Оқыту нәтижелері: Сәулеленуді жұту және молекулалар мен атомдарға шығарудың негізін қалаушы принциптерді және осы процестер сандық талдауда қалай пайдаланылатынын талқылау.
Модуль тапсырмалары: 5.1. Атомдық құрылымға қатысты «негізгі күйі» және «қозулы күй»
терминдеріне анықтама беру.
5.2. Атомдық спектроскопияға қатысты жұтылу, сәулелену және
флюоресценция принциптерін түсіндіру.
5.3. Сынамаларды атомдау процесін сипаттау.
5.4. Атомдық спектроскопия үшін аппаратураның негізгі компоненттерін
сипаттау.
5.5. Әр түрлі жалынның және электр доғасы, плазма сияқты басқа энергия
көздерінің температурасын салыстыру және осы энергия көздерінің, жеке
алғанда аналиттердің жарамдылығын анықтау.
5.6. Спектроскопияның атомдық әдістерінде потенциалдық проблемаларын
анықтау және осы проблемаларды жою немесе азайту тәслдерін ұсыну.
5.7. АА және ICP аспаптарын пайдаланып, металл аналиті концентрациясын
эксперименттік анықтау.
Модуль 6. Хроматографияға кіріспе
Оқыту нәтижелері: Тиімді, сапалы және сандық талдау үшін эксперименттік айнымалыларды оңтайландыруға сүйене отырып, терминологиямен және бөліну теориясымен танысу.
Модуль тапсырмалары: 6.1. Терминологияны анықтау.
6.2. Хроматографияның әр түрін, оның ішінде газ хроматографиясын және
сұйықтық хроматографиясын сипаттау.
6.3. Хроматографияның бақылап-өлшегіш аспаптарында өлшегіш
аспаптардың негізгі компоненттерін сипаттау және зертханалық
жабдықты тікелей әдістермен салыстыру.
6.4. Газ және сұйықтық хроматографиясы үшін қадағалардың әр түрлі
типтерін салыстыру және берілген ақпаратты түрлі аналиттер үшін
лайықты қадағалар таңдау кезінде қолдану.
6.5. Ұстап қалу уақытына әсер ететін факторларды және үлестіру
коэффициентін сипаттау.
6.6. Аналит компоненттерін бөлу тиімділігін қозғайтын факторларды зерттеу.
6.7. Түрлі бағаналар үшін теориялық тарелкаларды есептеу.
6.8. Зерттеулерде потенциалдық проблемаларды талдау және осы
проблемаларды жеңілдету үшін эксперименттік жағдайларға өзгертуді
ұсыну.
6.9. Калибрлеу мақсаты үшін сәйкес стандарттар маңыздылығын анықтау.
6.10. Зертханада немесе тікелей хроматографиялық әдістерді пайдаланып,
органикалық қосылыстар қоспасын талдау.