2
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық
құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға
тыйым салынады.
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
4
1. Критериалды бағалау жүйесі
5
2. Бағалау процесін ұйымдастыру және жоспарлау
8
4. Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу
13
Әдебиеттер тізімі
36
Глоссарий
39
4
КІРІСПЕ
«Математика» пәнінен «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау»
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі –
Бағдарлама) бойынша «Мұғалімге арналған нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының материалдары негізінде әзірленген
және ол мұғалімдердің курс барысында және курстан кейінгі кәсіби тәжірибесінде
пайдаланатын әдістемелік құралдардың бірі болып табылады.
Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты мұғалімдердің пән бойынша бағалау
құралдарын (бағалау критерийлері, тапсырмалар, дескрипторлар, балл қою кестесі)
әзірлеуіне және сараптама жасауына әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Нұсқаулық бағдарламаның мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерді, бағалау
процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді, оқушылардың оқу жетістігін
бағалау тәсілдері мен бағалау қағидаттары, бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама
жасау, бағалау процесі туралы ақпаратты қамтиды. Нұсқаулықта тапсырма әзірлеуге
қатысты теорилық материал, практикалық ұсынымдар мен бағалауға арналған құралдарды
әзірлеу барысында кездесетін әртүрлі мәселелерді шешуге көмектесетін пайдалы кеңес,
ұсыныстар берілген.
Нұсқаулық біліктілікті арттыру Бағдарламасымен қатар қолданылады.