Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Психологиялық кеңес беру тәсілдемелері мен түрлері



Pdf көрінісі
бет55/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Психологиялық кеңес беру тәсілдемелері мен түрлері 
Психологиялық кеңес беру түрлері әртүрлі критерийлерге сүйене отырып 
ажыратылады. Ал кеңес алушымен кездесулер саны бойынша бір реттік және бірнеше реттік 
кеңес беру болып бөлінеді. Мотивациялық сипаты жағынан жеке өтініш бойынша кеңес беру 
және шақыру немесе жолдама нәтижесінде кеңес беру болып бөлінеді. 
Психологиялық көмек көрсетудің басқа әдістерімен ұштастыру критерийі бойынша 
оқшауланған және құрамдастырылған психологиялық кеңес беру деп бөлінеді.
Кеңес беру барысында қолданылатын қарым-қатынас құралдарының сипаты бойынша 
бетпе-бет және телефон арқылы кеңес беруді бөліп көрсетуге болады. 
Шешілетін міндеттердің сипаты бойынша жас ерекшелігіне қатысты психологиялық 
кеңес беру, педагогикалық-психологиялық кеңес беру, кәсіби кеңес беру, тұлғааралық 
психологиялық кеңес беру, отбасылық кеңес беру, дағдарыстық кеңес беру, өзін сезінуі және 
денсаулық жағдайы мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру болып бөлінеді.
Кеңес берудің нақты моделі көп жағдайда жалпы теориялық бағдарға байланысты 
таңдалады: 

психоталдау; 

тұлғаға бағдарланған; 

бихевиоралды; 

когнитивті және т.б .
Психологиялық кеңес берудің теориясы мен практикасын дамытудың қазіргі 
кезеңінде кеңес берудің бірқатар жаңа модельдерінің пайда болуын атап көрсетуге болады: 
қысқа 
мерзімді 
жағымды 
кеңес 
беру, 
нейролингвистикалық 
бағдарламалау 
психотехнологиясын пайдалана отырып кеңес беру, тұлғаға қайта бағалау бойынша кеңес 
беру, коуч-кеңес беру және т.б. 
Психолог кеңес беретін маман қазіргі таңда психологиялық теорияларға байланысты 
психологиялық кеңес берудің түрлі бағыттарын ұстануы мүмкін..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет