Білім беру бағдарламасы мамандығы: Газ инжинирингі технологиясы



бет161/161
Дата06.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#79560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161
6. Курстың бағалау жүйесі



Емтихандар

50 %

Тапсырмалар мен тестілер

10 %

Зертханалық емтихандар

30 %

Зертханалық тапсырмалар

10 %

Барлығы

100 %

Бағалар шкаласы

Пайызбен берілген баға

Әріппен берілген баға

Баллмен берілген баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0
Минималды өту баллы

0-49

F

0.0

ОҚУ ЖОСПАРЫ

Мамандықтар: Газ инжинирингі технологиялары


Біліктілігі: Мұнай, газ және химиялық үрдістерді өңдеу технигі

Оқу формасы: күндізгі


Оқудың нормативті мерзімі: 1жыл 10 ай
Базасы: жалпы орта білім



т. №

Циклдар және оқу пәндері атаулары

Бақылау формалары

Оқу уақытының көлемі (сағ., кредит)

Емтихан, сынақ

Курстық жоба

Барлық сағаттар

Кредиттер саны

Олардың ішінде келесіге:

Курстар және семестрлер бойынша үлестіру

Теоретиялық сабақтар

Практикалық сабақтар

курс

семестр
30 апта

1

2

3

4

5




6

7

9

10

1

Жалпы гуманитарлық пәндер







640

16.0

400

240

1

1,2




Ағылшын тілі

Э




320

8.0

200

120

1

1,2




Кәсіби ағылшын тілі

Э




320

8.0

200

120

1

1,2

2

Жалпы кәсіби пәндер







640

16.0

430

210

1

1,2




Математика

Э




240

6.0

150

90

1

1,2




Физика

Э




160

4.0

100

60

1

1,2




Химия

Э




160

4.0

100

60

1

1,2




Мұнай-газ ісіне кіріспе

Э




80

2.0

80

-

1

1,2

3

Арнайы пәндер







420

18.0

140

280

2

3,4




Кәсіби пайдалану

Э




90

3.0

30

60

2

3




Қондырғы жабдығы

Э

КП

120

6.0

40

80

2

3,4




Қондырғы технологиясы

Э

КП

120

6.0

40

80

2

3,4




Көмекші жабдық/ Бақылау-өлшеу аспаптары

Э





90


3.0


30


60


2


4


4

Емтихандар







50



















Аралық емтихан







15



















Қорытынды емтихан







25



















Барлығы







1750

50.0














Техникалық және кәсіби білімнің тәжірибелік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
«Мұнай-газ және химиялық өндіріс» профилі мамандықтары бойынша тәжірибелік оқыту бағдарламаларын «Кәсіпқор» Холдингі SAIT Polytechnic (Оңтүстік Альбертаның Технологиялар институты, Канада) халықаралық стратегиялық серіктесімен бірігіп, Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін білікті кадрлардың жаңа буынын дайындау мақсатында және ел аумағында әрекет ететін мұнай-газ секторы компанияларымен кеңесу және қажеттіліктерін талдау негізінде әзірлеген.
Тәжірибелік бағдарламалардың мұнай-газ саласы үшін білікті кадрлар дайындаудың халықаралық стандарттары талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында олардың негізі ретінде мұнай-газ компаниялары үшін кадрларды дайындау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын, аккредиттелген және валидтелген SAIT Polytechnic бағдарламалары пайдаланылған.
«Кәсіпқор» Холдингі мен SAIT Polytechnic ынтымақтасу шегінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқыту әдістері мен студенттер білімін бағалауды келісімдеу, серіктес колледждерде оқыту нәтижелерін өзара мойындау, бағдарламаны басқарудың ортақ құрылымдарының болуын, ағылшын тілін оқыту тілі ретінде бекітуді қарастыратын қос дипломдар бағдарламалары бойынша кадрларды дайындау анықталған.
Тәжірибелік оқыту бағдарламалары білікті жұмысшы сертификатын бере отырып, кадрларды жұмыс мамандықтары бойынша дайындауды және диплом бере отырып, ортаңғы звено мамандарын дайындауды қарастырады.
Білікті жұмысшы сертификатын алу үшін оқу мерзімі 1жыл 10 айды, ортаңғы звено маманы дипломын алу үшін 2 жыл 10 айды құрайды.
Мамандықтар бойынша тәжірибелік оқыту бағдарламалары құрылымында циклдар бойынша пәндер тізімі бар: жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіби, арнайы пәндер. Пәндер бағдарламалары мазмұны модуль форматында ұсынылған.
Жалпы гуманитарлық және жалпы кәсіби пәндер циклдары Foundation дайындық бағдарламасына (1 курс), техникалық бағдарламаға арнайы пәндер блогына (2-3 курс) бейімделген.
Жалпы гуманитарлық пәндер блогы құрамына IELTS 6,5 деңгейінде ағылшын тілін меңгеруді қамтамасыз ететін базалық дайындық кіреді. Ағылшын тілінің оқыту тілі болуымен байланысты, ағылшын тілін меңгеру арнайы пәндерді сәтті меңгеру үшін жеткілікті деңгейге дейін «батыру» әдісімен қамтамасыз етіледі. Ағылшын тілін, оның ішінде, тар шеңберде мамандандырылған техникалық терминдерді білу маманды әлімдік стандарттармен сәйкес сертификациялау үшін ажырамас талап болып табылады.
Ағылшын тілін меңгеру 640 сағат көлемінде оқудың алғашқы жылының екі семестріне есептелген. Бағдарлама мазмұны сегіз апталық циклдарға бөлінген және ауызекі және техникалық ағылшын тілін меңгеруге бейімделген.
Жалпы кәсіби пәндер блогы Foundation бағдарламасы шегінде сағаттарының жалпы көлемі 640 сағатты құрайтын математика, физика және химияны меңгеруге есептелген. Осы пәндер де практикалық дайындық басымдылығымен сегіз апталық циклдарға бөлінген. Осы пәндер мазмұны қолданбалы бағыттылыққа ие және мамандықтың арнайы пәндерін меңгеруге бейімделген.
Foundation дайындық бағдарламасы құрамына, сонымен қатар, «Мұнай-газ ісіне кіріспе» пәні кіреді. Осы пән шегінде студенттер мұнай-газ ісін, мұнай-газ операциялары саласындағы негізгі ұғымдарды (апстрим, мидстрим, даунстрим) және мұнай-газ нысандарына (механика, электрика, КИПиА) қызмет көрсетуді меңгереді.
Техникалық бағдарлама құрамында мұнай-газ нысандарын пайдалану, мұнайды барлау және өндіру, ұңғымаларды бұрғылау және айдау, мұнай-газ нысандарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, механика және электрика бойынша арнайы пәндер блогы бар. Бағдарлама төрт семестрге есептелген.
Аралық және қорытынды аттестация әрбір бағдарламаның (Foundation, техникалық бағдарлама) семестрі аяқталғаннан кейін өткізіледі.
Тәжірибелік бағдарламалар «кезекті» оқыту принципі бойынша жүзеге асырылады, ол өндірістік оқыту мен аудиториялық сабақтарды кезектестіруді қарастырады. Бұл ретте сертификациялық мамандықтар бойынша өндірістік оқыту үлесі кем дегенде 70%, дипломдық мамандықтар бойынша кем дегенде 50% құрайды. Өндірістік оқыту кәсіпорындар базасындағы немесе цехтер, шеберханалар, шынайы өндірістік орта туғызатын жабдығы бар және әлемдік колледждер талаптарына жауап беретін оқу орындары зертханаларында практикалық жұмыстар форматында ұйымдастырылады. Сонымен, студенттердің жұмыс тәжірибесі кәсіпорындағы өндірістік оқыту кезеңінде ғана емес, сонымен қатар, цехтағы немесе оқу орнының зертханасындағы техникалық дайындық есебінен қалыптастырыла алады.
Оқу орындары «кезекті» оқыту принципіне жауап беретін, оқыту формалары бойынша (дуальды, «шәкірттік» және т.б.) басқа да траекторияларды анықтай алады, яғни теориялық және практикалық дайындықтардың үйлесімдері.
Тәжірибелік бағдарламалар Қазақстанның мұнай-газ саласының индустриальды-инновациялық дамуының негізгі басымдылықтарын ескере отырып және профильді тапсырыс берушілермен – жұмыс берушілермен келісілген білікті жұмысшылар мен мамандардың өзекті кәсіби құзыреттерін алуға бейімделген.
Құрылымда көрсетілген кәсіби қызмет түрлерін және қажетті кәсіби құзыреттіліктерге ие болу мақсатымен білім алушы пәндер модульдерін меңгеру барысында жұмыстық практикалық тәжірибені игеріп (еңбек әрекеттерін орындау машықтарына ие болу), көрсетілген дағдыларға ие болып, білім алуы тиіс.
Айта кететін жайт, жобаланатын құзыреттен тізімі шекті шынайы және практикалық жүзеге асырылымды, себебі пәндер модульдері жүйесімен, оқу қызметінің нақты түрлерімен, қажетті оқыту технологияларымен, адекватты бағалау құралдары жүйесімен байланысты.
Тәжірибелік бағдарламалар ерекшеліктеріне практикалық құраушы және оқу мекемелеріне жұмыс бағдарламаларын әзірлеу кезінде бағдарламаны мазмұнмен толтыру аспектісінде жеткілікті дербестік ұсыну жатады. Тәжірибелік бағдарламалардың жалпы еңбек сыйымдылығы көрсеткіштері, пәндер циклдарының еңбек сыйымдылықтары академиялық сағаттар мен кредиттермен берілген.
Тәжірибелік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде ұсынылады:
оқу сабақтары түрлері - дәріс; семинар; зертеу семинары; практикалық семинар; зертханалық жұмыс; кеңес беру; өздік оқу; инструктор басшылығымен өздік оқу; практика; жоба дайындау; студенттік командалар; пікірталас клубы;
оқу әрекеттері түрлері – дәрістерге, аудиториялық сабақтарға бару; зертханаларда, шеберханаларда, цехтарда практикалық тапсырмалар орындау; курстық жұмыстар құрастыру; техникалық және зертханалық дағдыларды қалыптастыру; есептер дайындау; оқу-әдістемелік әдебиеттер оқу; тезистер дайындау; басқалармен орындалған жұмыстардың конструктивті сынына үйрету; бақылау және бағалау іс-шараларына қатысу; топтағы талқылаулар; компьютердегі тұсаукесерлер; демонстрациялар;
бағалау түрлері – ауызша емтихан; жазбаша емтихан; жазбаша зертханалық емтихан; ауызша тұсаукесер; тестілеу; есептер; сынақтар; курстық жоба; ағымдағы бағалау.
Тәжірибелік бағдарламаларды жүзеге асыру ұсынылып отырған практикалық жұмысты жүзеге асыру үшін бүгінгі күнгі материалдық-техникалық базаның болуын, сонымен қатар, қажетті біліктілік деңгейінің педагогикалық жұмысшыларының болуын талап етеді.
Тәжірибелік бағдарламалар мазмұнын корреляциялау Кадрларды дайындау және қайта дайындау бойынша Атырау аймақаралық кәсіби орталық базасында оларды бейімдеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын болады.
Тәжірибелік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік шарттары.


Оқу-әдістемелік әдебиеттер.



1.

Табиғи ресурстарды қорғау және үнемді пайдалану. Оқулық. 2-ші бас.

Эбель А.

2.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы. Оқулық. 2-ші бас.

Аманжолов Ж.К.

3.

Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жүйесі. Оқу құралы. 2-ші бас.

Дрижд Н.А.

4.

Қауіпсіздік техникасы. Оқу құралы. 2-ші басылым.

Клюжев Ю.В., Шатырбаева М.Ж.

5.

Гидравликалық және пневматикалық жүйелер. Оқу құралы.

Митусов А.А.

6.

Гидрогеология. Оқулық.

Бакирова С.

7.

Гидрогеология. Оқулық.

Бурмистров А.

8.

Гидравлика және гидрометрия негіздері. Оқу құралы.

Кадырбаев А., Кадырбаева А.А.

9.

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау.

Вадецкий Ю.В.

10.

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау. Оқу құралы.

Курмансеитова Н.М.

11

Бұрғылау станоктары. Оқулық.

Клюжев Ю.

12

Жанар-жағар май материалдары. Зертханалық практикум.

Абдрахманов А.Б., Аскаров Н.К.

13

Барлаудың геофизикалық әдістері және мұнай және газ кенорындары зерттеулері. Оқулық

Портнов В.С. Юров М.В.

14

Мұнай мен газ өндіру. Оқу құралы.

Покрепин Г.В., Нугманов А.Б.

15

Қазақстанның мұнай-газды аймақтарының геологиясы. Оқулық.

Аманниязов К.Н. Ахметов А.С. Қожахмет К.А.

16

Компрессор және сорғы қондырғылары

Веригин И.С.

17

Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау әдістемесі

Нурсултанова С.Н.

18

Мұнай газ ісінің негіздері . Оқулық.

Суербаев Х.

19

Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы. Оқулық.

Майлыбаева Г. Ж.

20

Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері. Оқулық.

Сақтағанова М.

21

Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы. Оқу құралы.

Мергалиева

22

Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы. 1-бөлім. Оқулық.

Омарәлиев Т.О.

23

Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы. 2-бөлім. Оқулық.

Омарәлиев Т.О.

24

Мұнай мен газды қайта өңдеу зауыттары жабдығы.

Конюхова Г.М.

25

Мұнайды қайта өңдеу өндірісі жабдығы.

Сугак А.В., Леонтьев В.К.

26

Мұнай-газ өндірісінің өндірістік үрдістерін автоматтандыру негіздері.

Прахова М. Ю., Шаловников Э. А.

27

Термодинамика және жылу техникасы негіздері. Оқулық.

Квон С.С. Альжанов М.К.

28

Мұнай-химия өнеркәсібінде еңбекті қорғау.

Воронкова Л.Б., Тароева Е.Н.

29

Мұнай және газ кенорындарын әзірлеу. Оқу құралы.

Мусина З.

30

Мұнай және газ жинау және кәсіптік дайындау. Оқулық.

Ермеков М.

31

Бұрғылаушы анықтамалығы.

Вадецкий Ю.В., Вадецкая З.Н.

32

Мұнай-химиялық синтездеу технологиясы. Оқу құралы.

Суербаев Х.

33

Бұрғылау және мұнай кәсібі жабдығына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және монтаждау. Оқулық.

Умралиев Б.Т.

34

Жер асты тәсілімен пайдалы қазбаларды қазу технологиясы

Боровков Ю. А., Дробаденко В. П., Ребриков Д. Н.

35

Конструкционды және құбыржол құрылысы материалдарының технологиясы.

Безпалько В.И.

36

Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану.

Тагиров К. М.

37

Мұнай-газ саласын автоматтандыру элементтері.

Туганбаев И.Т.

38

Газ және электрмен пісіру. Оқу құралы. 2-басылым.

Шакирова Т.М., Маметсупиев А.Ә.

39

Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту. Оқу құралы. 2-басылым.

Тапалов А.Ө.

40

Газбен пісірушілер мен кесушілердің анықтамалығы. Оқу құралы. 2-басылым.

Әлиев Б., Никифоров Н.

41

Мұнайды қайта өңдеу бойынша анықтамалық

C. Паркаш

42

Өнеркәсіптік кәсіпорын инженерінің анықтамалығы

Р. К. Мобли
(2 тома)

43

«Көмірсутектерді кәсіптік дайындау» жиынтығы (2 кітап: «Газды кешенді дайындауға арналған жабдық бойынша анықтамалық», «Мұнайды кешенді дайындауға арналған жабдық бойынша анықтамалық»)

К. Арнольд,
М. Стюарт

44

«Мұнай және газ кенорындарын қазу кезіндегі ұңғымалар мен қаттарды зерттеу» жиынтығы (2 кітап: «Мұнай ұңғымаларының гидродинамикалық зерттеулері», «Ұңғымалардың геофизикалық зерттеулерінің практикалық аспектілері»)

Т. Дарлинг,
А. Чодри

45

«Мұнай және газ кенорындарын қазу» жиынтығы (2 кітап: «Болашағы бар кенорындарын қазу», «Мұнай және газ кенорындарын қазу негіздері»)

Т. Ахмед,
П. Д. МакКинли,
Л. П. Дейк

46

Мұнай ұңғымаларының гидродинамикалық зерттеулері

А. Чодри

47

Ұңғымалардың геофизикалық зерттеулерінің практикалық аспектілері

Т. Дарлинг

48

Петрофизика: тау жыныстарының коллекторлық қасиеттерін зерттеу теориясы мен практикасы және кат флюидтері қозғалыстары

Дж. Тиаб,
Эрл Доналдсон

49

Болашағы бар кенорындарды қазу

Т. Ахмед,
П. Д. МакКинли

50

Мұнай және газ кенорындарын қазу негіздері

Л. П. Дейк

51

Қаттардың мұнай беруін арттыру әдістері. Қолдануды жоспарлау және стратегиялары

В. Алварадо,
Э. Манрик

52

Суланатын газ ұңғымаларын пайдалану

Дж. Ли, Г. Никенс, М. Уэллс

53

Табиғи газ гидраттары

Дж. Кэрролл

54

Газды кешенді дайындауға арналған жабдық бойынша анықтамалық

К. Арнольд,
М. Стюарт

55

Мұнайды кешенді дайындауға арналған жабдық бойынша анықтамалық

К. Арнольд,
М. Стюарт

56

Бүгінгі күнгі компрессор станциялары (жинақта мини CD-дискімен бірге)

А. В. Воронецкий

57

Мұнай түсі. Ең ірі әлімдік бизнес: тарихы, ақша

Майкл Экономидес / Рональд Олини;

58

Мұнайды қайта өңдеу

У. Л. Леффлер.

59

Мұнай бизнесі бойынша англо-орыс сөздігі

Евгений Хартуков

60

Мұнай геологиясы, барлау, бұрғылау және өндіру

Норман Дж. Хайн

61

Мұнай химиясы

Доналд Л. Бардик / Уильям Л. Леффлер;

62

Халықаралық мұнай-газ саласындағы геологиялық барлау экономикасы, қауіптер мен келісімдер талдау

Джонстон Даниел

63

Мұнай-газ бизнесі бойынша үлкен англо-орыс сөздігі

Хартуков Е. М.

64

Мұнайды терең суда барлау және өндіру

Леффлер Уильям / Паттароззи Ричард

65

Мұнай экономикасы әліппесі

Боб Типпи

66

Инженерлік-техникалық коммуникациялардың қысқаша нұсқаулығы, 2 басылым, ISBN 978-0-205-50039-0. (Gurak. Concise Guide to Technical Communication . 2nd Canadian Ed. ISBN 978-0-205-50039-0)

Гурак

67

Сұйықтықтардың қолданбалы механикасы, ISBN 978-0-13-114680-8. (Mott. Applied Fluid Mechanics. ISBN 978-0-13-114680-8)

Мотт

68

Өндірістік операциялар, Кітаптар 1&2, ISBN 978-0-930972-18-9 (Allen&Roberts. Production Operations Volume 1&2. ISBN 978-0-930972-18-9)

Аллен&Робертс

69

Геологтарға арналған каротаж диаграммаларын талдау. ISBN 0-89181-667-4. (Asquith. Basic Well Log Analysis for Geologists. ISBN 0-89181-667-4)

Аскуис

70

СИ жүйесіндегі есептеулері бар техникалық математика негіздері, ISBN 978-1-256-71475-0 (Washington Custom. Basic Technical Mathematics w/Calculus SI Custom. ISBN 978-1-256-71475-0)

Вашингтон Кастом

71

Энергетика, 3 сынып (, ISBN 978-1-926900-02-5 (Pan Global. Power Engineering. 3rd Class. ISBN 978-1-926900-02-5)

Пэн Глобал

72

Энергетика, 4 сынып, ISBN 978-1-926900-02-5 (Pan Global. Power Engineering. 4th Class. ISBN 978-1-926900-02-5)

Пэн Глобал

73

Технологиялық үрдісті автоматты басқару принциптері мен шешімдері, ISBN 978-0-471-43190-9 (Smith. Principles and Practice of Automatic Process Control. ISBN 978-0-471-43190-9)

Смит

74

Жобаларды басқару негіздері, ISBN 978-0-8144-1748-5 (Lewis. Fundamentals of Project Management. ISBN 978-0-8144-1748-5)

Левайс

75

Өлшеу аспаптары, ISBN 978-0-8269-3430-7 (Kirk/Weedon. Instrumentation. ISBN 978-0-8269-3430-7)

Кирк, Уидом

76

Өлшеу аспаптары, Жаттығулар жинағы, ISBN 978-0-8269-3430-7 (Kirk/Weedon. Instrumentation Workbook. ISBN 978-0-8269-3430-7)

Кирк, Уидом

77

Өлшеу аспаптарға беру және басқаруға арналған практикалық деректер. ISBN 978-0-7506-5797-6 (Park. Practical Data Communications for Instrumentation and Control. ISBN 978-0-7506-5797-6 )

Парк

78

Интернетті маршруттау архитектурасы, ISBN 978-1-57870-233-6 (Halabi. Internet Routing Architectures. ISBN 978-1-57870-233-6)

Халаби

79

Термодинамика және жылу техникасына кіріспе. ISBN 978-1-259-03422-0 (McGraw Custom. Introduction to Thermodynamics and Heat Power. ISBN 978-1-259-03422-0)

МакГроу Кастом

80

Өнеркәсіптік гидравлика бойынша нұсқаулық,
ISBN 978-0-9788022-0-2 (Vickers. Industrial Hydraulics Manual. ISBN 978-0-9788022-0-2)

Викерс

81

Машина құрылысын жобалаудағы машиналар элементтері (CD-ден), ISBN 978-0-13-061885-6 (Mott, Machine Elements in Mechanical Design (w/CD). ISBN 978-0-13-061885-6)

Мотт

82

Электр машиналар, жетектер және энергожүйелер, ISBN 978-0-13-177691-3 (Wildi. Electric Machines, Drives and Power Systems. ISBN 978-0-13-177691-3)

Уилди

83

Электр жүйелерді жобалау, ISBN 978-0-13-975475-3 (Bosela. Electrical Systems Design. ISBN 978-0-13-975475-3)

Босела

84

Сұлбаларды талдау (CD-ден), ISBN 978-1-133-28100-9 (Robbins. Circuit Analysis (w/CD). ISBN 978-1-133-28100-9)

Роббинс

85

Мұнай мәселелері: 21 ғасырдағы тұрақтылық, Кастом Паб. ISBN 978-1-256-86611-4 (Petroleum. Our Petroleum Challenge: Sustainability into the 21st Сentury Custom Pub. ISBN 978-1-256-86611-4)

Петролеум

86

Жылу алмасы үрдістері, ISBN 978-0-12-373588-1 (Lestina. Process Heat Transfer. ISBN 978-0-12-373588-1)

Лестина

87

Физика, ISBN 978-0-13-505048-4 (Ackroyd. Physics. ISBN 978-0-13-505048-4)

Аскройд

88

Химия, ISBN 978-0-17-628930-0 (Jenkins. Chemistry (20/30). ISBN 978-0-17-628930-0)

Дженкинс

89

Химиялық деректер, буклет 2010, продакт №755115, ISBN 10645246 (Alberta Learning. Chemistry Data Booklet 2010 Product #755115. ISBN 10645246 )

Альберта Лёнинг

90

Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілін меңгеру. ISBN: 978-2-7613-1584-5 (Williams, Learning English for Academic Purposes. ISBN: 978-2-7613-1584-5)

Вильямс

91

Грэхам. Жазбаша Істеуге болады., 2009., ISBN:978-0-470-44979-0 (Graham&Graham. Can do writing.,2009. ISBN:978-0-470-44979-0.)

Грэхам

92

Сәттілікке арналған дағдылар: аудиолау және сөйлесу. 1 бөлім. Студент кітабы. ISBN 978-0-19-475610-5 (Scanlon. Skills for Success: Listening and Speaking 1: Student book, ISBN 978-0-19-475610-5)

Сканлон

93

Сәттілікке арналған дағдылар: оқу және жазу. 1 бөлім. Студент кітабы. ISBN 978-0-19-475622-8 (Lynn, Skills for Success: Reading and Writing 1: Student book, ISBN 978-0-19-475622-8)

Линн

Материальдық-техникалық жарақтандыру

1. Физика кабинетіне арналған жабдық;


2. Интерактивті математика кабинеті;
3. Химия кабинетіне арналған жабдық;
4. Ағылшын тілі кабинетіне арналған жабдық;
5. 3D проекторы бар ActivBoard 587Pro+2 интерактивті тақтасы;
6. ActiView 322 визуальды презентатор;
7. Жұмыс үстелі түріндегі сандық подиум (Chalk-190SL);
8. SPARK PS-2008A-INT ғылыми оқыту жүйесі;
9. Бұрғылау бойынша DrillSim-5000 Classic/6000 DOME симуляторы;
10. Бұрғылау жұмыстарын орындау бойынша DrillSim-5 симуляторы;
11. Газдар мен сұйықтықтарды абсорбциялау және регенерациялау
бойынша бақыланатын қондырғы (Бақылау жүйесі бойынша
бағдарламалық қамтамасыздық - INVENSYS DCS);
12. Бақыланатын дистилляционды қондырғы (Бақылау жүйесі бойынша
бағдарламалық қамтамасыздық ) - INVENSYS DCS;
13. Мұнай-газ-су бөлгіштерді басқаруға арналған қондырғы;
14. Деректерді тіркейтін және басқару жүйесі бар (сенсор экраны бар) 3
кВт бу турбинасы;
15. Сенсор экраны бар сыртқа тепкіш сорғылар;
16. Екі сатылы компрессор;
17. Жылу алмастырғыш қондырғы;
18. U-тәрізді түтікшелері бар жылу алмастырғыш моделі;
19. Көп мәртелік бекітілген түтікшелі торы бар жылу алмастырғыш
моделі;
20. Қатпарлы жылу алмастырғыш моделі;
21. 18 кВт қазандық қондырғы;
22. Гидрогазодинамика бойынша қондырғы;
23. Пневможетегі бар реттеуші клапан;
24. Деңгейді реттеу қондырғысы;
25. Қысымды реттеу қондырғысы;
26. Компьютерлендірілген бақылаудың бағдарламалық қамтамасыздығы –
Modbus RS 232 жиынтығы (клиент-серверлік архитектураға
негізделген коммуникациялық протокол);
27. Газ-мұнай сепараторының каскадты конструкциясы ілмегі;
28. Суық су ағынының шығын өлшегіші;
29. Ыстық су ағынының шығын өлшегіші;
30. Көп контурлы жүйені басқару қондырғысы;
31. Факельді жүйе моделі;
32. Крест тәрізді үлестіру клапанының кеңейтілген ассотименті
қондырғысы;
33. Клапанға арналған мобильді жөндеу стенді;
34. Сыртқа тепкіш ажырату сорғысы;
35. Отын тарату колонкасын (кеңейтілген) жөндеу және қызмет көрсетуге
арналған тренажер;
36. Көп мәртелік жүзетін бастиегі бар жылу алмастырғыш аппарат моделі;
37. Бу кеңістігі бар жылытқыш моделі (Kettle-type);
38. Тік термосифонды жылытқыш моделі;
39. Ауамен салқындатылатын жылу алмастырғыш моделі;
40. Суқұбыр қазанының моделі;
41. түтіниісті түтікшелі қазан моделі;
42. Бөлгіш бусепараторы қондырғысы (бу ұстағыш, конденсациялық
құмыра);
43. Мұнаралы салқындатқыш моделі;
44. Салқындату циклы қондырғысы;
45. Екі сатылы компрессор;
46. Мұнаралы тоңазытқыш;
47. Қазандық 50 кВт;
48. Сыртқа тепкіш сорғы (элементтері);
49. Үлестіру клапанының кеңейтілген қондырғысы (кесуші клапандар,
пневматикалық және электромагнитті позиционер, өнеркәсіптік
базалық және коммуникативті нөмірлі позиционер);
50. Шығын датчигі;
51. рH шамасын бақылау бойынша қондырғы және бағдарламалық
қамтамасыздық;
52. Үздіксіз айдаудың мини-қондырғысы;
53. Електі және қалпақты тәрелкелері бар колонналар;
54. Радиоактивті қалдықтарды ұстауға арналған цистерна;
55. Көп қызметті компьютерлік айдау қондырғысы;
56. Қатты бетте газды абсорбциялау бойынша қондырғы;
57. Булануды криталдау бойынша қондырғы (Бюхнер воронкасының
полихлорвинил жабыны);
58. Эбуллиометр (брондалған қазан, қорғалған есік);
59. Бір сатылы буландырғыш (18кВт іске қосу шыңды қазандық,
деректерді тіркеуге арналған компьютерлер және бағдарламалық
қамтамасыздық );
60. Қол көп мақсатты реактор (біргалонды);
61. Бақыланатын көп мақсатты реактор (бір галонды);
62. Бумен жылыту/реакторды салқындатуға арналған жабдық;
63. Бу қазаны (18 кВт, 6 бар);
64. 6 кВт арналған термореттегіш қондырғы;
65. Шыны көйлекті реактор;
66. Қысымның екі датчиктері бар шкаф, температураның сандық өлшегіші
°C;
67. Жылу балансының конденсациялық сепараторы;
68. Реактивті қоспасының сынама алғыш;
69. Мембраналы вакуумды PTFE сорғысы;
70. SS реактордағы қарау түтікшесі реттегіші;
71. Азеотропты гравитациялық сепаратор;
72. Құрама псевдосұйылту бойынша қондырғы;
73. Газоабсорбциялық псевдосұйылту бойынша қондырғы;
74. Физикалық-химиялық өңдеуге арналған қондырғы;
75. Пресс-сүзгі;
76. Аэробты тазарту қондырғысы (50 литрге арналған цилиндрлі-
кониконус шлам тұндырғыш);
77. Суды тазарту желісі, бақыланатын буландырғыш;
78. Ионалмастырғыш;
79. Теңіз суын тұщыландыру бойынша қондырғы;
80. СО2 анализаторлары желісі;
81. Шикі мұнайды айдау бойынша қондырғы (тасымалды ұңғыма
денситометрі, -20°C дейін салқындатушы қондырғы, 2 кВт, талдауға
арналған қондырғы);
82. Табиғи газды кептіру қондырғысы;
83. Қысым астындағы катализатордың қозғалмайтын қабаты бар реактор;
84. Симулятор – шағын мұнайды қайта өңдеуші зауыт қондырғысы
(операциялық зауыт, ректификационды колонна және факельдік жүйе
модельдері);
85. Электр үлестіру желісі және қорғаныс құралдары;
86. Бекітілген логикалық сұлбасы бар өндірістік үрдісті электрбасқару
қондырғысы;
87. Siemens фирмасының «Бағдарламаланатын логикалық контроллер»
тренажеры;
88. Қозғалтқыш және тұрақты тоқ генераторы;
89. Үш фазалы синхронды машиналар (қозғалтқыш және ауыспалы тоқ
генераторы);
90. Үш фазалы асинхронды машиналар (қысқа тұйықталған роторы және
фазалық роторы бар);
91. Бір фазалы қозғалтқыштар;
92. Бір фазалы және үш фазалы трансформаторлар;
93. Электромеханикалық тестілер қондырғысы (айналмалы момент, ротор
айналымы санының қисығы);
94. Амперметр, вольтметр және реостаттары бар құрастыру сұлбалары
қондырғысы;
95. Вольтампер әдісімен кедергінің, тұрақты тоқтың, бір фазалы белсенді
қуаттың БӨА және қуат коэффициентін сақтау;
96. Тәуелсіз қоздыру, параллельді қоздыру, бірізді қоздыру, аралас
қоздыруы бар тұрақты тоқ генераторы;
97. Генератор-Қозғалтқыш жүйесі;
98. Тұрақты тоқ қозғалтқышының жылдамдығын электронды реттеу;
99. Қысқа тұйықталған роторы бар электроқозғалтқыш;
100. Үш фазалы трансформатор;
101. Бір фазалы қозғалтқыш және бір фазалы трансформатор, асинхронды
қозғалтқышты бір фазалы іске қосу жүйесі;
102. Компьютерлендірілген-өлшеу жүйесі бар қондырғы: өлшеу
түрлендіргіштері, бағдарламалық қамтамасыздық және компьютерлік
интерфейс;
103. Энергия күші агрегаттарын орнату;
104. Қоректендіруді және өлшеу техникасы мен аспаптарды қорғау;
105. «Электр энергияны тарату және үлестіру» қондырғысы;
106. Мини-подстанция және электроэнергетикалық кабина;
107. Арнайы электр жүйелер: мұнайды бұрғылау қондырғыларына
арналған қондырғылар;
108. Энергия көзіне арналған қозғалтқыш;
109. Күш электроникасында пайдаланылатын жартылай өткізгіш
құрылғылар;
110. Түзеткіштер;
111. Тұрақты тоқтың электронды жетегі;
112. Инвертор және ШИМ-модуляция;
113. 3-фазалы асинхронды қозғалтқышқа арналған электронды жетек;
114. Күштік жартылай өткізгіш аспаптар;
115. Бір жартылай кезеңді түзеткіш (тура поляризация);
116. Бір жартылай кезеңді түзеткіш (кері поляризация);
117. Екі жартылай кезеңді (екі пульсті) анод тобының түзеткіші;
118. Екі жартылай кезеңді (екі пульсті) катод тобының түзеткіші;
119. Катод тобының үш пульсті түзеткіші;
120. Анод тобының үш пульсті түзеткіші;
121. Түзеткіштердің (тура поляризация) бір пульсті (жартылай кезеңдік)
сұлбалары;
122. Түзеткіштердің (кері поляризация) бір пульсті (жартылай кезеңдік)
сұлбалары;
123. Толық басқарылатын және жартылай басқарылатын көпірлі түзеткіш;
124. Жиілікті-басқарылатын электржетек;
125. ШИМ модуляциясы бар инвертор кернеуінің синусоидальдылығын
талдау;
126. Ауыспалы тоқ қозғалтқышын үдету және тежеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет