Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының



бет41/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика

Балл қою кестесі

Балл қою кестесі тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады және жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады.



Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.

Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды) жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық және нақты ақпарат ұсынатын құрал болып табылады.




Балл қою кестесінің құрылымы және мазмұны пәндер мен тапсырмалардың түрлеріне қарай ерекшеленуі мүмкін. Балл қою кестесінің құрылымы келесі ақпараттарды қамтиды: тапсырма нөмірі, тапсырмаларды орындау кезеңдері көрсетілген жауаптары, әр кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпарат.

Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі.

Ашық тапсырмалардың дұрыс (болжамды) жауаптарының үлгілерін құрастыру кезінде балл қою кестесінде бағалаудың үш аспектісі сипатталады: таңдалған орындау тәсілі, орындалатын аралық әрекеттер, алынған жауап. Бұдан әрі тапсырмаларды орындаудың әр кезеңінің балл саны көрсетіледі.

Барлық балама (альтернативті) жауаптар балл қою кестесінде көрсетілуі тиіс, мұндай жағдайда олар «/» көлбеу сызықпен не «немесе» шылауымен ажыратылады.
Альтернативті жауаптары бар балл қою кестесінің мысалы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет