Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет7/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бағдарлама екі аудиториялық оқыту кезеңін және мектепке дейінгі ұйымдағы 
тәжірибені қамтиды.
 
2-сурет. 
Бағдарламаның құрылымы
Бағдарлама бойынша оқыту ұзақтығы 235 академиялық сағатты құрайды және 
құрылымдалған үш кезеңнен тұрады:

бірінші «Бетпе-бет» аудиториялық оқыту кезеңі – 120 академиялық сағат; 

мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе – 75 сағат; 

екінші «Бетпе-бет» аудиториялық оқыту кезеңі – 40 академиялық сағат. 
Бірінші «Бетпе-бет» оқыту кезеңінде 
Бағдарламаның негізгі бағыттары мен 
мазмұнын зерделеу, оқыту әдістемесін, тиімді бақылау мен мектеп жасына дейінгі 
балалардың ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау және оларды мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту тәжірибесіне енгізу ұсынылады.
Бұл кезеңде педагог келесі тапсырмаларды орындайды: 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартын, үлгілік 
оқу бағдарламасын, мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінің 
теориялық аспектілерін, оқыту мен тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеуді, мектеп жасына дейінгі балалардың, оның ішінде ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балалардың қызмет нәтижесін бақылау тәсілдерін қолдануды және
олардың денсаулығын нығайту мен сақтауды зерделейді; 

оқыту мен оқуды қалай жүргізу керектігі туралы өзінің білімі мен түсінігін 
талдау, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын қолданудың қалыптасқан стереотиптерін 
қарастыру, педагогтермен жұмыс тәсілдерін модельдей отырып белсенді оқу белгілерін 
белгілеу: бірлескен жұмыс, талдау, таныстырылым, жеке зерттеулер; 

қолданысқа енгізу және тиімділігін негіздеу үшін тәжірибе кезеңінде 
орындайтын тапсырмалар дайындау. 
Е
к
ін
ш
і "
Б
ет
п


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет