20
Эвристикалық әңгіме.
Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту үшін оларға өздері талдау,
салыстыру, синтез жасайтындай жағдай жасау керек. Мұны сабақта эвристикалық әңгіме
әдісін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Эвристикалық әңгіме –мұғалім дайын білімді
өзі хабарлаудың орнына сұрақ қою арқылы оқушыларды жаңа түсініктер мен қорытындылар
жасауға итермелейтін сұрақ-жауап түріндегі оқыту тәсілі. Бұл дұрыс қойылған сұрақтардың
көмегімен оқушыларды өздерінің білімі және бақылауының
негізінде жоғары деңгейде
ойлауға тарту арқылы орындалады. Эвристикалық әңгіме әдісін қолдану мұғалімнің сабаққа
тыңғылықты дайындалуын талап етеді. Мұндай сабақтың ерекше белгісі – оқушылардың
алдына шешуді қажет ететін проблеманың қойылуы. Ол үшін мұғалім оқушыларға бір-бірімен
байланысты тізбектелген сұрақ қояды. Әрбір сұрақ кіші-гірім проблеманы білдіреді және
барлығы бірігіп, негізгі мәселені шешуге әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: