Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет49/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Неокортекс (ми қыртысы) 
Бұл рационалды ақыл – ең жас құрылым. 
Жасы 1,5-2,5 млн. жыл. Ол біз пайым деп атайтын нәрсе болып табылады: ойлану, 
тұжырым жасау, талдауға қабілеттілік, онда танымдық процестер жүреді және т.б. 
Кеңістіктік ойлау қабілеті бар, мұнда визуализациялық суреттер, болашаққа шоғырлану, 
оның зерттеу мен талдауда туындайды. 
 
 


38 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАНУ МЕХАНИЗМДЕРІ 
Психологиялық қорғану феномені психология ғылымындағы қарама-қайшылығы мол 
мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі психология ғылымында тұлғалық дамудағы 
психологиялық қорғанудың рөліне бірыңғай көзқарас жоқ десек, онша қателеспейміз.
«Қорғану» ұғымын алғаш рет 1894 жылы Зигмунд Фрейд қолданды.
З. Фрейд қорғану механизмін түпсананың шынайылықты теріске шығару мен бұрмалау 
түрінде Эгоның ішкі мазасыздыққа қарсы тұрудағы өзіндік кедергісі ретінде қарастырған 
(Freud s., 1963). Оның пайымдауынша, психологиялық қорғану механизмдері туа пайда 
болады және ол экстремалды жағдайда іске қосылып, «ішкі қақтығысты шешу» қызметін 
орындайды, яғни сана мен бейсана арасындағы қақтығысты шешу құралы ретінде әрекет 
етеді. 
Психологиялық қорғану туралы түсініктердің кеңеюі Анна Фрейд (Фрейд А., 1993) 
есімімен байланысты. Ол алғаш рет қандай да бір қорғану механизміне негізделген мінез-
құлықтың түрлі тәсілдерін егжей-тегжейлі сипаттады. А. Фрейд жалпы саны он бір қорғану 
механизмдерін атады (терістеу, проекция, реактивті оқыту, ығыстыру, рационализация, 
интеллектуализация, регрессия, реверсия (айырбастау), өзіне қарсы бұрылу, агрессормен 
сәйкестендіру, сублимация). 
Отандық психологияда ұзақ уақыт бойы психологиялық қорғануды қалыптастыру 
принциптері туралы мәселе мүлдем жарияланбады, бұл психоанализге тыйым салумен және 
оны жалған баяндаумен байланысты болды. Дегенмен кейбір отандық психологтер бұл 
мәселені де зерттеуге әрекеттенген. Ф.В. Бассин психологиялық қорғану проблемасын А.А. 
Ухтомскийдің доминанта теориясы тұрғысынан қарастырып, сананы психикалық зақымдау 
салдарының әсерін әлсірету мен зақымдау факторының субъективті маңызын төмендетудегі 
ерекшелігін айрықша атап көрсеткен (Ф.В. Бассин, 1969).
Б.В. Зейгарник (1986) және P.M. Грановская (1997) патологиялық психологиялық 
қорғануды немесе бейімделу формасына сәйкес емес және өмірімізде тұрақты болатын 
қалыпты ерекшеленудің арасын ажырата білуді ұсынады. Е.С. Романова (1996) қорғану 
механизмдеріне тән келесі жалпы қасиеттер бар деп санайды: бейсана деңгейінде әрекет 
етеді, индивид өзіне не болып жатқанын түсінбейді және шындықты жоққа шығарады, 
бұрмалайды немесе ойдан шығарады; жанжал, фрустрация, психологиялық зақымдану, 
стресс жағдайында іске асырылады. Психологиялық қорғанудың мақсаты эмоциялық 
шиеленісті төмендету және жалпы мінез-құлықтың, сананың, психиканың қалыпты 
жұмысының бұзылуына жол бермеу болып табылады.
Қазіргі таңда психоаналитикалық қорғану моделі негізінде алынған теориялар ең тиімді 
және өзекті болып табылады. Мұндай «әмбебап» тұжырымдамалардың бірі – Р. Плутчиктің 
(R.Plutchik,1974) психологиялық қорғану теориясы. Оның негізгі идеясы бойынша 
психологиялық қорғану механизмдері эмоциялардан туындайды, ал эмоциялар бейімделудің 
негізгі құралы ретінде анықталады. 
Соңғы уақытта шетелдік және ресейлік бірқатар авторлардың (H.A. Сирота, 1994, 2001; 
R.S. Lazarus, 1980; R.S. Lazarus, S. Folkman, 1987) қиындықты жеңу стратегиялары деп 
аталып жүрген, тұлғаның стресс әсерлерін жеңуге бағытталған бейімделу процесінің 
психологиялық аспектілерін зерттеуге қызығушылығы едәуір артып отыр. Әдебиеттерге 
жасалған талдаулар негізінде жеңу стратегияларының және олардың құрамдас бөліктерінің 
(мінез-құлық, ресурстар, стратегиялар) анағұрлым толық сипаттамасын көруге болады. 
Қиындықты жеңу стратегиясы – бұл жеке тұлғаның сезінген қауіп-қатерге қарсы тұруы мен 
стреске себепші болатын жағдайларды басқару тәсіліне орай жауабы. 
Л. Мерфи 1962 жылы бірінші болып қиындықты жеңу стратегиясы (coping) терминін 
қолданды. Балалардың даму дағдарыстарына сай қойылатын талаптарды орындау тәсілдерін 
зерттей отырып, ол күйзелістік (стрестік) жағдайға бейімделу процесінде жеке адамның туа 
біткен және жүре пайда болған (сараланған) мінез-құлық формаларын бөліп көрсетті. Автор 
қиындықты жеңу стратегияларын зерделеудің бастапқы кезеңінде олардың жеке-


39 
типологиялық ерекшеліктерімен және күйзелістік жағдайларды жеңудің алдыңғы 
тәжірибесімен байланысына назар аударып, оның екі құрамдас стратегиясын – когнитивті 
және мінез-құлық стратегиясын атап көрсетті (Аведисова A.C., Канаева Л. C., Ибрагимов Д. 
Ф., 2002). 
R.S. Lazarus (1980) өз зерттеулерінің нәтижесінде «тұлғаның физикалық, жеке және 
әлеуметтік әл-ауқатын сақтау мақсатында бейімделу мүмкіндіктерін белсендіру жағдайында 
(қауіптілікке немесе үлкен табысқа байланысты) проблемаларды шешуге ұмтылысы» деп 
қорытынды шығаруы жеңу стратегиялары ұғымының қысқаша тұжырымды анықтамасы 
болды. 
«Копинг-стратегиялар», «күйзелісті жеңу стратегиясы», «иелену стратегиясы», 
«қиындықты жеңу стратегиясы» ұғымдары арасында түбегейлі айырмашылық жоқ, бірақ 
әдебиетте «қиындықты жеңу стратегиясы» термині кеңінен қолданылады, өйткені бұл осы 
ұғымның негізіндегі мағынаны барынша толық ашады. 
Қазіргі таңда қиындықты жеңу стратегияларының типологиясы J.H. Amirkhan (1990) 
көзқарастарына негізделген. Автордың пікірі бойынша, жеке адамның өмір бойы белгілі бір 
қиындықтарды жеңу стратегияларын таңдауы жеткілікті тұрақты сипаттамалар мен стресс 
туғызушы себептер түріне тәуелді бола бермейді. Ол жеңу стратегияларын адамның мінез-
құлқының базистік стратегиясы ретінде белгілеп, оларды 3 топқа біріктірді: проблеманы 
шешуге бағытталған – бұл белсенді мінез-құлық стратегиясын адам өзіндегі барлық жеке 
ресурстарды проблеманы тиімді шешудің ықтимал тәсілдерін іздестіру үшін пайдалануға 
тырысады (бейімделген); әлеуметтік қолдауды іздеу – бұл белсенді мінез-құлық 
стратегиясына адам проблеманы тиімді шешу үшін өзін қоршаған ортасына – отбасына, 
достарына, басқаларға маңызды (бейімделген) көмек және қолдау көрсету үшін жүгінеді; 
қашқақтау – бұл адамның қоршаған шындық байланысынан, проблемаларды шешуден 
(бейімделмеген) бас тартып жалтару стратегиясы. 
Кейінірек көптеген шетелдік және отандық зерттеушілердің жұмыстарында белсенді-
қорғану нұсқаларын қосу есебінен «қорғану механизмдері» дәстүрлі ұғымының кеңейтілген 
сипаттамасы пайда болған. 
R.S. Lazarus (1980) қорғану механизмдерін жағдаяттың өзгеруінен бұрынғы эмоциялық 
шиеленісті төмендетуге арналған стресті жеңудің интрапсихикалық нысандары ретінде 
қарастырады. Автор психологиялық қорғанудың нәтижесіз әдістерін де саралап өткен. 
Бірінші топқа – ол симптомдық техниканы (алкоголь, транквилизаторлар, тыныштандыратын 
препараттарды және т.б. қолдану), ал екінші топқа когнитивті қорғанудың интрапсихиялық 
техникасын (идентификациялау, ауыстыру, басу, терістеу, реактивті оқыту, проекция, 
интеллектуализация) жатқызады. 
Л.И. Вассерман басқа да авторлармен бірлесіп (1998) психологиялық қорғану 
механизмдері мен өзін-өзі ұстау механизмдері өзгерген жағдайға бейімделу тәсілдері де 
өзгереді деген тұжырым жасаған. Онда қиындықты жеңуші мінез-құлық психологиялық 
қатерді жоюға бағытталған тұлғаның іс-қимыл стратегиясы ретінде анықталады, ал 
психологиялық қорғану механизмдері интрапсихиялық бейімделу болып табылады. Ол өз 
алдына психикалық жайсыздықты әлсіретуге бағытталған (Карпов А. Б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет