Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence


Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы



Pdf көрінісі
бет5/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы

Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға 

айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім 

мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану ұлттық экономикаға да 

ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған 

халықаралық  б

әсекелестік  артып  отыр.  Женевадағы  Халықаралық  еңбек  ұйымының  (2006) 

баяндамасы мұ

ның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация 

саласындағы  елеулі  жетістіктермен  қатар,  сауда  мен  капитал  ағымын  ырықтандыру:  өз 

еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс 

берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек 

жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне 

және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді. 

Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы бойынша: 

«...экономикасы  дамыған  елдерде  өнеркәсіптік  өндірістен  ақпараттық  қызмет  көрсету  және 

байланыс  қызметін  көрсетуге  ауысып  жатқаны  айтарлықтай  байқалды»  (17-б.).  Білім  беру 

жүйесін  жаңартуға  арналған  бұл  экономикалық  дәлелдерге  қоса,  қазіргі  жиырма  бірінші 

ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа 

райының  өзгеруімен  байланысты  проблемалар;  бүкіл  әлемдегі  халық  санының  қарқынды 

өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары 

қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп 

дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді. 

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ 

мерзімді  стратегия  болып  табылады.  Көптеген  авторлар,  соның  ішінде  Виллем  Те  Вельде 

(Willem  te  Velde,  2005)  жаһанданудың  қазіргі  кезеңінде  жоғары  сапалы  білімнің  қажеттігі 

туралы  өз  пікірлерін  айтты.  Қазіргі  таңда  экономикалық  өсу  және  азаматтардың  әл-ауқаты 

үшін  білімнің  айтарлықтай  маңызды  екенін  бүкіл  әлем  мойындауда.  Муршед  және  басқа 

авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс 

енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың 

қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті.



| 7 |

Center


of Excellence

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе 

қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі 

керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. 

Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын 

педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. 

Оқушылар  күн  сайын  БАҚ  және  түрлі  технологиялар  арқылы  орасан  зор  ақпаратпен 

танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым мүмкіндіктері оқушыларды 

барған сайын артып келе жатқан жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға 

дайындайды. Бірінші кезектегі және негізгі тіл болып табылатын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті 

бойынша  сапалы  білім  алу  оқушылардың  өздерінің  ойлары  мен  эмоциясын  басқаларға 

жеткізе алу үшін еркін оқуына және жазуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқылым және 

тыңдалым арқылы басқалар да олармен қарым-қатынас жасай алады.

Оқушылар оқу арқылы мәдени, эмоциялық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан 

дамуға  мүмкіндік  алады.  Оқу  оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеруіне  де,  сондай-ақ  алған 

білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін 

адамдарға барлық тілдік дағдылар айтарлықтай маңызды болып табылады.

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  жоғарыда  сипатталған  жаһандық 

проблемаларға  жауап  бере  алатындай  жұмыстар  республикалық  деңгейде  жүргізілуде. 

Оқу  бағдарламасындағы  ұлттық  стандарттарға,  бағалауға,  оқулықтар  мен  оқыту  әдістеріне 

қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының 

жалпы  үлгерімін  арттыруды,  сондай-ақ  инновация  мен  көшбасшылықты  енгізу  үшін  талап 

етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске 

асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған 

оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған 

шаралардың бірі болып табылады.

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары 

да осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл бағдарламалар оқушылардың оқылым, 

жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар әр жылы келесі 

сыныпқа ауысқан сайын ақпаратты бағамдау, дәлелдерді қабылдау және өз дәлелдерін ұсыну, 

тапсырмаға, аудитория мен мақсатқа сай келетін терең жазбаша материал өндіру үшін аталған 

дағдыларын қолдануда шеберлігі арта түспек. Олар алған білімдері мен үйренген дағдыларын 

кез келген орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас 

үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті 

арқылы оқушылар өз білімдерін қажетті жағдайларда қолдануды үйренеді, соның нәтижесінде 

олардың  бәсекеге  қабілеттілігі  артып,  өмірде  туындайтын  әртүрлі  қиындықтарды  еңсеру 

барысында қолдануға мүмкіндік алады.




| 8 |



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет