Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Дағдылардың қалыптасу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет35/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Дағдылардың қалыптасу кезеңдері 
Ата-аналарда нәрестенің физиологиялық, психологиялық дамуы туралы қарапайым 
болса да түсінік болуы тиіс. Ол түсінік балақайдың даму деңгейін анықтауға көмектеседі. Әр 
жас мөлшерінде баланың физикалық немесе психикалық жай-күйінің ауытқуын дер кезінде 
анықтап, асқындырып алмау үшін дәрігерге қаралуды көздейді. 
Көп ұйықтау және айқын белсенділікті танытпау – 1-8 апталық сәбилер үшін қалыпты. 
Осы мерзім өткеннен кейін нәрестеге көп күлу мен күлімсіреу тән. Келесі бірнеше айда 
баланың басын жан-жаққа бұру, жерде аунау секілді әрекеттерді жасай бастайды. Төрт 
айлық бала бұл дағдыны бар ынтасымен игереді және қолсозым жерде жатқан заттарды 
алуға талпынады. Тоғыз айлық нәрестелер сүйемелдеумен жер басып отырады, еңбектейді 
және ересектердің көмегімен алғашқы қадамдарын жасайды. Бір жастағы балалардың көбі 
аяқтарын нық басып, шапшаң жүгіре алатындары да болады. 
Бір жасқа толмаған (0-12 айлық) балаға тек қамқорлық көрсету, тамақтандыру және 


30 
киіндіру жеткіліксіз. Ата-ана баланың өміріне белсенді араласуы қажет. Жауапты аналар 
жүктілік кезінен-ақ құрсағындағы балаға қамқорлық жасай бастайды және өз тамақтану 
мәзіріне ақуызға бай тағамдарды енгізеді. Олардың мәзірінде құрамына омега-3 қышқылы 
кіретін тамақ өнімдері де болады. Бұл элемент ми жасушаларының қалыпты жұмыс істеуіне 
және олардың арасында толыққанды байланыстарды қалыптастыруға ықпал етеді. 
Мидың дұрыс қалыптасып дамуына ана сүтінің де пайдасы да зор. Ана сүті нәрестені 
инфекциялардан қорғап, оның иммундық жүйесін дамытады және мидың белсенділігіне 
жағымды әсер етеді. 
Балаға ата-аналар мейірімнің жетіспеушілігі оның артық болуынан әлдеқайда 
қорқынышты. Әке мен анаға баламен уақыт өткізіп, оған бесік жырын айтып, ертегілер 
оқумен қатар, оның физикалық дамуын қараусыз қалдырмауы керек. Сәби үшін бет жағы 
қолмен ұстағанда жағымды болатын қауіпсіз ойыншықтар бала дамуына оң ықпал етеді.
Сондай-ақ ойыншықтарды таңдауда оның дамытушылық ықпалына мән берген жөн. Ата-
аналар дауыс күші мен интонациясын құбылта отырып, баласымен мимикалық ойындар 
ойнауы бала эмоциясының дамуына ықпал етеді. Бала ересектердің эмоциясын үнемі қарап, 
байқауы нәтижесінде ересек адамның қандайда бір әрекеттеріне сәйкесінше өз эмоциясын 
көрсете алады. Ересек баланың мінез-құлқын қадағалаушы бала кейіннен адамның қандай 
да бір бет әлпетіне сәйкес келетін эмоцияларды көрсете алады. 
Дауыстап оқу -тыңдау дағдыларын шыңдауға және дауыстық тербелістермен берілген 
эмоцияларды тану қабілетін дамытуға бағытталған. Материалды түсіну бұл жағдайда екінші 
орынға түседі. Жаттығулардың болмауы көру функцияларын ынталандыруға да теріс әсер 
етеді. Бала үйде, сонымен қатар пәтерден немесе үйден тыс жерлерде де реңктерді 
ажыратуды үйрене алады. 
Жалғыздық бала үшін өте зиян. Сергектік кезеңінде ол басқа адамдардың қауымына 
мұқтаж. Болашақта қарым-қатынастың табысты болуы осы шарттың орындалуына 
байланысты болады. Баламен көтеріңкі интонацияларда әңгімелесуге болмайды. Сөйлесу 
кезінде өзіне назар аудартатын бөгде шулардың әсерін барынша азайтқан жөн. Қарым-
қатынас жағымды нотада өтуі тиіс. Негативтен алдын ала құтылу керек. 
Физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктерін барынша дамыту қоғамда бейімделу кезеңінде 
қиындықтардың болмайтынына кепілдік береді. Балалардың жоспарлы түрде дамуы 
балаларды ықыласпен, мейірімділікпен және сүйіспеншілікпен қоршаған отбасыларда 
байқалады. Бұл ретте, балақайды өзіндік қажеттіліктері бар тең серіктес ретінде қабылдау 
өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет