Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет30/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104
Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу 
Қалыптастырушы  бағалау  мүмкіндіктері  қарастырылған  орта  мерзімді  жоспар 
бойынша мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын дайындайды.  
Қысқа  мерзімді  жоспар  немесе  сабақ  жоспарын  дайындау  барысында  мұғалім 
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне 
ерекше  назар  аударғаны  жөн.  Қысқа  мерзімді  жоспар  мұғалімге  сабақты  тиімді  құруға 
көмектеседі.  Ол  үшін  мұғалім  оқу  материалы  мен  сабақтағы  әрекетті  мұқият  іріктеп  алуы 
керек.  Әр  сабақтан  кейін  мұғалім  оқушылар  меңгере  алмаған  немесе  түсінбеген  жерлерін 
анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. 
Қысқа  мерзімді  жоспарды  құрған  кезде  мұғалім  төмендегі  ұсыныстарды  басшылыққа 
алуына болады: 
-
 сабақты  ұйымдастырғанда  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспарында  көрсетілген  оқу 
мақсаттарын басшылыққа алу қажет; 
-
 сабақтың  мақсатын  анық  тұжырымдау,  яғни  нақты,  өлшемді,  қолжетімді,  шынайы 
мақсаттар қою; 
-
 орта  мерзімді  жоспарда  көрсетілген  барлық  іс-әрекеттерді,  әдістемелік  кеңестерді, 
ресурстарды мұқият зерделеу; 
-
 мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады 
(Ұлттық білім академиясы, 2016). 
Мұғалім  білімнің  тек  дара  көзі  ретінде  емес,  оқушылардың  өздерінің  оқу-танымдық 
қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. 
Сабақты  жоспарлауды  бастағанда  мұғалім  бұл  сабақтың  мақсаты  қандай  болатынын 
шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі 
керек,  бірақ  оқу  мақсаттарының  барлық  тармақтарын  қамтымауы  мүмкін.  Мысалы, 
«Информатика»  пәні  бойынша  8-сыныптағы  оқу  мақсаттарының  бірі:  Ақпарат  көлемін 
анықтауда алфавиттік және ықтималдық амалдарын қолдану
Бұл  оқу  мақсаты  бірнеше  сабаққа  негіз  бола  алады,  ал  олардағы  сабақ  мақсаттары 
әртүрлі  болуы  мүмкін.  Сабақ  мақсатында  оқушының  қадағалауға  болатын  іс-әрекеті, 
белсенділігі/мінез-құлқы  сипатталып,  оқушылар  оқу  нәтижесінде  не  үйренуге  тиіс  екені 
туралы  жазылады.  Сабақ  мақсатын  тұжырымдау  барысында  олар  оқушылардың  сабақ 
соңында не істей алу керектігі  тұрғысынан белгілі  бір нәтижелерді  сипаттауы керек екенін 
есте ұстаңыз. Бұл: 
-
 
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар 
аударуға; 
-
 
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; 
-
 
оқуды бағалауды жеңілдетуге; 
-
 
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі. 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет