Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Ми байланыстарының дамуы Адам миының құрылымы дүниеге келген сәттен бастап үздіксіз дамиды. Адам өмірінің
алғашқы жылдары нейрондар арасындағы байланыс құрылымына тікелей әсер етіп оның
берік немесе нәзік болып қалыптасуына ықпал етеді және ол оның әрі қарайғы оқуына,
психикалық денсаулығы мен мінез-құлығының қалыптасуына негіз болады. Өмірдің
алғашқы жылында әр секунд сайын 700 жаңа нейрон қалыптасады!
Бірінші болып, мысалы, көру немесе есту үшін қажетті сенсорлық аймақтар дамиды;
содан кейін тілдік дағдылар мен когнитивтік (танымдық) функциялар аймақтары қосылады.
Қарқынды өсудің алғашқы кезеңінен кейін қалыптасатын байланыстар саны синапстар
арасындағы қолданылмайтын байланыстарды жетілдіру – жою үдерісі есебінен төмендейді,
бұл нейроннан нейронға сигнал беру жолдары анағұрлым тиімді болуы үшін қажет.