2. Оқыту форматы: дәстүрлі/ҚОТ. 3. Кредиттер саны – 5. 4. Пәннің пререквизиттері: «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және есепке алу» пәнін игеру үшін білімгерлер келесі пәндерді білулері қажет: «Қаржылық есеп 1»
5. Пәннің постреквизиттері: Өндірістік тәжірибеден өту, дипломдық (жоба) жұмыс жазу.
6. Пәннің сипаттамасы: Пән республикалық және аймақтық деңгейлерде мемлекеттік тапсырыс жүйесін басқарудың заманауи ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Пән мемлекеттік тапсырыс жүйесінің негізгі түсініктері мен элементтерін, сатып алуды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білуге, тапсырыстарды әртүрлі деңгейлерде орналастыру процестерін дербес талдауға, мемлекеттік тапсырысты орналастыру процесінде тараптардың мінез-құлық жағдайын модельдеуге көмектеседі.