Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет46/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
 

1-суретҚалыптастырушы бағалауды жоспарлауда қолданылатын құжаттар

Қалыптастырушы  бағалау  –  оқушылардың  оқу  жетістіктерінің  дамуы  мен  өсуіне  әсер 

ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол күнделікті сабақта орын алады және оқушыға да, 

мұғалім үшін де маңызды; мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына 

түзетулер енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктеріне өзі бақылау жасауына және одан әрі 

өзінің  даму  бағыттарын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Осылайша  бағалау  ынталандырушы, 

қалыптастырушы  және  уәждемелік  қызмет  атқарады.  Мұндай  бағалау  түрінде  оқудың 

жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланыстың болуы 

шарт.

Қалыптастырушы  бағалау  оқу  үшін  бағалауды  мақсат  ете  отырып,  белсенді  әдістерді 



тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім 

сапасын  арттыруда  бірін  бірі  толықтырып  отырады.  Демек  оқушылардың  бірігіп  талдау 

мәдениеті қалыптасады; сыни және шығармашылық ойлауы дамиды; сұрақтарды қолдайтын 

орта қалыптасады; өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсарту сенімі нығаяды; 

күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады.

Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен  оқу  үдерісінің  ажырамас  бөлігі  болып 

табылады  және  тоқсан  бойында  үздіксіз  жүргізіледі.  Бұл  бағалаудың  нәтижесінде  алынған 

ақпараттың  негізінде  оқушылар  оқу  барысында  өздерінің  тапсырманы  қаншалықты  дұрыс 

орындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет 

алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы 

бағалау  кезінде  оқушы  оқу  үдерісіне  белсене  араласып,  одан  қандай  нәтиже  күтілетінін 

түсінеді.  Сонымен  қатар,  өз  жұмыстарына  өзі  баға  берумен  қатар,  сыныптастарын  бағалау 

арқылы өзінің оқуын жетілдіреді. 

Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі:

- оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау 

критерийлерін анық жазады;

- оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындап, оларға сәйкес 

дескрипторлар құрастырады;

- оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады;

- оқыту және бағалау үдерісіне түзету енгізеді.




| 49 |

Center


of Excellence

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс 

түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.

Сабақ  жоспарына  қалыптастырушы  бағалауды  ықпалдастыру  барысында  төмендегі 

қағидаттарды ескерген жөн:

- қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);

-  барлық  оқу  мақсаттары  қамтылады  (оқу  мақсаттары  барлық  сыныптарда  пәндер 

бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);

- бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды);

- бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;

- әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;

-  бағалау  нәтижелері  оқыту  мен  оқу  сапасын,  оқу  бағдарламасын  жақсарту  үшін 

қолданылады.

Сабақты  өткізуге  дейін  сабақтың  әрбір  кезеңін  қалыптастырушы  бағалау  тәсілдерін 

қолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердің қызметіндегі 

жақсы  тәжірибе  болып  саналады.  Сабақтан  кейін  сабақ  жоспары  бойынша  қысқаша 

түсініктемелер жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре түседі. 

Бұл мұғалімнің келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды, 

ресурстарды оңтайландыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл басқа мұғалімдермен 

ақпарат алмасып, өзара озық тәжірибелерімен бөлісуге жол ашады. 

                                                   



| 50 |



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет