Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы



бет78/166
Дата20.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#181670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   166
Байланысты:
11-Химиялық-инжиниринг-технологиясы-

Оқыту нәтижелері:
Ректификациялық бағанды қосу, басқару және тоқтату. Бу және сұйықтық үлгілерін әр сатыдан қайтарып алу және әрқайсының меншікті тығыздығын анықтау. Метанол құрылымы үшін тепе-теңдік қисығының санын анықтау. МакКейб және Тиле әдісі арқылы берілген бөлік үшін талап етілетін оңтайлы сатылар санын анықтау және ректификациялық бағанның жұмысшы ПӘК есептеу.


Модуль тапсырмалары:
7.1. Ректификациялық бағанды, таратқыш басқару жүйелерінің қосу
нүктелерін пайдаланып, қол режимімен қосу және оны стационарлық
жағдайды алғаннан кейін автоматты режимге қосу.
7.2. Жұмыс параметрлерін орнату, мысалы, температура, қысым, берілу
жылдамдығы, ребойлер бу шығыны және салыстырмалы таза метил және
су өнімдерін метанол және су қоспасынан алу үшін конденсат
жылдамдығы.
7.3. Жоғарғы және кубтық өнімдер мен шикізат үлгілерін іріктеу және
әрқайсысында метанолдың пайыздық қатынасын анықтау.
7.4. Бағанның әрбір сатысынан бу мен сұйықтық үлгілерін іріктеу және әр
үлгіде метанолдың пайыздық қатынасы анықтау.
7.5. Бір атмосфералық қысым кезінде метанол құрылымы үшін тепе-теңдік
қисығын бейнелеу.
7.6. Берілген бөлік үшін талап етілген оңтайлы сатылар санын анықтау.
7.7. Тарелканың пайдалы әсерінің толық коэффициентін және Мерфри
пайдалы әсер коэффициентін есептеу.
7.8. Ректификациялық бағанды тоқтату.


Модуль 8. Көтерілгіш үлдірі бар булағыш аппарат


Оқыту нәтижелері:
Этиленгликоль мен судың әлсіз ерітіндісін концентрациялау үшін көтерілгіш үлдірі бар булағыш аппаратты басқару. Сізге атмосфералық және вакуумдық жағдайлар әсерінен жұмыс істеу қажет және берілген жағдайлар кезінде булану жылдамдығында айырманы түсіндіру қажет болады.


Модуль тапсырмалары:
8.1. Этиленгликоль ерітіндісін су бөлігін буландыру арқылы (рыноктық
автомобиль антифризі), көтерілгіш үлдірі бар булағыш аппаратты
пайдаланып, концетрациялау.
8.2. Буландыру тиімділігін салыстыру, ол екі түрлі жұмыс қысымы кезінде
алынған.
8.3. Көтерілгіш үлдірі бар булағыш компоненттерімен танысу және ток
желісін қадағалау.
8.4. Булағыш аппараттың материалдық балансын гликоль мен судың орын
ауыстыруын түсіндіру үшін жүзеге асыру.
8.5. Булағыш аппарат үшін жылулық балансты есептеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет