Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет64/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Грамматикалық 

нормалар

Нақты бір тілдің грамматикалық ережелері.



Графикалық 

органайзер

білім,  ұғым,  ой,  идея  немесе  көзқарасты  білдіру  үшін  визуалды 

таңбаларды  қолданатын  құрал.  Графикалық  органайзердің  басты 

мақсаты  оқу  мен  оқытуды  жеңілдету  мақсатында  визуалды  көмек 

ұсыну болып табылады.



| 64 |

Дарындылық

қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – өзіндік 

ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты дарындылық та 

туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). Жалпы дарындылық: 

салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің 

(жады,  зият)  дамуы.  Арнайы  дарындылық  ерекше  қызмет  түріне 

жатады. Бұл бөлініс шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте 

«өмір  сүреді».  Адамдардың  дарындылығы  мен  қабілеттері  сандық 



емес,  сапалық  тұрғыдан  ерекшеленеді.  Дарындылықтың  сапалық 

ерекшеліктері  бір  адамның  бір  салада,  екіншісінің  басқа  салада 

дарынды  болуымен  ғана  емес,  дарындылықтың  қалыптасқандық 

деңгейімен де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу 

– психологияның маңызды міндеті. 

Диалогтік оқыту

Мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол 

оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың 

және  баяндаушы  әңгіме  жүргізудің  нақтылы  реттеуші  ережелерін 

ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені 

(проблеманы)  анықтап,  оны  шешуге  итермелейді  және  олардың 

оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

Дәйекті пайым

жағдай  туралы  өз  пайымын  шешім  қабылдаусыз  көрсету  құқығы 

(С.Ожегов  және  Н.Шведов  сөздігі).  Бұл  мәнмәтінде  мұқият 

ойластырылған пайым.



Джигсо әдісі

 Ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) әзірлеген. 

Бұл  әдіс  арқылы  оқушылар  өмірлік  маңызы  бар  ақпаратты  игеріп, 

оларды  пазлдың  бөлшектері  сияқты  бірге  жинауға  тартылады.  Әр 

оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни 

әр  оқушы  «сарапшы»  рөлінде  болады  деген  сөз.  Сонымен  қатар, 

оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін тыңдауды үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет