Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет11/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық

«Қазақ тілі» пәні. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік 

тіл мәртебесіндегі өзара қарым-қатынас құралы. 

Қазақ  тілі  қазақстандық  қоғам  мен  қазақ  тілін  ана  тілі  ретінде  қолданатын  әрбір  жеке 

тұлға  өмірінде  бірегей  қызмет  атқарады.  Қазақ  тілін  функционалдық-коммуникативтік 

және қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін 

саналы  түрде  түсінуге,  тілдің  табиғатын  ғылыми  танымдық  тұрғысдан  түсініп  меңгеруге, 

коммуникактивтік  тілдесім  әрекетіндегі  тілдік  бірліктердің  функционалдық  қасиеттерін  

саналы түрде қолдануға, әрбір тілдік бірліктің ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға  

дағдыландырады.

  Жалпы  білім  беретін  мектептерде    «Қазақ  тілі»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  ана  тілін 

қадірлейтін,  қоғамдық  мәнін  түсінетін  тұлға  қалыптастыру,  сондай-ақ  қазақ  әдеби    тілі 

нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні бірқатар маңызды мақсаттарды жүзеге асырады:

1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік

дағдыларды  (тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым)  сауатты  қолдану  дағдыларын 

қалыптастырады;

2) оқушылардың қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан

енді оны құбылыс ретіндегі заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;

3) қазақ  тілі  жүйесінің  құрылымын,  тілдік  бірліктерді  және  олардың  табиғатын  танып-

біледі; 


4) тілдік бірліктердің қарым-қатынас құралы,  ойды жеткізу, танымдық құрал, ақпаратты

сақтау құралы ретіндегі қасиеттерін функционалдық-коммуникативтік бағдарда танып-біледі, 

соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, 

сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін  дамытуды және оқушының 

ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді. 

Сонымен қатар, оқушыларға түсіну мен жауап беруді, тілдесім мен аудиобейне  материалды 

тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіруді үйретеді. Көркем мәтін және жай мәтіндерге 

мақсатқа сай қорытынды жасау, синтез, анализ жасау дағдыларын меңгертеді. 

«Қазақ  тілі»  пәні  бағдарламасы  функционалдық-коммуникативтік  бағытқа  негізделіп 

құрастырылды.  Ол  оқушылардың  тіл  туралы  түсініктерін  тереңдетіп,  ұлттық  мәдениет  пен 

әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді. 

«Қазақ  тілі»  пәнінің  жаңартылған  оқу  бағдарламасы    білім  деңгейі  жоғары,  ой-өрісі 

дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді  шеше білетін және шынайы 

өмірге  бейім    жаңашыл  ұрпақ  тәрбиелеу  мәселесін  жүзеге  асыруға  маңызды  үлес  қосады. 

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас 

және  таным  құралы  ретінде  оқытуды,  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлемнің  мәтін  түзімдік  қызметін 

танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды 

үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі 

сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.




| 12 |

Қазақ  тілін  пән  ретінде  оқытуда    оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын  кеңейтетін, 

шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды 

үйрететін,  оны  тұлға  ретінде  әлеуметтендіруге  мүмкіндік  беретін  қазақ  тілінің  танымдық, 

қатысымдық  және  кумулятивтік  қызметтерін  меңгерту,  оқушылардың  шығармашылықпен 

жұмыс істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту басты нысана болып табылады

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы  білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін 

жеткізе алатын, туындаған мәселелерді  шеше білетін және шынайы өмірге бейім  жаңашыл 

ұрпақ  тәрбиелеу  мәселесін  жүзеге  асыруға  маңызды  үлес  қосады.  «Қазақ  тілі»  пәнінің 

бағдарламасы  негізгі орта мектеп оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және 

таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, 

тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, 

тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің 

лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.

«Қазақ  тілі»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  оқушылардың  төмендегідей  дағдыларын 

қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған:

1) оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретіндегі мәртебесіне лайықты 

қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін танып-біледі; 

2)    қазақ тілінде тыңдалым,  оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік  дағдыларын 

жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренеді;   

3)  өзінің  ойын  ауызша  және  жазбаша  түрде  сауатты  құрауға,  ауызша  және  жазбаша  

түрде  өз  ойын  жеткізуде    әдеби  тілдің  нормаларын  саналы  түрде    қолдана  отырып,  сөйлеу 

барысында  өзара қарым-қатынас жасау тәсілдерін игеруге ұмтылады; қазақ тілін оқытуда тілді 

академиялық тұрғыдан оқытуды көздейді: ол тәсіл қазақ тілінің грамматикалық құрылымын 

тереңдете түсінуіне, жазба тілді дамытудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға, сол арқылы 

аса жоғары сауаттылықты дамытуға бағытталды; ал коммуникативтік әдіс қолданбалы бағытты 

ұстанады; бұл бағыт бойынша оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, ойын айшықты етіп 

беру шеберліктерін қалыптастыру көзделеді; бұл оқушылардың ана тілін жан-жақты танып-

білуіне ынтасын туғызады;

4)  қазақ  әдеби  тілінің  фонетикалық,  орфографиялық,  орфоэпиялық,  лексикалық, 

морфологиялық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық нормаларын меңгереді;

5) тіл мен мәдениет арасындағы байланысты түсінеді; қазақ тілін ана тілі ретінде меңгеру 

арқылы оқушылар алған білімін әлемдік мәдениетпен ұштастыра алады; олар адамгершілік 

құндылықтарды таңдау, оған талдау жасау және бағалау дағдыларын қалыптастыра отырып, 

кез келген жағдайдан шыға білу дағдыларына ие болады; 

6)  әңгіме,  поэзия,  драма,  сондай-ақ  ғылыми  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

материалдарын (газет-журналдар) сын тұрғысынан оқи отырып,  өз түсініктерін дамытады; 

оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады;

7)  қазақ  тілін  меңгеру  арқылы  қоғамдық  өмірге  араласуға  қажетті  жазылым,  айтылым, 

тыңдалым,  оқылым  дағдыларын  жағдаяттар  жүйесі  негізінде  дамытады;  олар  қазақ  тілінде 

түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады,  көзқарастарын 

білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алады; қазақ тілінде  берілген кез келген ақпараттарды 

тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді өздігінен  түсініп 

оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары 

арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін бөліседі 

«Қазақ    тілі»    пәні  оқу  бағдарламасының  мазмұны  мен  құрылымы    оқу  мақсаттарына 

негізделіп құрылған. Пәндік білімнің мазмұны коммуникативтік әрекеттер мен коммуникативтік  

дағдыларға негізделген. Коммуникативтік дағдылардағы   оқу мақсаттары  әр сынып деңгейіне 

сәйкес  динамикалық даму бағытында жасалған. Пән бойынша оқу мақсаттары  мұғалім мен 



| 13 |

Center


of Excellence

оқушыға  болашақ  қадамдары  жөнінде  өзара  ой  бөлісуге,  оларды  жоспарлау  мен  бағалауға 

мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты  көрсетеді: 

1-бөлім. Тыңдалым және айтылым.

2-бөлім. Оқылым.

3-бөлім. Жазылым.

     4-бөлім. Әдеби тіл нормалары.

Одан  әрі  негізгі  бөлімдер  дағды  немесе  тақырып,  білім  немесе  түсінік  деңгейіне  қарай 

бөлімшелерге бөлінеді. Сынып аясында күтілетін нәтижеге қатысты айтқан кезде бөлімшелер 

оқу мақсаттарын айқындайды. Оқу мақсаттары әрбір бөлімше бойынша ілгерілеуді білдіріп, 

мұғалімдердің  жоспарлауына  және  бағалауына,  оқушылармен  алдағы  қадамдары  туралы 

ойларымен бөлісуіне мүмкіндік береді.

«Тыңдалым  және  айтылым»  бөлімі  аясындағы  бөлімшелер  оқушылардың  төмендегі 

дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- болжау;

- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;

- мәтіннен ақпаратты анықтау;

- негізгі ойды анықтау; 

- тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау; 

- сөйлеу мәдениетін дамыту.

«Оқылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне 

мүмкіндік береді:

- ақпаратты түсіну;

- мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

- мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

- мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

- мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;

- оқылым стратегияларын қолдану;

- әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

«Жазылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне 

мүмкіндік береді:

- жоспар құру;

- әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

- жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

- эссе жазу;

- оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

- мәтіндерді түзету және редакциялау.

«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі 

дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- орфографиялық норма;

- орфоэпиялық норма;

- лексикалық норма;

- грамматикалық норма;

- пунктуациялық норма («Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы).  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет