Модуль 14. Ағынды өлшеу – жылдамдықты шығын өлшегіштер
Оқыту нәтижесі:
Әртүрлі жылдамдықты шығын өлшегіштер жұмысының негізгі принциптерін талқылау және олардың үрдістегі қажетті қолданысын көрсету.
Модуль тапсырмалары:
14.1. Жылдамдықтың құбыржол ауданына арақатыстығын белгілейтін ағын
теңдігін құрастыру.
14.2. Турбина, құйынды ағын, ультрадыбыстық, магниттік және массалық
шығын өлшегіштердің жұмыс істеуінің негізгі принципін сипаттау.
Модуль 15. Бағдарламаланатын логикалық контроллерлар
Оқыту нәтижесі:
Бағдарламалық логикалық контроллерлар (БЛК), олардың базалық функцияларын және міндеттер түрлерінің негізгі компоненттерін сипаттау.
Модуль тапсырмалары:
15.1. Негізгі БЛК қолданылуын анықтау.
15.2. Дискретті деңгей үрдісін басқару процедурасын анықтау.
15.3. Бойлерді іске қосу операцияларының бірізділігін атау.
15.4. Операциялардың бірізділігі сұлбалары түріндегі технологиялық үрдіс
картасын түсіндіру.
15.5. Операциялардың бірізділігін реттейтін логикалық сұлбасын сипаттау.
15.6. Логикалық сұлбасын көмегімен БЛК қалай бағдарламаланатындығын
түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |