ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы - «Оқушылардың даму физиологиясы»
Курс, семестр – 1/2 Білім бағдарламасының атауы және шифры –
Институт – Жаратылыстану және география Білім беру бағдарламасы тобы – Биология ББ Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі – Сейдехан Меруерт Қыдырханқызы, оқытушы Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) – +77753914619, meruert.seydekhan@mail.ru
2. Бақылау түрі (тестпен емтихан тапсыру) Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларын немесе БӨЖ орындау уакыты келесі жағдайларда (мыс: ауру, төтенше жағдай, жол апаты, күтпеген жағдайлар және т.б. ) ұзартылуы мүмкін. Білім алушының сабақ кезінде тапсырмаларды орындауы және талқылауға қатысуы пәнге қойылатын жалпы баға кезінде ескеріледі. Сабақ кезіндегі құрылымдық сұрақтар, диалог және пән тапсырмалары бойынша кері байланыстар ескеріледі, ынталандырады, және оқытушы қорытынды бағаны шығарған кезде әрбір студенттің сабаққа қатысуын ескереді.