Модуль тапсырмалары: 8.1. Гидравликалық сұйықтықтардың қасиеттерін және іріктеу белгілерін түсіндіру.
8.2. Гидравликалық резервуарды және оның функцияларын тұжырымдау.
8.3. Сүзгілерді қолданудың функциялары мен принциптерін тұжырымдау.
8.4. Гидравликалық өткізгіштердің кең тараған түрлерінің құрылысын және қолдану саласын түсіндіру.
8.5. Гидравликалық жылу алмастырғылардың функциялары мен қолдану салаларын тұжырымдау.
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Гидравликалық жүйенің функцияларын және компоненттерін қолдану принциптерін түсіндіру.
Модуль тапсырмалары: 9.1. Тістегеншікті сорғыны қолдану принциптерін түсіндіру.
9.2. Гидравликалық бақылау клапандарының негізгі түрлерінің қолданылу принциптерін түсіндіру (тура әрекет ететін қысымның түсіргіш клапаны, ашық ортасы бар гидро айырғасымен басқару клапаны).
9.3. Негізгі гидравликалық цилиндрлерді қолдану принциптерін түсіндіру.