Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет41/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Дамуды тексеру парағы
Балалар белгілі бір жаста 
меңгеретін немесе көрсететін 
мінез-құлық дағдыларының 
немесе ерекшеліктерінің 
тізімі.
Бақылаушы осы дағдылар 
мен мінез-құлық
ерекшеліктерінің қайсысына 
қол жеткізілетінін атап 
көрсетеді. 

Жазып алу оңай. 

Әрбір баланың дамуын және 
күшті тұстары/ қырларын 
қадағалаудың жақсы тәсілі. 

Бір мезгілде көптеген мінез-
құлық дағдыларын/ 
ерекшеліктерін іздеп табу 
мүмкіндігі. 

Даму қырларын жақсартуға 
арналған іс-шараларды 
жоспарлау үшін пайдалану 
мүмкіндігі. 

Бақылаудың неліктен және 
қалай жүргізілгені туралы 
емес, не бақыланғаны туралы 
баяндалады. 

Дағдылардың ішіндегі 
жақын арада 
қалыптасқандарын анықтау 
мақсатында дағдыларды 
жүйелі негізде тексеріп 
отыруды қажет етеді. 
Жетелеуші сұрақтар
Белгілі бір нақты тақырыпқа 
қатысты даму мен мінез-
құлықты қарастыру, жазу 
және түсіндіруге 
бағыттайтын сұрақтар тізімі. 

Бақылау дағдаларын 
меңгеретін педагогтер үшін 
жақсы таңдау. 

Бір бақылау барысында 
әртүрлі мінез-құлық 
дағдыларын немесе 
ерекшеліктерін қарастыруға 
болады. 

Бақылаушыларға бақылау 
тақырыбына байланысты 
маңызды сұрақтар жөнінде 
ойлануға көмектеседі. 

Зерттелетін тақырыпқа дұрыс 
бағыт-бағдар береді. 

Іс жүзінде пайдалануға 
болатын ақпарат ретінде 
қолдануға келмейді. 

Көптеген педагогтер немесе 
басқа мамандар 
пайдаланбайды. 
Оқиға үзіндісі
Көзделген оқиға орын алған 
сайын немесе мінез-құлық 
байқалған сайын,
бақылаушы осы оқиғаның 
басынан аяғына дейін 
көптеген бөлшектерін 
жазбаша түрде белгілеп 
отырады. 

Сирек көрініс табатын мінез-
құлық ерекшеліктерін 
қадағалау үшін пайдалы. 

Мінез-құлықпен жалғас 
жүретін жағдайлар жазылып 
отырады. 

Уақытты тиімді пайдалану. 

Педагогтер бақылаудың бұл 
түрін өзгерістерді қадағалау 
және ақпарат жинау үшін 
пайдалана алады. 

Педагогтердің қысқа 
мерзімді жадына байланысты. 

Бір ғана оқиғамен немесе 
мінез-құлық ерекшелігімен 
шектеледі. 
Уақыт үзіндісі
Жалпы мінез-құлықтың 
көрініс табу жиілігін жазып 
отыратын жазба. Белгілі бір 
қысқа уақыт мерзімі ішінде, 
әдетте күніне бірнеше рет 
көрініс табуы тексеріледі. 

Орындау оңай, көп 
дайындықты қажет етпейді. 

Педагогтер бұл техниканы 
ерекше мінез-құлықтың 
байқалу жиілігінің өзгерістерін 
қадағалау үшін пайдалана 
алады. 

Белгілі бір оқиғаның 
неліктен және қалай 
болатынын емес, қаншалықты 
жиі орын алатыны туралы 
айтады. 

Мінез-құлықтың тек белгілі 
бір уақыт кезеңіндегі көрінісі 
қадағаланады. 

Нәтижелерді түсіндірудің 
нақтылығы ұзақ уақыт 
аралығындағы үзінділер 
санына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет