Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқушылардың жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет33/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Геомет 11 сын ЖМБ КМЖ, 1606281078, 1553972817, The best language learner Лучший знаток языка, 1530560643, Шаблон 4 к.1сем рк1, null, жоспар рухани, Modern English period, Кіру билеті, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), stud.kz-21511, Жетекшілік жоспар Раушан, Жетекшілік жоспар Раушан
Оқушылардың жас ерекшеліктері
Негізгі мектептегі химия және жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің қызметіндегі 
маңызды аспект оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Мысалы, 5-6-
сынып оқушыларының теориялық ойлау қабілеті даму сатысының бастапқы деңгейінде 
болады, сондықтан оларға жаңа ұғымдар мен тапсырмаларды шамадан көп берудің кері әсері 
болуы мүмкін. Жаңа ғылыми терминдерді түрлі практикалық жаттығулар барысында 
оқушылардың жалпы түсініктеріне негіздей отырып, бірте-бірте енгізу қажет. Оқушы берілген 
тапсырманы өздігінен орындай алмайтын жағдайда оған көмектесіп, қолдау көрсетудің 
маңызы зор. Осындай «ашық» көмекті біртіндеп жанама көмекке айналдыру арқылы 
мұғалімдер тапсырманы оқушының өздігінен орындауына мүмкіндік беруіне болады, бұл 
оқытудың дамытушылық сипатын көрсетеді. Мұғалімдер 5-6 сынып оқушыларынан өздерінің 
сыныптағы құрдастарын түсінуге қабілетті болуларын және олармен теңдік және 
шыдамдылық қағидаларына негізделе отырып, бірге оқып білуді күтеді. Бұл қабілет 
децентрация деп аталады және ол өзге мәдениетті, басқа көзқарасты адамдарды түсінуге 
жағдай жасайды. 5-6 сыныптарда сабақта тиімді диалог құру арқылы оқушылардың осындай 
дағдыларын дамытып, нығайтуға болады. Бұл қабілетті дамыту әбігерлікті қолдамайды, 
керісінше сабырлылық пен әдептілікті қажет етеді. Бұл жерде сабақта оқушыларды түрлі көз-
қарастарды қабылдауға үйрететін оқу жағдайларын туындату туралы айтылады.
7-9 сынып оқушылары үшін оқу басты қызмет болып табылады. Психологтардың 
айтуынша, жасөспірім шақта даму өте қарқынды жүреді, сол себепті оқушылардың екі жас 
топтарын ажыратады: 13-15 және 16-17 жастар (Емельянова Е.О., 2002, Титова И.М., 2002). 
Орта мектептегі 7-11 сынып оқушыларының зияткерлік өрісінің даму ерекшеліктері 
оқушылардың, әсіресе химия пәні үшін маңызды болып табылатын зияткерлі қалыптасу 
ерекшеліктерін ерекше атап өтуге мүмкіндік береді. 7-8 сынып оқушыларының теориялық 
ойлауға дайындық тұрғысынан жасалған сараптамасы көптеген оқушылардың ойша ойлау 
(ойша әрекет жасау) қабілеттерінің қалыптаспағанын көрсетеді және кейбір оқушыларда оны 
қалыптастыру үшін қажетті бастапқы алғышарттарының да жоқ екені белгілі болған. Ойша 
ойлау қабілеті деп нақты жағдайларды көрнекі схемалық бейнелермен немесе символдық 
белгілер арқылы алмастырып, жанама басқаруды айтамыз. Бұл қабілет түсініктік теориялық 
ойлау қабілетін дамытудың ең маңызды сипаттарының біріне жатады. Оның қалыптасқандығы 
химия пәнін оқуда зор маңызға ие, себебі бұл пәннің мазмұны сезім арқылы қабылдауға 


26 
келмейтін заттардың (химиялық таңбалар және олардың «туындылары»: формулалар, реакция 
теңдеулері) шартты алмастырушыларымен жұмыс істеуді қажет етеді. Осылайша, оқушыға 
әрбір химиялық элементті белгілі бір химиялық белгімен белгілеп, осы белгілерді химиялық 
формулалар құрастыруда және реакция теңдеулерін жазуда қолдануды ұсынғанда, біз 
оқушылар шынайы объектілерді абстрактілі объектілермен ауыстырып әрекет етеді деп 
болжаймыз. Бірақ бұл кейбір оқушылар үшін қиын тапсырма болуы мүмкін. Оқушылардың 
символдармен және абстрактілі ұғымдармен ойлау дағдыларының әртүрлі деңгейде болуы 
пәндік оқу мақсаттарын саралау қажеттілігіне алып келеді, сондай-ақ химияның бастапқы 
курсын үйренуді жоспарлауда мағыналық екпінді тиісінше қарастыру қажеттігі туындайды. 
9-сыныпта жасөспірімдердің зияткерлік дамуында маңызды қалыптасулар орын алады, 
оларда ұғымдық, теориялық ойлаудың дамуы бойынша оң өзгерістер байқалады. Олардың 
ойша әрекет ету қабілеттері, жалпылау дағдылары қарқынды дамиды және олар төменгі сынып 
оқушыларына қарағанда есте сақтаудың логикалық амалдарын кеңінен қолданады.
10-сыныпта оқушылардың аналитикалылық, саналылық, дәлелділік, ой тереңділігі 
сияқты ойлау дағдыларының дамуында айтарлықтай алға жылжу байқалады. Олардың 
логикалық есте сақтау нәтижелілігі механикалық есте сақтау әрекеттеріне қарағанда 
айтарлықтай деңгейде арта түседі.
11-сынып оқушыларының жалпылауға, зерттеліп отырған объектілердің егжей-тегжейлі 
сипаттамасын құруға деген бейімділігі артады. Олардың рефлексиялық ойлау қабілеттері және 
өз әрекеттерін саналы түрде бағалау деңгейі өсе түседі. Сонымен қатар жалпылау, аналогтар 
құру, болжамдар жасау мен оқу барысындағы алған білімін өмірде қолдану дағдылары жоғары 
деңгейде дамиды.
Оқуды ұйымдастырудың психологиялық әдістемелік тәсілдемелері (яғни оқушыларды 
түрлі деңгейлі танымдық қызметке тарта отырып, мұғалім мен оқушы арасында «субъект пен 
субъект» түріндегі қарым-қатынасын ұйымдастыру) оқу-тәрбиелік үдерістің оқушылардың 
оқуға деген ішкі уәжінің қалыптасуы мен дамуы, оқу үдерісінде жағымды эмоционалды 
ахуалдың болуы, оқушыларды қорқыныш сезімінен арылуы, оқушылардың жетістікке жету 
уәждерінің дамуы және өзін-өзі бағалауы сияқты кең көлемді психологиялық аспектілеріді 
есепке ала отырып, мақсатты әдістемелік тәсілдер мен оқыту технологияларын пайдалануды 
ұсынады. Психологтардың зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мұғалімдер пәндерді оқытуда 
оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы, сабақта оқушылардың танымдық 
дамуын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет