Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет53/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бағалау критерийі 
ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім 
қабылдау ережесі, негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары 
(әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының 
орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. 
Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін 
анықтайды. 
Белсенді оқу
шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды 
қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді 
шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын 
барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, 
кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп 
аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл 
таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға 
болады. 
Бірлескен оқу 
Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар 
арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, 
оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен 
қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп 
отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы 
жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу 
жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында 
бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің 
бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне 
негізделген. 
Дарындылық 
қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – 
өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты 
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). 


52 
Жалпы
дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап 
психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. 
Арнайы
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, 
жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». 
Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері 
сандық емес, сапалық
тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері 
бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды 
болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен 
де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу – 
психологияның маңызды міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет