Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


  Нақты шекаралары мен ережелері жоқ, бала қалағанын жасайтын еркін ойын



Pdf көрінісі
бет30/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

3. 
Нақты шекаралары мен ережелері жоқ, бала қалағанын жасайтын
еркін ойын.


Бұл ойынның маңыздылығы балалардың өзара қарым-қатынасын дамытуымен 
байланысты. Еркін ойын балалардың талқылау, проблеманы шешу, қақтығыстардың 
алдын алу, келісімге келу және т.б. қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады. 
Балалар 2-3 жастан бастап аса белсенді бола бастайды. Олар өз белсенділігін 
тынымсыз іс-әрекеттері арқылы көрсетеді: ойыншықтарды алып бөлменің бір шетінен 
екінші шетіне жүгіреді, аласа орындықтарға, дивандарға өрмелеп мінеді және қайта 
түседі, әрі-бері жүреді немесе жүгіреді, автомашиналар мен басқа да дөңгелекті 
ойыншықтарды жүргізеді, допты лақтырады немесе тебеді, т.б. Өз бетінше еркін қимыл-
қозғалыс жасау бала дамуының маңызды шарттарының бірі болып табылады, сондықтан 
балабақша тәрбиешісі бөлмеде де, ауладағы алаңда да балалардың қимыл-қозғалысын 
жетілдіруге қажетті бос орынның, ойыншықтар санының, құрал-жабдықтардың 
жеткілікті болуын қадағалауы тиіс. 
Педагог балалардың өз бетінше еркін ойынына жанама түрде жетекшілік жасай 
білуі керек. Ол ойынды бақылай отырып, кімнің қай ойынды немесе ойыншықты ойнай 
алмайтынын, кімнің аз қозғалатынын, ал кімнің, керісінше, тынымсыз екенін байқауы 
тиіс. Балалардың дербес ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, педагог 
олардың іс-әрекетін мұқият басқарып отырғаны жөн. Ол балалардың біреуіне жаңа 
ойыншықпен ойнауды үйренуіне көмектеседі, енді біреуіне бірге доп ойнауды ұсынады, 
ал тағы біреуіне тыныш отырып ойнайтын ойын тауып бере алады. Әдетте кіші жастағы 
балалар, әсіресе, бірінші кіші жастағылар тобының балалары жеке ойнағанды жақсы 
көретінін ескере отырып, тәрбиеші олардың жеке ойнауына мүмкіндік беруі тиіс, 
сонымен қатар балаларды бірлескен ойынға тартуға ұмтылуы керек. 
Ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде пайдалану оқушылардың танымдық 
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Оқытудағы ойын технологиясының басты 
элементтері: ойынның алдында нақты оқу мақсаты қойылады; ойын әрекеттері арқылы 
нақты педагогикалық нәтижеге қол жеткізіледі; оқу қызметі ойын ережелеріне 
бағынады; оқыту материалдары ойын құралдары болып табылады. Ұжымдық қызмет 
түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері оқушылардың басқа топ 
мүшелерінің пікірін құрметтеуді, ақырғы нәтижелерді болжауды, өздерінің ойын 
барысында атқаратын іс-әрекетін өз бетінше жоспарлауды, мақсатқа жету әдістерін 
анықтауды үйренуіне ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет