Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет21/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
дәлелдеу – бірлескен тұлғааралық өзара әрекетті өрбітуге көмектесетін мықты педагогикалық 
құрал. 
«Информатика» пәні бойынша оқу  бағдарламасында  оқушылардың дәлелдеуді қолдану 
дағдылары  (ақпарат  дереккөздерін  талдау,  өздерінің  зерттеу  нәтижелерін  таныстыру  және 
талқылау) сыныптан сыныпқа көшу шамасына қарай күрделеніп отырады. 
Дәлелдеумен  бір  қатарда  тұрған  дағдылардың  бірі  –  проблемаларды  шешу.  Поляның 
(Polya,1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл: 
- шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау, зерттеу және мағынасын 
түсіну; 
- рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу
- формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу; 
- жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ жорамалдар жасау.  
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім оларға  тақырыпты 
білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келген қате 
түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолдана алады, 
оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін: 
-
  елестету; 
-
  салыстыру; 
-
  түсіндіру және дәлел келтіру; 
-
  мақұлдау. 
Дәлелдеу  үдерісі  зерттеуге  негізделген  оқу  тәсілін  толықтырады.  Зерттеу  тақырыбы 
белгіленгеннен кейін, мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма, 
график  немесе  алгоритмдерді  пайдалану  арқылы  зерттеу  немесе  проблеманы  «елестетуді» 
ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» 


29 
керек.  «Түсіндіру  және  дәлел  келтіру»  деп  аталатын  келесі  кезең  оқушыларға  өздерінің 
көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Әрбір  топ  идеяларды  талқылау  және  «мақұлдау»  үшін  тұтас  сыныпқа  өз 
шешімдерін ұсынады. 
Оқушыларға  проблеманы  шешуді  ұсыну  арқылы  мұғалім  оқушылардың  Пиаже 
сипаттаған  танымдық  даму  сатыларының  нақты  бір  операциялық  кезеңінде  екенін  есте 
сақтауы керек. Сондықтан орта буын және жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс барысында 
мұғалімдер  нақты  мысалдарды  да,  абстрактілі  образдарды  да  пайдалануы  тиіс.  Мысалы, 
сабақта  қарапайым  түсінікті  факторлардан  мүлдем  түсініксіз  ойша  тұжырымдар  арқылы 
айқын  қорытынды  шығару  көптеген  оқушыларға  қиындық  туғызады.  Мұндай  жағдайда 
қиындық туғызатын тақырыпты толық меңгергенше тақырыпқа бойлау арқылы оқушыларды 
қорқыныш сезімінен арылту маңызды. Бұл оқушылардың ынтасы мен күш-жігерін есептерді 
шығару және программалау дағдыларын дамытуға жұмылдыруға мүмкіндік береді. 
«Информатика»  пәні  бойынша  жаңартылған  жалпы  білім  беру  бағдарламасы 
оқушыларға ХХІ ғасырда қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада 
табысты  болу  үшін  қажетті  дағдыларды  меңгертуге  бағытталған.  Олар  оқушыларды  сын 
тұрғысынан  ойлау,  бірлесіп  жұмыс  істеу,  ақпаратты  өңдеу,  проблемаларды  шешу  сияқты 
анағұрлым  жоғары  деңгейдегі  көптеген  дағдыларды  өз  бетінше  меңгеруге  және  зерделеуге 
дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру информатика 
бойынша оқу бағдарламасында проблемаларды шешу, бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу 
жүргізу дағдыларына баса назар аударып, ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.  
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты 
және  көпмәдениетті  әлемде  қалыптасқан  қазіргі  жағдайда  оқушылардың  өз  бетінше  оқу 
дағдыларын, , коммуникативті дағдыларды дамыту аса маңызды болып табылады. 
«Информатика»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасы  оқушылардың  бұрын  меңгерген 
білімдері  мен  дағдыларын  жетілдіруге,  сонымен  қатар,  жаңа  түсініктерді  қалыптастырып, 
қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пәннің оқу бағдарламасы оқушылардың төменде аталған 
мүмкіндіктерін дамытуды көздейді: 
-
  зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру; 
-
  кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын 
белсенді дамыту; 
-
  өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру; 
-
  қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық 
проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру. 
Мектептегі негізгі пәндерді оқу  арқылы  оқушылар  өз  түсінігін  кеңейте отырып,  өзінің 
оқуы  үшін  жауапты  болуға  үйренеді.  Оқушылар  өзіндік  көзқарасы  мен  пайымдауын 
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. 
Мысалы,  олар  дәлелдерді  талдау  мен  бағамдауды  және  ойлау  дағдылары  туралы  ойлануды 
үйренеді.  Сонымен  қатар,  пәнаралық  байланыс  орнату  арқылы  олар  ақпаратты тиімді 
пайдалануды үйренетін болады. 
Оқыту  үдерісінде  белгілі  бір  нақты  пәнді  зерттеу  маңызды  болғанымен,  пәнаралық 
жұмыстарды жүргізу пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Карру (Kerry, 
2007)  тұжырымдағандай,  пәнаралық  байланысты  қолдану  білімнің  өзара  тығыз 
байланыстылығы  туралы  Джон  Дьюидің  еңбектеріне  негізделеді.  Оқыту  мен  оқудағы  бұл 
бағытты  сындарлы  оқыту  теориясын  жақтаушылар  қолдайды,  оқушылар  бірлескен  жұмыс 
барысында  пәнаралық  проблемаларды  талқылап,  өзара  пікір  алмасады  (Hayes,  2010). 
Оқушылар әртүрлі пәндер бойынша оқыту аспектілерін пайдалана алады немесе бір пән басқа 
пәнді  оқытуды  жетілдіруге  негіз  бола  алады.  Пәндер  бойынша  білімді  ықпалдастыру 
оқушылар  үшін  білім  беру  үдерісінің  өзара  байланыстылығы  мен  маңызын  арттыруға 


30 
бағытталған. Орта буын және жоғарғы сынып оқушылары информатиканы басқа пәндермен 
байланыста  қарастыруы  тиіс,  себебі    пәнаралық  байланыс  олардың  оқуын  барынша  тиімді 
модельдеуіне мүмкіндік береді. 
Информатика  сабақтарында  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  оқушылардың 
пәндерге  қызығушылығын  арттыруға  және  білім  сапасын  көтеруге,  оқушылардың  ғылыми 
ойлау  деңгейін  дамытуға,  оқу  пәндеріне  біртұтас  жүйелі  көзқарас  қалыптастыруға, 
оқушыларды  шығармашылығын  дамытуға  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  тартылуына 
мүмкіндік  береді.  Пәнаралық  байланыс  сабақта  тақырып  бойынша  басқа  пәндерден  білімін 
пайдалану, кешенді эксперименттік жұмыс орындау, кешенді экскурсиялық сабақ өткізу және 
көлемді оқу материалын жалпылама қорыту барысында жүзеге асады. 
Төменде Ақпарат, Ақпараттық үдерістер, Ақпараттың берілуі, Моделдеу, Компьютер 
құрылғылары, 
Программалық 
жабдықтама, 
Алгоритм, 
Компьютерлік 
жүйелер, 
Программалау, Логика  тақырыптары аясында Информатиканың кейбір пәндермен байланысын 
көруге болады: 
-
 функцияның  берілу  тәсілдері,  функцияның  кесте  арқылы  берілуі,  функция  графигі,  
векторлар, өлшем бірліктер, логарифм, теңдеулерді шешу, теңсіздіктерді шешу, санау жүйелері, 
ықтималдық  ториясы,  комбинаторика,  геометриялық  фигуралар  және  олардың  қасиеттері, 
координаталар  жүйесі,  қисық  сызықты  трапецияның  ауданы,  арифметикалық  және 
геометриялық прогрессия, математикалық логика, т.б. (математика);  
-
 энергия,  элементар  бөлшектер,  атомдар,  молекулалар,  макроденелер,  биологиялық 
жүйелер,  органдар,  рецепторлар,  генетикалық  ақпарат,  жасуша,  генетикалық  код,  сезіну 
мүшелері, биологиялық үдерістер, бас, ми, жүрек, т.б. (биология, химия); 
-
 өткізгіштер,  аналогтық  құрылғылар,  қабылдауыштар,  код,  өлшем  бірліктер,  Морзе 
әліппесі,  элементтік  база,  транзисторлар,  катод,  анод,    электромагниттік  сигналдар,  электр 
импульсі,  обсерватория,  механика,  динамика,  статика,  күш,  қуат,  жылу  құбылысы, 
баллистикалық қозғалыс, электр тізбегі,  магниттік индукция, т.б. (физика); 
-
 ақпараттар,  есептеу  техникасының  даму  тарихы,  ақпараттық  мәдениет,  қоғамды 
ақпараттандыру, ұлттық ақпараттық ресурстар, ақпараттың шынайылығы және қолжетімділігі, 
Римдік  санау  жүйесі,  өзіндік  құн,  тауар,  әулеттер,  құрылымдар,  қарама-қайшылық 
заңдылықтары, т.б. (тарих). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет