Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ


Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар



Pdf көрінісі
бет12/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104
Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар 
«Информатика» пәнінің мазмұны оқыту тілі арқылы баяндалады. Әр пәннің өзінің жеке 
сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл 
пән  мазмұнын  меңгеру,  ойлау  және  осы  пәнде  қолданылатын  ұғымдармен  жұмыс  істеу 
қабілетін  жақсартуға  арналған  басты  құрал  болып  табылады.  Академиялық  тілді  дамыту 
тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық 
игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Екінші немесе үшінші тілдер 
арқылы білім алатын оқушылардың басым бөлігі академиялық тіл мен пән мазмұнын игеруі 
үшін бүкіл оқу барысында қолдауды қажет етеді.  
Тілдік  мақсаттар  академиялық  тілді  үйрену  үшін  маңызды  құрал  болып  табылады. 
Оқушылардың  олардан  қандай  нәтиже  күтілетінін  түсінуі  тілдік  мақсаттардың  анық 
құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген 
ынтасын  арттырып,  қолдауға  көмектеседі.  Пән  мұғалімдері  оқушылардың  пән  мазмұнын 
меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді. 
Академиялық  тілді  меңгеруге  қолдау  көрсету  үшін  мұғалімдерге  сабақ  жоспарларына 
төмендегі сияқты оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады: 
-
  оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына 
жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану); 
-
  сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін ұсыну 
(мысалы,  топтық  жұмыс  жүргізуге,  сұрақты  дұрыс  қоюға,  жағдайды  талдап,  пікірталас 
жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері); 
-
  алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен 
тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану; 
-
  түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт түрін 
түрлі  комбинацияда  (мысалы,  оқылым-тыңдалым,  оқылым-жазылым,  оқылым-айтылым, 
тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы; 


15 
-
  оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауап беруге 
ынталандыру,  білу  деңгейіндегі  сұрақтармен  шектелмеу,  пікірталас  тиімді  болуы  үшін 
оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса алуы 
үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);  
-
  тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды тыңдау, 
түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқаша тұжырымдау, 
сөздікпен жұмыс істеу дағдылары); 
-
  тіл  туралы  сыни  ойларын  дамыту  (мысалы,  тілдерді  салыстыру,  оқушыларды  тілді 
барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау); 
-
  сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол 
жеткізілген жетістіктерді талқылау. 
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік 
мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардың есте 
сақтап,  пайдаланулары  керектігін  ескерту  маңызды.  Бұл  құрамдас  бөліктер  төмендегі 
тақырыпшаларда ұсынылған: 
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология; 
(2)  диалог/  жазылымға  арналған  пайдалы  сөз  тіркестері.  Егер  пәннің  тілі  анық  әрі 
оқушыларға  түсінікті  болса,  бұл  олардың  пән  бойынша  оқу  мақсаттарына  ғана  емес,  тілдік 
мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі. 
Тілдік  мақсаттарды  белгілеу  үшін  келесі  етістіктерді  пайдалануға  болады:  саралау, 
санаттарға  бөлу,  таңдау,  жіктеу,  салыстыру,  байланыстыру,  қарсы  қою,  көшіру,  құрастыру, 
сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, 
негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін түсіндіру, пысықтау, 
қайта  ұйымдастыру,  басқа  сөзбен  айту,  мазмұндау,  қайта  қарап  шығу,  көшіріп  алу,  рөлдік 
ойын  ойнау,  қорыту,  жинақтау  және  жазу,  түрлі  мақсатта  пайдалану,  өз  сөзімен  анықтама 
жазу, безендіру. 
Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға 
болғанымен,  мазмұн  мен  тілдің  бөлінуі  оқушылардың  мазмұнға  да,  тілге  де  баса  назар 
аударуына  көмектеседі.  Сонымен  қатар,  бұл  жауап/  шешімге  назар  аударумен  қатар,  сол 
жауап/шешімді  іздеу  үшін  қолданылатын  үдерістерге  назар  аударылуын  теңдестіруге 
көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша 
нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады. 
Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудың маңызы  
«Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі жеке тұлғаны 
әлеуметтендіру, яғни әртүрлі қоғаммен тиімді қарым қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды 
тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқушының өз ойын еркін айтуына ықпал 
ететін  дағдыларын  дамытуды  ынталандыратын  және  қолдау  көрсететін  орта 
қалыптастырылуы тиіс.  
Оқу  үдерісінде  «Информатика»  пәнінің  академиялық  тілі  мен  ұғымдар  аппаратын 
сауатты  пайдалану  арқылы  оқушының  әртүрлі  байланыс  құралдарын  қолдануда  тілдік 
дағдыларын дамытудың маңызы зор.  
«Информатика»  пәнінің  мұғалімі  оқу  үдерісінде  пән  бойынша  тапсырмалар  мен 
жаттығуларды  орындау  барысында  оқушылардың  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым 
дағдыларын дамытуға назар аударуы керек:  
-
 қойылған мақсаттарды дұрыс түсініп, қажетті ақпаратты таңдай білу;  
-
 түсініксіз жағдайлар туындағанда, дұрыс сұрақ қоя білу және зейін қойып тыңдау;  
-
 бір-бірін тыңдау және нақтылыққа көз жеткізгеннен кейін қорытынды жасау; 
-
 көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білу;  


16 
-
 жұмыстың  таныстырылымын  жасаудың  алдында  барлық  құжаттардың  дұрыс 
жазылуын,  мәтіннің пунктуациясы мен грамматикасын алдын ала тексеру және оқып шығу 
қажет;  
-
 техникалық  нұсқаулықты  пайдалануда  қажетті  мәтінді  іздеу  үшін  пәндік 
көрсеткіштерді, мазмұнды және сілтемелерді тиімді пайдалану;  
-
 кодты түсінікті, құрылымды, логикалық  тұрғыдан оңтайлы және ұқыпты жазу;  
-
 жоба жұмыстарын дайындаудың техникалық құжаттарын электронды нұсқада сауатты 
құрастыру; 
-
 сызбаларды,  кестелерді,  диаграммаларды  дұрыс  пайдалану  және  қорытындылар  мен 
ұсыныстарды нақты тұжырымдау.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет