Тапсырма №2: Тәуліктік ауа райының өзгеру құбылыстарына метеорологиялық сипаттама беріп, жергілікті ауа райына анализ жасау.
Тапсырма №3: Метеорологиялық зерттеулер мен болжаулардың түрлеріне сипаттама беріңдер.
Метеорологиялық құбылыстар
|
Пайда болу себептері
|
1. Найзағай
2. Жауын-шашын
3. Тұман
4. Көктайғақ
5. Кемпірқосақ
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Тәуліктік амплитуда ұғымына анықтама беріңдер.
2. Қандай метеорологиялық құралдарды білесіңдер?
3.Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды қалай атайды?
4. Метероелогиялық негізгі шамаларға не жатады?
5. Найзағайдың пайда болу жолдарын түсіндіріңдер.
Әдебиеттер:
1. Климатология және метеорология. М., 2002ж. Михольков А.
2. Әбілмажинова С. Жалпы жертану. Алматы., 2012 ж.
3. С.С.Байшоланов Жалпы метеорология. Алматы 2005ж.
4. Дүние жүзінің климаттық картасы. Оқытушыларға арналған. Москва, 2000 ж.
5. Жалпы метеорология. Алматы, 2005 ж. Байшоланов.С.С.
Практикалық сабақ №9-10
Тақырыбы: Төселме бет және атмосфераның жылу балансы.
Мақсаты: Төселме беттердің алуан түрлілігіне байланысты күн радиациясының ккал/см жылуына орай жылу режимдерінің баланстарының физика-геогррафиялық таралу заңдылықтарына сипаттама беру.
Керекті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:
1. Дүние жүзінің климаттық картасы;
2. Дүние жүзінің кескін картасы;
3. Дүние жүзінің физикалық картасы.
Тапсырма №1: Төселме бет пен жылу балансы арасындағы байланыстарды анықтай отырып, олардың өзара байланысын анықтаңдар және оларға сипаттама беріңдер.
Тапсырма №2: Жер атмосферасындағы жылу балансының аймақтық таралу деңгейін анықтап, мұндай аймақтық бөлуді ұсынған М.И.Будыканың еңбектеріне талдау жасаңдар.
Тапсырма №3: Жер шарының климаттық картасын пайдалана отырып, төселме беттердің алуан түрлілігіне байланысты күн радиациясының ккал/см беттеріндегі мөлшерін анықтау. (Күн радиациясының жиынтық картасы бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: |