Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5


Ата-аналар ұжымымен жұмыс



бет16/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс

Ата-аналар ұжымымен жұмыс

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып үжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаналықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Конференция өткізу

Отбасы тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатыса алады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: "Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы", "Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың рөлі". Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конференцияларда ата-аналардың: "Үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама калай көмектесем", "Біздің отбасындағы еңбек тәрбиесі", "Отбасында бала бос уақытын қалай пайдалану керек" сияқты баяңдамалары тыңдалады.

• Ата-аналар лекторийлері

Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін дәрістер оқылады.

Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кенесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:

1. Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардың бірлігі.

2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік рөлі

3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-отбасылық өмірге дайындау.

• Ата-аналар университеттері

Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жаныңдағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер тыңдайды, семиналарға қатысады, рефераттар жазады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет