1.Шаруашылық – мәдени типтері. Дәстүрлі қазақ шаруашылығының құрылымы. Көшпелі шаруашылық. Көшпелілік генезисі және эволюциясы. Көшпелі шаруашылық типологиясы: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылықтар. Көшпелі шаруашылық ұйымы. Жайылымдылық мал шаруашылығының техникасы және әдістері. Малдарға арналған шаруашылық құрылым типтері. Халықтық мал дәрігерлігі. Мал шаруашылығымен байланысты ғұрыптар мен сенімдер. Жер өндеу. Шаруашылықтың түрлі типтеріндегі жер өндеудің маңызды орны. Жер өндеу мінездемесі және жер өндеу. Жерді пайдаланудың формасы мен синтезі. Жер өндеу шаруашылығындағы еңбек ұйымы. Жер өндеу саймандары және жасалған мәдениет құрамы. Жер жырту техникасы. Жыртылатын жерді өндеу және құралдары. Егіс жинау, оны ұнтақтау әдістері, бидайды сақтау әдістері. Бау – бақшалық және көкініс бақшасы. Жер өндеу жұмыстарының халықтық календары. Жер өндеуге байланысты салт – дәстүр, ғұрып және мерекелер.
2.Аңшылық. Аңшылықтың түрі мен әдісі: аңшы құстарымен, қабаған иттермен (тазы), оларды аулау әдістері. Дәстүрлі және өзіндік қызығушылықпен аңшылық. Аңшылықпен байланысты дәстүрлілер, ғұрыптар мен әдеттер. Балық аулау және т.б. этностың өзін - өзі қамтамасыз ету жүйесі.
3.Материялдық мәдениеті. Елді – мекен және тұрғын жер. Елді мекеннің пайда болуының уақыты және есебі. Қоныстанудың дәстүрлі типі. Қоныстанудын қазіргі заманғы типі және оның генетикалық байланысы. Дәстүрлі тұрғын үй: киіз үй, күрке, қос, жолым және т.б. Тұрақты үйлер мен шаруашылық құрылыс типтері. Дәстүрлі және қазіргі үйлердің азды – көпті ұқсастығы. Құрылыс материалы және салу технологиясы. Қоғамдық құрылыстар. Халықтың және қазіргі архитектура. Дәстүрлі интерьер және жиһаз. Үймен байланысты наным – сенім.
Киім және сәндік әшекей. Дәстүрлі және қазіргі киімдер. Киім типінің шығуына географиялық ортаның әсері. Ерлер, әйелдер және балалар киімдерінің негізгі құрамды бөліктері. Күнделікті, және мерекелік, қыстық және жаздық той және қаралы киімдері. Қалалық еуропалық киімдердің пайда болуы. Иноэтникалық ықпал. Бас киімдер. Тері және пималық аяқ – киім. Белдіктер. Әшекейлер. Әшекей бұйымдарының формасы мен әдістері. Амулеттер. Киім мен әшекейлерге байланысты сенімдер мен ғұрыптар.
Тамағы. Тамақтану жүйесі: ет, сүт, өсімдік, аралас. Күнделікті, арнайы, мезгілдік мерекелік, қонақтық, дәстүрлі және ғұрыптық ұлттық тағамдар. Тамақтану уақыты. Тиым салынған тағамдар. Трапеза этикасы. Азық – түлікті өндіру, консервілеу және сақтау әдістері. Ыдыс – аяқ саймандары: металдық, керамикалық, ағаш, тері және т.б. тамақпен байланысты дәстүрлер мен ғұрыптар. Үй – жайлық қолөнер. Қазақтардағы қолөнердің дамуы туралы археологиялық және жазба куәліктері. Ағаш өндеу. Ұсталық қолөнер. Зергерлік өнер. Терілік өнер. Сүйек өндеу. Үй – жайлық қолөнер шаруашылықтың мал шаруашылық типінің жалғасы ретінде. Тері илеу өндірісі. Тоқымашылық. Кілем тоқу. Кесте тігу.
4.Әлеуметтік – нормативтік мәдениет және салт – дәстүр. Той (үйлену) ғұрпы. Балалар ғұрпы. Жерлеу – еске алу ғұрпы. Қазақтың отбасы – некелік қатынастары. Балаларды тәрбиелеуде этникалық дәстүр жүйесі. Қазақстанның әлеуметтік – нормативті этикеті. Дәстүрлі музыка. Халық мереклері және ойындары. Қазақтардың діни көзқарастары, сенімдері мен білімі. Исламға дейінгі наным – сенім. Тәңірге табыну. Шаманизм және бақсылық. Бабалар аруағына сенім. Қазақтарда исламның таралуы. өмірдегі түрлі халықтық білімдері – календарь, аурудың емі, малды емдеу туралы түсінігі.
Тақырып 14. Этностар арасындағы қарым-қатынастар.
1.Этностар арасындағы байланыс және оның нәтижелері. Тарихи фактор. Әлеуметтік фактор. Саяси фактор. Жағдайлық фактор. Этностар арасындағы байланыстың нұсқалары. Этникалық ассимиляция. Этникалық адаптация..
2.Жергілікті халықтар және этникалық азшылдық. Жергілікті халықтар. Абориген. Этникалық азшылдық.
3.Этностар арасындағы қатынастың түрлері.Геноцид. Апартеид. Сегрегация. Дискриминация. Жат мәдениет концепциясы.
4.Этностар арасындағы қарым-қатынастың теориялары. Аккультурация концепциясы. Жұмылдыру концепциясы. Интегрировалық концепциясы. Ішкі отарландыру концепциясы.
Тақырып 15. Қазіргі этнографияның даму тарихы. Қазіргі кезде этнография мәселесі. Оның тарихнамасы мен даму тарихы. Этнография ғылымының негізгі өкілдері.


Тәжірибе сабақтарының тақырыптары мен сұрақтар тізбесі


Тақырып 1. Этнология курсы: пәні, мақсаты мен міндеттері, әдістемелік және деректік негізі
1. Этнос, этнология терминіндеріне түсінік
2. Этнология пәні. Мақсаты мен міндеттері
3. Этнологияның зерттеу әдістері
4. Этнологияның негізгі дерек көздері
Тақырып 2. Этнология теориясының негізі және бағыты
1. Эволюционизм.
2. Диффузионизм.
3. Функционализм.
4. Қазіргі этнология.
5. Ресей этнологияның дамуы.
6. Қазақстанда этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы.
Тақырып 3 Әлем халықтарының негізгі класификациясы.
1. Географиялық класификация.
2. Антропологиялық класификация.
3. Лингвистикалық класификация.
4. Шаруашылық – мәдени класификация.
Тақырып 4. Этногенез және этникалық тарих
1. «Этногенез» ұғымына түсінік
2. Л.Н.Гумилев, З.Фрейд, А.Л.Чижевскийдің ғылыми көзқарастары
3. Этногенезді зерттеудің деректері
4. Этнос эволюциясы. Л.Н.Гумилевтің пассионарлық теориясы
Тақырып 5. Австралия және Мұхит аралдары халықтары
1. Австралия және Океания: халқы, аумағы
2. Австралия және Океанияның тарихи этнографиялық аудандарға бөлінуі
3. Австралия және Океания халықтарының шаруашылығы
4. Австралиялықтардың қоғамдық құрылысы
Тақырып 6. Шетел Азия халықтары

  1. Азия: тарихи анықтама.

  2. Азия халықтарының шаруашылығы

  3. Азия халықтарының мәдениеті.

  4. Орталық Азия және қазақ мәдениетінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері(әдет-ғұрып негізінде)

Тақырып 7. Африка халықтары

  1. Африканың аумағы мен географиялық ортасы

  2. Африканың халқы

  3. Африка шаруашылығы

Тақырып 8. Америка халықтары

  1. Америка: аумағы мен халқы

  2. Америка халықтарының тілдік ерекшеліктері

  3. Америка халықтарының шаруашылығы мен мәдениеті

Тақырып 9. Еуропа халықтары
1. Еуропа: халқы, аумағы
2. Еуропа халықтарының этникалық тарихы: герман, кельттік , батыс және оңтүстік славяндар.
Тақырып 10. Кавказ халықтары.
1. Кавказ халықтарының этникалық тарихы.
2. Кавказ халықтарының шаруашылығы мен мәдениеті.
Тақырып 11. Сібір халықтары.
1. Сібір халықтарының этникалық тарихы
2. Сібір халықтарының мәдениеті мен шаруашылығы
Тақырып 12. Қазақтың этникалық тарихы
1. Қазақтардың этнологиялық тарихы
2. Қазақтардың этногенезі
Тақырып 13. Қазақ этнологиясы
1. Шаруашылық – мәдени типтері
2. Аңшылық
3. Материалдық және рухани мәдениет
4. Салт-дәстүрлер мен ырым жоралғылар
Тақырып 14. Этностар арасындағы қарым-қатынас
1. Этностар арасындағы байланыс және оның нәтижелері
2. Жергілікті халықтар және этникалық азшылық
3. Этностар арасындағы қарым-қатынас түрлері
Тақырып 15. Қазіргі этнографияның даму тарихы
1. Казіргі кездегі этнография
2. Этнография ғылымының өкілдері
Өздік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары (СӨЖ)


Студенттердің өздік жұмыс түрлерінің тізбесі
Сіздер пәнді меңгеру барысында тақырыптық жоспар мен күнтізбелі бақылау жұмысының кестесіне сәйкес аудиториядан тыс келесі жұмыстарды орындауыңыз керек:

  1. тәжірибешілік сабақтарға, яғни, үйге берілген тапсырманы орындап келу;

  2. дәрістік материалдарға енбеген міндетті курс тақырыптарын қарастырып, конспектілеу.

  3. Қосымша деректерді оқып келу.

Бір сағаттық тәжірибешілік сабақтарға дайындалуға орта есеппен бір сағат бөлінеді.
Тәжірибешілік сабақтарға тапсырмаларын дайындалу үшін және пән бойынша қосымша материалдарды өңдеу үшін, келесі сабақтардағы орындалатын тапсырмалардың әдістемелік нұсқаулығы мен рәсімдеу бойынша талаптары беріледі.


Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары:



  1. Этнология курсы: пәні, мақсаты мен міндеттері, әдістемелік және деректік негізі

  2. Этногенез және этникалық тарих

  3. Шаруашылық мәдени типтер

  4. Қазақтардың этногенезі

  5. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениеті

  6. Австралия және мұхит аралдары халықтары

  7. Шетел Азия халықтары

  8. Африка халықтары

  9. Еуропа халықтарының этникалық тарихы

  10. Америка халықтары

  11. Кавказ және Сібір халықтары



Әдебиет
Негізгі әдебиет

  1. Шалекенов У.Х., Шалекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы: Оқу құралы.- Алматы .- 2002, 2003

  2. Шалекенов У. Әлем халықтары-ның этнографиясы. А., 1994.

  3. Артыкбаев Ж.О. Этнология и этнография:Учеб.пособие. - Астана,2001



Қосымша әдебиет

  1. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Оку куралы. - Алматы, 1997

  2. Емохонова Л.Г.Мировая художественная культура:Учеб.пособие.-М.,1999

  3. Садохин А.П.,Грушевицкая Т.Г. Этнология: Учебник-М., 2001,2003

  4. Этнология: учеб.пособие /под ред.Е.В.Миськовой. - М., 2006

Бағыттың саясаты
СӨЖ мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін. Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысып отырсаңыз, барлық сабақтарға дайындалып жүрсеңіз, барлық тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындасаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік жоспарында көрсетілген ең жоғарғы ұпайда жинайсыз. Бақылау шараларының жоспарын, сабақтағы тәртіпті бұзушылық және сабаққа кешігушілік жазаланатын болады. Оқу үрдісіне қатысу дегеніміз - сабақтарға қатысу, топтық жұмысқа және талқылауларға дайын, белсенді болу.
Сіздің тәжірибешілік сабақтарға дайындығыңыз сауалдар қою арқылы, үй тапсырмаларын тексеру, топтың жұмысқа қатысуыңызбен тексеріледі. Сабақтарға ескертусіз және кешігусіз қатыссаңыз Сіз 2 ұпай аласыз. Егер Сіз сабаққа дайындалмасаңыз, онда тек қатысқандығыңыз үшін ғана бағаланасыз.Сабақ өткеннен кейінгі дайындық бағаланбайды.
СӨЖ мерзімінен кеш орындалуы (сабаққа дайындықтан басқасы) ұпайдағы төмендеуіне әкеп соғады:

    1. 1 аптада кешігу - 1/3;

    2. аптадан артық кешігу - 2 есе.

Тәртіп бұзушылық үшін және сабақтың әр түріне кешугі, қатысқандығы үшін ұпай 2-ден, 0,5-ке дейін төмендеуі мүмкін.
Сабақтан шығарылып жібергені үшін қатысқаны үшін қойылатын ұпай және сабаққа дайындығы үшін қойылатын ұпай «0»-ге тең болады.
Әр семестрде пәндердің бөлімдеріне сәйкес өткен тақырыптар бойынша тест түрінде екі аралық бақылау қарастырылған. Егер Сіз бақылау сабағын себеппен босатқан болсаңыз, жеке тапсырма бойынша және оқытушының кеңесімен тапсыру мүмкіндігі ұсынылады. Семестр ішінде екі рет ағымдағы үлгерімнің қорытынды ұпайы анықталады. 50-ден төмен ұпай қанағаттанарлықсызға сәйкес.
Егер сіз аралық бақылауға қатыспасаңыз, онда сіздің рейтингіңіз анықталмайды, яғни ол «0»-ге тең болады.
Қорытынды емтихан тест түрінде өткізілетін болады. Емтиханды немесе жазбаша жұмыстарды орындауда көшіруге тыйым салынады. Пәндер бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша анықталады:
Р1+Р2
Қ= ------------ *0,3+Е*0,4
2
100 балдық шкала бойынша, 1-2 жинаған рейтинг қорытындысы және емтихан анықталады.
Р1, Р2,Е - бұл әрине балл.
0,3; және 0,4 - сәйкестендіріліп таразыланған бөлігі, институттың Ғылыми кеңесінің бекітімі бойынша.
Егер сіз емтиханда қанағатсыздандырылғандықтан (кемі 50 балл), онда сіздің пәндік бойынша алған қорытынды рейтинг анықтамайды, ал ведамостке «қанағатсыздандырарлық» деген баға енеді.
Сәттілік тілейміз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет