Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге психологиялық



Pdf көрінісі
бет127/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Есеп айырысу шоты первички
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге психологиялық 
көмек 
Балалық шақ – болашақ өмірдің сапасын анықтайтын жеке іс-әрекеттердің негіздері, 
жеке сипаттамалары мен құндылықтары бар адам өміріндегі кезең. Сонымен қатар, 
әлеуметтік, физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтан қорғалған тұлғаның өмірлік 
тәжірибесі. 
Агрессия кеңінен таралғандықтан, оның құрбандары туралы, яғни зорлық-зомбылықтан 
зардап шеккен балалар мен жасөспірімдер мәселесіне тоқталайық. 
Зорлық-зомбылық – бір адамның екінші адамға тұлғаға айналу құқығын бұзатын қарым-
қатынасы. 
Отбасындағы зорлық-зомбылық – адамның билікті сақтау және әртүрлі тәсілдермен 
(оқшаулау, қорқыту, манипуляция, қауіп-қатерлер, эмоционалдық зорлық-зомбылық, 
экономикалық зорлық-зомбылық, физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық зорлық-
зомбылық) бақылау үшін танытатын мінез-құлықтарының жүйесі. 
Сарапшылардың пікірінше, бір жағынан балаларды әлеуметтендіретін, ал екінші 
жағынан, бала зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін қарым-қатынастың үш негізгі сферасы 
бар: отбасылық білім беру (интернат түріндегі мемлекеттік мекемелер) және микро-


95 
әлеуметтік қатынастар сферасы (Г.Н.Вострокнутов). 
Зорлық актілер әртүрлі нысандарда көрініс табуы мүмкін:қарапайым лақап ат қойып тіл 
тигізуден өлтіруге дейін.
Отбасылық зорлық-зомбылықта көбіне жақтырмау (теріс көзқарас), қатыгездік (кемсіту, 
физикалық зорлық-зомбылық) және сексуалдық зорлық-зомбылық түрлері болады. 
Егер бала үй жағдайына мұқтаж болса, физикалық қауiптi ортада өмір сүрсе онда 
елемеу – ең алдымен, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе қамқорлықтың болмауы 
ретінде түсіндіріледі.Бұл жағдайда ата-аналардың мінез-құлқында баланың өмірлік маңызды 
(өмірлік) қажеттіліктерін қамтамасыз ету байқалмайды: азық-түлік, киім-кешек, баспана, 
күтім, медициналық көмек және қауіпті жағдайлардан қорғану. Мұның бәріайналып 
келгенде күйзеліс жағдайына әкеледі.
Мағынасы бойынша ең жақын – «әлеуметтік жетімдік» ұғымы немесе ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балаларды ата-аналарынан ажырату. 
Физикалық қаталдық таныту – қатал дене жазаларын қасақана немесе әдейі қолдану 
немесе балаға негізсіз физикалық қысым көрсету ретiнде айқындалады. 
Жыныстық зорлық-зомбылық – ересек адамның немесе жәбірленушіге қарағанда жасы 
үлкен адамның жыныстық қанағаттану мақсатында баланы пайдалануы. Ол әртүрлі 
нысандарда орын алуы мүмкін: азғындық әрекеттер, жыныстық қатынас немесе зорлау, қан 
араласу (инвест) сияқты әрекеттер, порнографияларды көрсету, кәмелетке толмағандарды 
жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу. 
Сексуалдық зорлық-зомбылық – не істеп жатқандарын толық түсінбейтін, келісім бере 
алмайтын, отбасылық (әлеуметтік) рольдердің шартын бұзатын функционалды түрде 
дамымаған балалар мен жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа итермелеу. 
Балаларға қаталдық таныту тікелей және жанама әлеуметтік-медициналық зардаптардың 
сипаты негізінде өлшенеді. Балаларға қаталдық танытудың сипты келесі: 
• жасайтын әрекеттерді бағалау (физикалық, жыныстық, эмоционалды); 
• олардың әсер етуінің ұзақтығы және зардаптардың (физикалық, эмоционалдық, 
психологиялық) сипаттамасы. 
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, ата-ананың балаларға қатал қарау факторларына: 
• психопатиялық ерекшеліктері мен аффективтік қозғыштығы, алкоголизм, қылмыс; 
• ата-аналардың жетілмегендігі, олардың оқшаулануы, ата-әжелері жағынан әлеуметтік-
психологиялық қолдаудың жоқтығы; 
• ата-аналар өзін-өзі бағалау қасиетінің төмендігі, стресске пен тұлғалық мәселелерге 
төзімділіктің төмендігі; 
• балаларды басқаруға ата-аналардың мұқтаж болуы; 
• қатаң моральдық стандарттар мен ата-аналардың қыңырлығы; 
• жалғыздық және ана денсаулығының нашарлығы. 
Балаларға зорлық-зомбылық қөрсетудің салдары көбінесе зорлық циклінің 
тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырылады. 
Көптеген зерттеушілер, балаға қолданылатын жазаның қатыгездігі мен ата-ананың 
отбасында қолданылатын тәсілдері арасындағы, балалардың жазалануы мен айқын 
агрессивтілігі, қылмыс жасағаны және бала күнінде зорлық-зомбылық көрген адамдардың 
мейірімсіздігі арасындағы байланыс туралы зерттеу үстінде. 
Балаларды ұрып-соғатын отбасылық ішкі жағдайларды психодинамикалық талдау – 
олардың ата-аналарының балалық шағында ауыр депривация алғандығын және 
депрессиялық, алаңдаушылықтың бұзылуынан, алкогольдік тәуелділіктен зардап 
шеккендігін көрсетеді. Олардың отбасыларында, отбасылық қарым-қатынастың авторитарлы 
түрі байқалды, ата-аналар арасындағы қақтығыстар балаларға жасампаздық-агрессивті 
қарым-қатынаста әсер етеді. Сондықтан, ата-аналар өздерінің отбасында болған тәрбие 
үлгісін қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет