белсенді,
күрделі, қызықты және маңызды
ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені,
тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың
белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік
болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж.Аймауытұлы, 1929).
Бастауыш сынып оқушылары өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз
тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға
негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген
ынтасы артады.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы
мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген
сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс.
Кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқуға қызығушылығы
төмен оқушыларды оқу үдерісіне тартып, қолдау көрсету болып табылады. Оқуға құштары
төмен оқушыларды қалай ынталандыруға болады?
Осы салада кеңінен қолданылатын әдістер негізінен мадақтау және жазалау жүйесін
қолдануға негізделуі мүмкін. Олар, әдетте, «сыртқы» уәж немесе «оқу керек» деген
28
талаппен байланыстырылады. Оқушыларды мұндай жолмен уәждеу стратегияларын
пайдалануға сақтықпен қараған жөн. Негізінде, оқушылар оқу керек болғаннан емес, өз
еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді,
ынталандырушы, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. Бастауыш
сынып оқушылары өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде
қолдануға болатынын көргенде оқуға деген ынтасы артады және шынайы өмірден алынған
жағдаяттармен байланысты тапсырмаларды ұнатады.
Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқушыларға қызықты
тақырыптар бойынша жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар арқылы оқу
үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл оқушыларды оқуға ынталандырып,
ішкі уәжін арттырады. Мұғалімдер төменде аталған бірқатар маңызды мәселелерді
ескерсе, оқушыларының уәжін арттыруда тиімділікке қол жеткізеді:
-
белсенді оқу арқылы оқушылардың ұсақ моторикасы мен қарым-қатынас дағдыларын
жақсарту үшін сабақтарды қызықты әрі тартымды етіп құру;
-
оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты ресурстарды
қолдану,
-
әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып, сабақтардың мазмұнын түрлендіру;
-
оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері
байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір
мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Сабақ барысында мұғалімдер
оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген мақтауды қолданады,
бірақ мұндай мақтаулар барлық уақытта оқушылардың танымдық ойлау деңгейінің
жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын таңдағансың»
деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға ұмтылуына жақсы
ықпал етеді. Мұғалімдер оқушының оқу керектігіне байланысты «сыртқы» уәж түріндегі
мақтауларды жиі қолданады. Оқушыларды мұндай жолмен ынталандыру тәсілдерін
пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі уәжін төмендетуі мүмкін.
Атап айтқанда, жалаң мадақтау, жазалау немесе тиімсіз кері байланыс салдарынан
оқушыларда төмендегідей сезімдердің туындауына жол берілмеуі тиіс:
-
тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
-
тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
-
тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса
жеткілікті деп сезіну;
-
өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы
мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген
сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына құрметпен
қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы, оның жеке
қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.).
Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда мұғалімнің
оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің жалғаса беруі
оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін. Оқушылардың
пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген факторлар бар: оқушылардың
қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімнің ықпалы, ата-аналардың ықпалы,
мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы мен ынтасын арттырудың ең сенімді
тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу
ортасын қалыптастыру. Оқушыларды оқуға ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп,
тиімді қолдана білу мұғалімнің кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі
29
кестеде (6-кесте) мұғалім жұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін
факторлар ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |