Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары



бет16/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары

9.1С

9.2.1.10 - дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түсіну және сипаттау;

(T) Мұғалім оқушылардан шеңбер бойымен қозғалысқа мысалдар келтіруді сұрай алады.
(W) айналу периоды мен жиілігі, сызықтық және бұрыштық жылдамдық ұғымдарын енгізу
(D) Мұғалім жартылай сумен толтырылған шелекті алып, жіпке байлап және шелекті көлденең бағытта шеңбер бойынша айналдыра алады. Айналу жылдамдығы шелектегі су қалатындай яғни төгілмейтіндей барынша жоғары болады! Нұсқа ретінде жіпке байланған дене көлденең бағытта шеңбер бойымен айналдырылуы мүмкін.
 Екі жағдайда да жіп қатты байланғандығына көз жеткізіңіз және бұл сумен тәжірибені сыныптан тыс жерде орындаңыз. Оқу ресурстары қажетті құралдарды қамтиды

Дөңгелек орбиталарға мысалдар:

  • ұшақ қозғалысындағы «өлі тұзақ»

  • жіп бойынша айналатын тас

  • айналмалы қозалыстағы CD

  • центрден тепкіш киім кептіргіште кептірілетін киім

  • центрифугадағы айналу

  • бұрылыстағы машина қозғалысы

  • ядрны орбита бойымен айнала қозғалатын электрондар

  • жәрмеңке алаңы бойынша серуендеу

  • орбитадағы серіктер немесе ғаламшарлар.

Айналмалы қозғалыс бойынша егжей-тегжейлі көрсетілім:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/introducing-circular-motion
шеңбер бойымен қозғалыстың негізгі сипаттамалары:
http://ru.solverbook.com/spravochnik/mexanika/kinematika/ravnomernoe-dvizhenie-po-okruzhnosti/

ұшақ қозғалысындағы «өлі тұзақ»


https://www.youtube.com/watch?v=6l-U0iPdVAQ
центрифугадағы айналу
https://www.youtube.com/watch?v=qfMtYzn-hN8
Ядроны айнала қозғалатын электрон қозғалысы
https://www.youtube.com/watch?v=NP9x3Tiu3RE
Орбита бойымен ғаламшарлар қозғалысы https://www.youtube.com/watch?v=9zW6c_hfZ4c




9.2.1.11 - бұрыштық орын ауыстыруды радианмен өрнектеу;

9.2.1.12 - сандық және сапалық есептер шығаруға бұрыш жылдамдықтын түсініктін қолдану;

9.1.1.4 - нәтижеге болжамалы баға беру;


(D) Мұғалім жіп және жүкпен (оқу ресустарын қараңыз) көрсетілімді жүргізе алады және v = 2πr/T теңдеуін пайдаланып, м/с алынған жүктің айналу жылдамдығын анықтай алады, мұндағы Т айналу периоды.
(T) Оқушыларға бір айналым ретінде 360° пайдаланатынын және бір айналым үшін 2π радианды қолдануға болатындығын түсіндіре алады. Содан кейін, оқушылар әртүрлі бұрыштарды радиандармен, градустармен өрнектей алады. бірлік уақытта айналалатын бұрыш ретінде ω бұрыштық жылдамдықты анықтай алады және ω =2 πr/T нәтижесінде
= екендігі шығады.
(I f) Оқушылар жұмыс парағында бұрыштық жылдамдық, бұрылу бұрышы,жылдамдық пен қашықтық бойынша сұрақтарға жауап береді

Оқушылар бұрыштық орын ауыстырудың физикалық мағынасын түсіндіріп, радиандық өлшем бірлікті градусқа және керісінше айналдыра алулары керек.
Оқушылар есептерді шығарудың аналитикалық және графиктік әдістерін пайдаланып, бұрыштық жылдамдықтың формуласын қолдануға жаттығулары керек.

Сандық айналу қозғалысы:
http://tap.iop.org/mechanics/circular/225/page_46483.html

Бұрыштық жылдамдық бойынша жұмыс парақтары мыналардан бейімделуі мүмкін:


http://tap.iop.org/mechanics/circular/225/file_46494.doc






9.2.1.13 - дене жылдамдығына перпендикуляр күштің әсерінен қисықсызықты траектория бойымен қозғалысты сапалы түсіндіру
9.2.1.15 - шеңбер бойымен тұрақты қозғалыс кезіндегі центрге тартқыш үдеуді түсіну;


(G) Оқушылардан дөңгелек орбита бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу туралы болжамдарын сұраңыз. Жылдамдық пен үдеудің бағытының өзгерісін көрсету үшін модельдеу немесе видеоролик пайдалануға болады.

(G) Оқушылар дөңгелек орбита бойымен қозғалған денеге әрекет ететін күштердің түрлеріне болжам жасайды.


Оқушылар шеңбер бойымен қозғалған дененің сызықтық жылдамдығы модулі бойынша тұрақты, ал қозғалыс бағытының өзгеретіндігін түсінулері тиіс.
Векторлық жылдамдықтың өзгеруіне байланысты дене үдей қозғала бастайды және осы үдеу әрқашан қозғалыс центріне бағытталғандығын білулері тиіс.
Центрден тартқыш үдеу әрқашан шеңбердің центріне бағытталады. Центрден тепкіш күш немесе үдеу теминдерін пайдаланбаған жөн және егер оқушылар денелер неліктен тұйық шеңбер бойынан тыс құлайтындығын сұрайтын болса, егер күш әсері болмаса, онда дене жанама бойымен ауытқитындығын түсіндіріңіз.
оқушылар үдеудің центрге бағытталғандығын көрсету үшін, аз уақыт ішінде жылдамдық векторының өзгерісін пайдалана алады.

Айналу қозғалысын модельдеу:
http://phet.colorado.edu/en/simulation/ladybug-motion-2d

Центрден тартқыш үдеу бойынша видео:


http://www.youtube.com/watch?v=-G7tjiMNVlc




9.2.1.16 - центрге тартқыш үдеу формуласын білу және пайдалану;

9.1.1.4 - нәтижеге болжамалы баға беру;





(T) Оқушылардан оқыс бұрылыстағы реактивті ұшақтардың үдеуін есептеуді көрсетеді және оқушыларға қарапайым жағдайлар үшін машинаның бұрыштан бұрылған кездегі үдеуін бағалауды ұсынады.
(E) Оқу ресурстарында көрсетілгендей оқушылар центрге тартқыш күшті анықтап, оны mv2/r теңдеуімен салыстырады. Олар радиусты және F пен v арасындағы қатынасты өзгертпей, F күшті өзгерте алады (олар күштің v² тура пропорционалды екендігін анықтауы тиіс).
(I f) Оқушылар центрге тартқыш күшті анықтауға арналған есептерді шығарады.



Центрге тартқыш үдеу формуласын қорыту үшін, векторларды қосу ережесі мен үшбұрыштар ұксастығын қолдануға болады. Оқушыларға таныс емес тәсілдерді қолданбаған жөн.
Оқушылар F=mv2/r күші үшін a=v2/ r центрге тартқыш үдеудің формуласын білуі тиіс және қайталауы тиіс.



F=mv2/r растау үшін тәжірибе: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/experimental-test-f-mv%C2%B2r
Центрден тартқыш үдеу бойынша тәжірибені көрсететін видео: http://www.youtube.com/watch?v=Juz9m0BFX0I

Центрден тартқыш күш бойынша жұмыс парақтары мыналардан бейімделуі мүмкін:


http://tap.iop.org/mechanics/circular/225/file_46491.doc





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет